2. Абзацтарды азат жолдан бастап, бір-бірімен логикалық түрде байланыстыра отырып, жұмыстың тұтастығына қол жеткізуді; 3. Баяндаудың эмоциялы, экспрессивті стильде болуын.
20
БАЛ ҚОЮ КЕСТЕСІ
Диапазон
Балдар
ы
5
17-20
Тапсырманы орындауда қызықты да әсерлі, қажетті форма мен өзіндік құралдарды бірегей қолданады, білім алушы пікірін сенімді де нақты білдіреді;
Катаң ұстанымы мен сәйкестендірілген құрылымы мәселені логикалық күйде дамытады;
Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған көркем тіл құралдарының аясы өте кең;
Сауаттылығы жоғары деңгейде, елеусіз қателер болуы мүмкін.
4
13-16
Тапсырмаға жақсы дайындалған, қажетті форманы қолданады, білім алушы пікірін нақты білдіреді;
Құрылымы әсерлі және сәйкес, мәселе мен деректерді талдауы нақты;
Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған құралдары үйлесімді;
Сауаттылығы жақсы, түсінуге қиындық келтімейтін қателер болуы мүмкін.
3
9-12
Қажетті ұстанымы, сәйкестендірілген формасы мен мазмұны анық, білім алушы ойын түсінікті жеткізеді;
Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ жүйеленбеген құрылым, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар;
Әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған тіл құралдары кей жағдайларда жеткіліксіз деңгейде;
Сауаттылығы орта деңгейде, (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) қажетті әсер алуды төмендетеді.
2
5-8
Қажетті форма мен мазмұны байқалады, білім алушы пікірін сирек білдіреді;
Құрылымы анық емес, нақты деректер мен дамыту қабілеті жеткіліксіз;
Тіл құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, деректендіру мен әсер ету қанағаттандырарлық күйде;
Қателер жиі (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) кездеседі.
1
1–4
Қажетті форма мен мазмұнды қолдануға ұмтылғаны байқалғанымен, көздеген мақсатқа сай емес, білім алушы мәселені түсінгенімен, өз ойын нақты жеткізе алмайды;
Құрылымы жеткіліксіз, дұрыс ұйымдастырылмаған, тақырыптан ауытқулықтар байқалады;
Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдары кей жерлерде ғана қолданылған;
Жіберілген қателер (шақтарды қолданылуы анық емес, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0
0
Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны төмен деңгейде;
Құрылымы эссеге сай емес;
Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдарын қолданбаған;
Сауаттылығы төмен, (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) түсінуге кедергі келтіреді.