Қорытынды сөйлем- абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.
Ойды толықтыру үшін аргументтер қолданылады.
Емтихан жұмысының сипаттамасы
Ж б
Білім алушылар берілген үш тақырыптың ішінен біреуін таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазу қажет. Білім алушылар тақырыпты таңдап алғаннан кейін негізгі ойды анықтаулары керек (не туралы?); мәселені тұжырымдап, ұсынылған дәлелдемелерді/талдауларды негіздеу және тілдік құралдар мен тілдік тәсілдерді орынды қолдану (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақтар, тірек сөздер мен сөйлемдер және т.б.), сонымен қатар эссеге жалпы қорытынды жасау қажет. Эссенің құрылымы:
Кіріспе (білім алушының мәселеге қатысты ойы қысқа тезис түрінде беріледі).
Негізгі бөлім (тезистер «келісемін», «жақтаймын» және/немесе «келіспеймін», «қарсымын» деген аргументтермен немесе өз пікіріне дәйекті дәлелдер келтірумен негізделуі мүмкін. Аргументтер – бұл фактілер, қоғамдағы құбылыстар, оқиғалар, тіршілік жағдайлары мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер және т.б. Әр тезиске қатысты кем дегенде екі аргумент келтірген жөн.
Қорытынды (білім алушы кіріспе, негізгі бөлімде айтылғандардың мәні мен мағынасын қорытындылайды).
Эссе жазу барысында келесілерді ескеру қажет: 1. Кіріспе мен қорытындыда көтерілген мәселеге ерекше назар аударуды (кіріспеде мәселе анықталады, қорытындыда ой түйінделеді);