Эссе жаздыру арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын бағалау «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
Дата24.03.2017
өлшемі0.8 Mb.

Эссе жаздыру арқылы оқушылардың шығармашылық 

дағдыларын бағалау 

 

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 



Рустемова Ж.Ж. 

Педагогикалық өлшеулер орталығының  

аға менеджері 

 

 Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту:  



апробация және тарату 

 

  

VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  

Шығармашылық - танымдық іс-

әрекет  


Шығармашылық дегеніміз— өзінің 

жаңашылдығымен, өзгешелігімен 

ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік 

жасайтын жеке тұлғаның бойындағы 

қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің

түрткінің (мотивтің) болуы.  

Оқушыны шығармашылыққа баулу, 

өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны 

бағалауға бағыттау - өте күрделі 

үрдіс. 


Эссе

  

Эссе  –  бұл  еркін  композицияға  құрылған,  көлемі  шағын 

прозалық  шығарма.  Нақты  бір  мәселеге  байланысты 

адамның  жеке  әсерін,  түсінігін  және  ой  толғанысын 

бейнелейді.  

 

 



Л.П. Крысин 

"Толковый 

словарь 

иноязычных слов

"  

• «Жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде 



қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» 

"Әдебиеттің 

қысқаша 

энцикпедиясы"  

•«Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және 

соған байланысты әсері мен түсінігін беруге 

тырысатын шағын көлемді және еркін 

композициялы прозалық шығарма» 

 

Жанрды қалыптастырған  М.Монтень 



(«Тәжірибелер", 1580 ж.) 

Эссенің түрлері  

Сипаттамалық  

Шығармашылық  

Анықтамалық  

Салыстырмалы немесе кереғар  

Дәлелдеме  

 Аргументтік 

 Әдеби  

Эссе жазудың талаптары  

Тақырыпты мұқият ойланып таңдаңыз.  

Тақырыптан  

ауытқымаңыз 

Негізгі бөлімді бірнеше 

абзацқа бөліңіз. 

Дәлелдерді, ақпараттарды  

жинаңыз. 

Идеялар тізімін жазып шығыңыз. 

Реттілікті сақтай отырып  

жоспарлаңыз.  

Кіріспе бөлімін жазыңыз, 

тезис ойлап табыңыз. 

Абзацтарды байланыстырушы сөз 

тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс 

қолданыңыз. 

Қорытынды бөлімін 

жазыңыз. 

Жазғаныңызды оқыңыз, 

қателеріңізді түзетіңіз. 



Эссенің құрылымдық бөлімдері  

• Тақырыптың 

негізгі мәні мен 

негіздемесі тезис 

түрінде көрсетіледі 

Кіріспе  

• Тақырыпты дамыту  

• теория, фактілер, идея, 

ақпараттар, параллелдеу, 

аналогия, ассоцация, теңеу, 

сұрақтар қою, т.б. қолданып, 

дәлелдеу  (аргументтеу) 

 

Негізгі бөлім 



• Жалпылау мен 

аргументтеріңіздің 

логикалық 

қорытындысы 

Қорытынды 

Кіріспе және қорытындыда ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе 

ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді). 


Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі сыртқы жиынтық бағалау 

1-компонент.   Оқылым мен мәтінді талдау. Құрылымы:  

1. 1 –тапсырма 2 бөлімнен тұрады: 

а) үзіндінің тілі мен стилін, ұқсастығы мен айырмашылығын 

салыстыру; 

 ә) белгілі бір аудиторияға арналған  нақты мақсаты бар мәтін 

жазу; 

2-тапсырма - ауызекі сөйлеу тіліндегі мәтінге талдау жүргізу.  



2-компонент. Жазылым. Құрылымы: 2 бөлімнен тұрады.  

А бөлімі бойынша (шығармашылық жазба жұмысы) – 3 сұрақ    

Ә бөлімі бойынша (белгілі бір аудиторияға бағытталған жазба 

жұмысы) - 3 сұрақ.  

Әр бөлімнен бір сұрақтан таңдап, жалпы 2 сұраққа 450-600 сөзден 

тұратын эссе  жазу. 

Тексерілетін дағдылар  

1-компонент:  

 мәтіндердің ерекше айырмашылықтарын 

анықтау қабілеттерін;  

 ақпараттарды дұрыс ұйымдастыру мен 

жазылымның қызметін байланыстыра алуын; 

 сөздік қоры мен нақышты сөздерді 

қолдануын (мысалы, метафора мен теңеуді 

қолдану); 

 сөздердің реті мен сөйлем  құрылымын;  

 коммуникациялық қарым-қатынасын, 

тысқары пікір мен алдын ала болжай алуын 

бағалайды. 

2-компонент 

  шығарма жазу қабілеттері мен лексикалық 

қорлары; 

 тілдің көмегімен мұқият жоспарланған әрекетті 

құра алу;  

 көңіл күйлерін  әсерлі жеткізе алу; 

 оқиғаны бейнелі баяндай алу; 

 белгілі бір стильді нақты мақсатпен жаза алу; 

 өз ойларын анық жеткізе алу; 

 аргументтер келтіре алу; 

 жүйелі және сенімді жаза алу қабілеттері 

бағаланады



Шығармашылық эссенің ерекшеліктері   

Педагог ғалым М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының 

жаратылысы соны тілейді» және шығармашылыққа бейім болады.  

 

 



«Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті 

жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге 

жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ 

баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы 

рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті».  

М. Жұмабаев. 

 

 Логикалық жүйелі ой 



 Елестете алу қабілеті 

 Сипаттап жеткізе алуы 

 Әсерлі баяндай алуы 

 Қуаныш, қорқыныш, таңқалу, т.б. 

сезімдерін жеткізе алуы 

 Аудиторияны баурап алатын айшықты тіл 

 Шығармашыл ұшқыр қиял  


Аргументативті эссе 

 Аргумент дегеніміз – логикалық 

негіздемелер, мысалдар мен зерттеулердің 

көмегі арқылы дәлелденген белгілі бір 

шешім.  

 Аргументативті эссе  – даулы тақырыпқа 

жазылған әдеби шығарма. Басқаша 

айтқанда, «қосыламын» және «қарсымын» 

деген сияқты дау тудырушы кейбір 

тезистерді қорғайды. 



Аргументативті эссенің мақсаты - аудиторияны белгілі бір көзқарасқа 

сендіру және оларды өз жағына көндіру. 

Басқа емес, тек сол ұстанымның неліктен тиімді екенін айқын тұжырымдау. 


Аргументативті эссенің құрылымдық бөлімдері 

КІРІСПЕ: 

Тақырыпты тұжырымдау; 

Тақырыптың өзектілігі; 

Біршама пікір алшақтық; 

Тақырып құрылымын қарастыру және 

негізгі ойға көшу. 



НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

Автордың алға қойған (2-3) шешімі (дәлелдері). 

Шешімдерді талқылау кезінде пайдаланылатын 

негізгі ұғымдарды анықтау. 

Шешімдерді растайтын дәлелдемелер және 

қолдау (фактілер немесе мысалдар).  

Қарсы дәлелдерді немесе қайшылықты 

шешімдерді қарастыру  (неліктен әлсіз екенін 

көрсету қажет, ал автордың мақұлдауы күшінде 

қалады)




ҚОРЫТЫНДЫ: 

Негізгі шешімді қайталау. 

Негізгі шешімді қорғайтын екі-үш ұсыныс 

сөйлем, түйінді аргументтер. 

Ұсынылған шешімдерді қабылдамаған 

жағдайдағы келетін зияндар туралы жалпы 

ескертулер және аталған тұжырымның 

пайдалы жақтары туралы жалпы 

қорытынды сөз. 


Балл қою кестелері 

Шығармашылық жазылымға арналған 

 балл қою кестесі

 

Дискурсивті/Аргументативті жазылымға 



арналған балл қою кестесі 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет