Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны Курстың мақсаты мен міндеті. (1 сағ) Эссе жазу курсының мақсаты мен міндеттері.
Эссе туралы түсінік(1 сағ) Эссе жанрының тарихы, алғашқы қолданушылары
Академиялық эссе(1 сағ)Академиялық эссе ұзақ және қысқа мерзімді қамтиды. Қысқа мерзімді академиялық эссе емтиханға бөлінген уақытта орындалады.Ұзақ мерзімді академиялық эссеге кеңейтілген эссе түрі жатады.
Эссе тақырыбын қалай дұрыс таңдау керек? (1 сағ)Эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайттындығын көрсету.
Эссенің карта-схемасын қалай дайындау керек? (1 сағ) Мәтін түзудегі нақты параметрлерді,аргумент арқылы сипаттау,тезис құрау, жазылатын эссе тақырыбын жоспарлау.
Эссе мен шығарманың айырмашылығы(1 сағ) Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін және ой толғанысын бейнелейді. .
Эссеге қойылатын талаптар(1 сағ)Эсседе айтылатын ойда идеяң, яғни пікірің айқын болу керек. Біреуге ой тастайтындай пікір айту үшін бастама керек.
Эсседегі кемшіліктер(1 сағ) – Проблема ашылмайды.
– Автордың жеке позициясы көрінбейді.
– Теоретикалық негіздемесі жоқ.
– Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.
– Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.
– Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.
– Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.
– Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.
– Логиканың болмауы.
Бақылау жұмысы(1 сағ)Эссе тақырыбы бойынша алдын-ала жұмыстар алгоритімін анықтау.
Эссеге тақырып таңдау, тақырыптың маңызы(1 сағ) Эссе тақырыбы дегеніміз не? Бұл автор үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруді талап ететін эссе атауы. Бұл тақырып туралы не білемін? Бұл тақырып бойынша ақпараты қайдан ала аламын?
Эссенің бөлімдері(1 сағ)Эссе кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Эссенің құрылымы. Кіріспе бөлімнің жазылуы(1 сағ) Кіріспе қанша сөйлемнен болуы керек? Кіріспе сөз дегеніміз не? Эссенің негізгі мақсаты туралы айтылатынсөйлемдердің орналасуы.
Тезис, оның түрлері(1 сағ)Тақырып бойынша автордың позициясын білдіретін пайымдау түрі.
Жай тезис, күрделі, цитаталы тезис(1 сағ) Аргументтер(1 сағ) Тезис дәлелі ретінде келтірілетін негіз. Логикалық аргумент – ақыл мен ой жүгінетін дәлелдер.Қоғамдық өмірдің фактілері,құбылыстары,оқиғалары,өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер,ғалымдардың пікіріне сілтеме
Негізгі бөлімнің жазылуы(2 сағ)Негізгі бөлімді жазған кезде аргументтеу теориясының қандай элементтерін қолдануды ескеру. Оқушының өз көзқарасы(1 сағ) Эссе оқушының жеке әлемі. Азамат ретінде өзіндік көзқарас, өзіндік пікір болу керек.
Қорытынды бөлім(1 сағ) Қорытынды көлемі кіріспе көлемінен (4-5) аз болмау керек. Онда мына ережелер сақталу керек: тезисті өз сөзімен қайталау, тұйықтаушы сөйлемнің соңғы сөйлемнің болуы.
Бақылау тапсырмасы(1 сағ)Эссе жазу барысында сөздіктер мен анықтамаларды пайдалану. Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Әдеби эссе(2 сағ) Әдеби эссе Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.