Достық-ұлы ұғым.
Мақсаты:
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту; 2)оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдік, менмендік, тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету;
3)Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту; Көрнекілігі:Ұлы адамдардың ойлары, ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, видеопроектор
Ұйымдастыру: Сыныпты шаттық шеңберге шақыру.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.(алма,өрік,жидек)
Қызығушылықты ояту-Ребус шешу(тәрбие сағатының тақырыбын табу)
Ассоцация құру: 1топқа -Дос деген кім?
2топқа -Дос қандай болу керек?
3 топқа -Достықтың қандай түрлерін білесің?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адаи
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам
«Сұрақ-жауап» бөлімі
1.Өзіңді қандай доспын деп ойлайсың? 2. Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз? 3.Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 4.Достық жасқа байланысты ма? 5.Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 6.Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 7. Әрбір адамға дос керек,өйткені....
8. Әке мен бала арасында достық болу мүмкін бе?
9. Адал дос табу үшін өзіміздің қарым-қатынасымыз қандай болу керек?
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде оның замандастары: -Достық нешеу?-деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет айтқан екен: -Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық. «Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа боладды, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп берген екен. Оқушылардың пікірі тыңдалады
Сергіту сәті :ән «Қайдасыңдар достарым?» (рэп,қара жорға,опера)
«Эссе жазу» тренингі Видеопроектор арқылы тесік құмыралар жайлы слайд көрсету...
«Жақсылықты көре біл» психологиялық тренинг Жағдаяттан шығу. 1.Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп тұр. Сен не айтар едің? 2.Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің? Мақалды жалғастыр 1.Кемшіліксіз ... іздеген адам ...қалады.(дос,доссыз) 2. Дұшпан ... айтады, дос ... айтады.(күлдіріп,жылатып) 3.Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...(жақ, жоқ) 4. ...жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.(киімнің, достың) 5. ... ақшаң болғанша, көп досың.... (көп,болсын) 6.Ақылсыз ...ақылды дұшпан ...( достан,иартық) 7.Досың мың ...., ... біреу болса да көп (болса да аз, дұшпаның)
Қорытынды: «Достық «ағашын құру
«Екі жұлдыз бір тілек» Қиын кезде бір-біріне көмек көрсетіңдер. Досыңды алдама, оған адал бол. Досыңды қорлама. Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. Досыңды барда да сына, жоқта да сына. Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Достарыңызбен бөлісу: |