Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы


Эссе құрылымы Қорытынды бөлім



бет3/3
Дата26.04.2023
өлшемі12,25 Kb.
#87357
түріАнықтамалық
1   2   3
Байланысты:
Эссе жазуға үйрету. Эссе түрлері. Эссенің құрылымы-melimde.com

Эссе құрылымы

Қорытынды бөлім

15-20%



Негізгі бөлім
60-65%


Кіріспе бөлім
15-20%

  • Тезис

Кіріспе бөлім - оқырман назарын аудару сөйлемдері және тезистік сөйлемнен тұрады, тақырыпқа қатысты түсінік беру, ой үзігі

Кіріспе бөлім - оқырман назарын аудару сөйлемдері және тезистік сөйлемнен тұрады, тақырыпқа қатысты түсінік беру, ой үзігі

Тезис

Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.

Негізгі бөлім

Негізгі бөлім


  • Тезиске қатысты пікір.

  • Пікірді талқылау, ойды дәйектеу, дәлелдеу, жинақтау аргументтері.

      Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін.

      Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

      1. Пайымдау;

      2. Түсіндіру;

      3. Мысал;

      4. Қорытынды пікір;

      5. Тұжырым.

Қорытынды бөлім

Қорытынды бөлім

Абзацта айтылған ойлар түйіні.

Эссені қорытындылайтын ой тұжырымы.

Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады. Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады



http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет