Эссенің түрлері
1.Салыстырмалы эссе
2.Пайымдық эссе
3.Көркем-әдеби эссе
2. Эссе құрылымы. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Эссенің құрылымдық бөліктері. Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.
Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтіндігіміз анықталады.
Неізігі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін көрсетеді.
Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.
3.Эссе дегеніміз – ғылыми емес, автордың жеке көзқарасы мен ішкі ойын білдіретін прозалық мәтін. Егер шығармада автор жеке ойын барынша білдірмеуге тырысса, эсседе, керісінше автор жеке ойын білдіруге, оны дәлелдеуге тырысады. Эссені түрлі тақырыпта, түрлі сала бойынша жазуға болады. Мәселен, әлеуметтану, саяси, қоғамдық, публицистикалық, әдеби, тарихи тақырыптарда жазыла береді. Ал шығарма әдеби жанрға жақын болғандықтан, ол көркем тілмен жазылады.
Шығарма – оқушының әдебиеттен, халық әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымымен ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық жұмысы. Оқушы шығарманы көркем тілмен жазып, ой-пікірі мен көзқарасын терең талдап пайымдап, әсерлі, жүйелі, әдеби түрде баяндап беруі тиіс.
Эссе шығармаға қарағанда еркіндеу. Көркемдік-публицистикалық жанрға жақын, құрылымы тұрақты емес. Ал шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын жұмыс. Онда оқушы пәннен алған білімін барынша ортаға салып, көркем мәтінді қал-қадірінше талдап шығуы керек.
Эссенің жоспарын құру міндетті емес. Ал шығармада жоспар болуы тиіс әрі сол жоспар бойынша жазылады.
Шығарманың мақсаты – оқушының жазу тілін, сөз саптау мен логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық қиялын жетілдіру мен алған әдеби білімін бойына сіңдіру. Оқушының әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алуы маңызды.
Ал эссенің мақсаты – оқушының сыни ойлау қабілетін дамыту. Оның көзқарасы мен ұстанымын дәлелді түрде бекіту, тақырыпты ашу үшін бар танымдық білімін ортаға салу, шығармашылық қабілетін шыңдау, жазу тәсілдері мен стильдерін таңдай алуын жетілдіру, ойын жеткізу кезінде сөз оралымдарын дұрыс қолдану, сөздік қорын байыту сынды қабілеттерін қалыптастыру үшін жазылады.
Жоспар:
Толғау
А. Байтұрсынұлының толғауға берген анықтамасы.
1.Толғау - қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған жанр. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "санатна-сыятырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқұрттар "қобайыр" деп атайды.
Ноғай мен құмық әдебиетінде ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13 - 14 ғасырларға сәйкес келеді. 15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті өкілдері Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Дулат, Махамбет, Базар, т. б. Генетикалык жағынан магиялық функциясы болғаны байкалады. Хандык дәуірде аса зор идеологиялық мәнге ие болды. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі бейнелеу тәсілі - дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, біртіндеп тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады.
Ахмет Байтұрсынұлы толғау түрлерін өзінше жіктеген. Атап айтсақ: сап толғау, марқайыс, налыс (мұңайыс), намыстаныс, сұқтаныс, ойламалдау. Ахмет атаған толғау түрлері әлі де арнайы зерттеуді қажет етеді.
Қазақ ұлтының өзіне ғана тән бірнеше сөз арнау дәстүрі бар. Толғау мен терме соның бір көрінісі. Халқымыз ықылым заманнан келешек тағдырына алаңдаушылық білдіргені тарихтан мәлім. Келешек тағдыры дегенде ел мен жерді, ұрпақ тәрбиесін, тілді, дінді айтып отырмыз. Осы қасиеттердің ұрпақ санасына сіңіріп, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәстүрге айналған. Осы мақсатта терең мәнді терме, толғаулар өмірге келді.
2.Толғау мен терменің табиғатын ажыратуға арналған тұңғыш зерттеу Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі болды. Аталған еңбегінде ғалым толғау мен термеге анықтама беріп, ара жігін ажыратуға талпыныс жасайды. Бұл туралы жоғарыда айтып өттік.
ХІХ ғасырға дейінгі қазақ ақын-жырауларының мұралары толғау деп аталып келеді. Ал терме атауы ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларына байланысты қолданысқа енді. Бірақ соған қарап ХІХ ғасырға дейін қазақ сөз өнерінде терме болған жоқ деген пікір туындамайды. Өйткені, ғайыптан ешнәрсе пайда болмайтынындай, оның да алғашқы бастамасы болуы шарт. Олай болса терменің шығу төркінінде қандай да бір бастама болуы тиіс. Егер А.Байтұрсыновтың толғау жайлы берген анықтамасына сүйенер болсақ, ХҮ–ХҮІІІ ғасырдағы жыраулардың толғауларының басым бөлігі толғаудан гөрі термеге жақын. Мәселен, Бұхар жыраудың «Тілек» деп аталатын толғауы бір нәрсе төңірегінде айтылмай, бірнеше мәселені қамтып кетеді. Бірақ соған қарамастан «Тілекті» толғау деп атап жүрміз. Осы сияқты мысалдар баршылық. Демек, терме, толғау жанрлары ғасырлар бойғы даму сатысында тақырыптық, жанрлық жағынан кірігісіп, өздерінің бастапқы ерекшелігінен ажырап қалған. Яғни, сыртқы пішіні мен мазмұны өзара үйлесіп, бастапқы кездегі терме толғау деген атауды иеленіп кеткен. Әрине, бұл - нақты кесіп, пішкен тұжырымы деп айтудан аулақпыз. Осы жерде қазақ жырауларының байырғы мұраларын терең талдап, олардың шығармаларын жанрлық жағынан екшелеу қажет деген ойға келеміз.
Бүгінгі тақырыбымызға тұздық ретінде Дулат Бабатайұылының "Ақындық туралы" атты тамаша толғауын мысалға алайық. Ақын "Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай... сорғалаған нөсердей" жырында:
Қайырсыз, сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым.
Сана беріп ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, кайғы алған,
Қайғылыны уаттым... –
деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындық мұратын — ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.
Жоспар:
Шығарма дегеніміз не?
Шығарманың сызба құрылысы.
1. Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.
Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі. Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой. Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі. Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады. Мұғалімнің педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.
2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
2. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударғаны мына сызба жүйені есте сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)
2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)
Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы орындау мүмкін емес. Бірақ шығарманы талдай білу үшін осы жолдарды білу қажет деп ойлаймын. Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:
1. Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.
2. Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.
3. Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.
4. Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу қажет.
5. Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.6. Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау керек.
7. Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.
8. Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.
9. Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау керек.
10. Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.
Міне, осы талаптарды мұғалім оқушы шығарма жазар алдында үнемі ескеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |