Әдеби-дәлелдеме эссеге құрылымдық талдау КІРІСПЕ Тақырыпты түсіну сөйлемі: Қодар роман-эпопеяда жалғыз ұлы қайтыс болып, келіні мен немересін сүйеніш еткен қайғылы кейіпкер бейнесінде танылған.
Тақырыптың өзектілігі: Ол ауыл-аймағы жайлауға көшкенде, қонысын аударуға күйі келмей ескі жұртта қалып қояды. Оның көшпей қалуы туралы ел арасында жағымсыз сөздер тарай баастайды. Келінімен жақын қатынаста болды деген айыппен Қодар мен Қамқаны өлтіру ұйғарылады.
Тезис: Менің ойымша, Құнанбай шешімі дұрыс.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1 - абзац Тезисті қолдаушы пікір Қодар мен Қамқаны өлтірмеске Құнанбайдың амалы болмады деп шарасыздық танытып сөйлейді.
Аргументке дейінгі баяндау(уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар т.б.) Ру басыларының жиынында Сүйіндіктің сөзіне:
Аргумент «Тергесең, Қодар сұмдығын аңыз қып, көпке жайып әкеткен елді терге. ...Ел аузына қақпақ болып көрші», -
Талдау (анализ) деп шарасыздық танытып сөйлейді. Автор Құнанбай мен Сүйіндік арасындағы тайталас арқылы оқиғаның өріс жайып, шарықтап кеткендігін жеткізеді. Анық-қанығы айқындалмаса да, елге тыйым салу қажет.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем Сондықтан Құнанбай үкімінің өлім болуы шарасыздықтан туындаған.
2 - абзац Тезисті қолдаушы пікір Оған қоса, романнан тыс туындылар да шешімнің әділдігіне сендіреді.
Аргумент Бұған Ш.Құдайбердіұлының «Қодардың өлімі» поэмасында: «Ел бұзатын ерсі істі өршітпеске, дарға асып, таспен атқан өз ағасы»...
Ғалым Т.Жұртбай «Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөз» мақаласында «Атасы мен келінінің арасындағы зинаны тыю үшін Құнанбай дала заңына сүйене отырып, оларды қоғамнан аластау туралы үкім шығарады. Екеуін дарға асып, болашақта басына жастардың келуі мүмкін деп қауіптеніп, опасыз оқиғадан ескерткіш қалмау үшін денелерін қара жерге де бермей, өртеп жіберген. Бірақ романда Қодар жазықсыз кедей ретінде суреттеліп, күнәсіз жандарды Құнанбай жер үшін өлімге қиған болып, өмірлік шындық көркемдік шындыққа айналып кете береді», - дейді.