Эссе «Менің эмоциялық әлемім және оны басқару» Мен интроверт адаммын.Көпшілік ортада бірінші боп араласып, тіл табысуым Қиын.. Бірақ өз ортамда,жаныма жақын ортада өзімді еркін сезініп ашық сөйлесемін. Өзімнің шынайы эмоцияларымды тек сол ортада көрсете аламын.Осыны бір кемшілігім деп айта аламын,себебі мені тұйық жан деп ойлап жатады.Осылай өз эмоцияларымды еркін көрсете алмағандықтан болар тұйықтала бастағаным.Сонда да өз адамдарыма қашан да қолдан келгенше көмектесіп,солармен бірге уақытымды көңілді өткіземін.Әр адам өз эмоциясын басқаруы керек.Эмоциялық реакциялар біз айналамыздағы әлемге бейімделу үшін қажет және эмоцияны басқара алсақ, бейімделу жақсы болады,біз бақытты әрі табысты боламыз.Эмоциялық реакцияларды басқару үшін,өзіңіздің сезіміңізге және басқа адамдардың жағдайына ашық болу керек,оларды қабылдауға дайын болыңыз.Сондай-ақ өзіңізге және басқа да жандардың эмоционалдық әлеуетіне әсер ете аламыз.Адамның эмоциясы болғанда бұлшық еттері жұмыс істей бастайды.Мысалға,маңызды немесе қорқынышты нәрсе болғанда адам уайымдап,қобалжып,үнемі соны ойлаумен жүреді.Адам өмірі эмоцияға толы. Эмоциялар адамды жаңа белесті бағындыруға тәуекелге итермелейді, реніштен жылатады, махаббат үшін өзіңді құрбан еткізеді. Эмоциямызды сыртқа шығаруға ойларымыз ғана емес, ақылдың оңтайлы ұстанымдарын жеңіп шығатын ниет пен әрекеттеріміз де еріксіз мәжбүрлейді. Ашу, өкпе, қызғаныш сынды жағымсыз эмоциялар көбіне бақылаудан шығып, өмірімізді қиындатып жіберетін кездері болады.Абайсыз айтылған сөз, ойластырылмаған әрекеттер, албырттықтан туатын барлық жағдайды бірнеше секундқа басқаруды үйрену керек. Сонымен, менің айтқым келгені әр адам эмоциясын басқара білу қажет,сол арқылы біз айналамызға әсер етеміз.Адам көңілді жүрсе өмір жасы ұзарады деседі,сондықтан бәріміз көңілді әрі өмірімізге мәз болып жүрейік.