Фиолетовый и Зеленый Иллюстрация Социальное и Эмоциональное Обучение сэо трудные Эмоции Образование Презентация



Дата10.10.2024
өлшемі2,46 Mb.
#147582
Байланысты:
психология 3


Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері, эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияны басу
Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Эмоция (фр. emotion, лат. emoveo —толғану) — адам мен жануарлардың
сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты жауап реакциясы.
Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің және өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату және осы ақпаратты ойлау мен іс- әрекетте қолдану» деп түсіндірді.
эмоцияларды басқара алу,
өзіндік эмоцияларды тану
өзіндік мотивация
өзге адамдардың эмоциясын тани білу.
Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды:
Эмоцияларды ойлау мен іс-әрекеттің нәтижелілігін арттыру үшін қолдану. Эмоцияларды зейінді маңызды оқиғаларға бағыттау үшін қолдану, міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын эмоциялар туғызу (мысалы, жақсы көңіл-күйді шығармашылық идеялар туғызу үшін қолдану), көңіл-күйдің толқуын мәселені әр түрлі тұрғыдан талдау құралы ретінде қолдану қабілетінен тұрады. я.
Эмоцияларды басқару. Эмоцияларды қадағалау, жағымсыз эмоциялардың қарқындылығын тӛмендету, өз эмоцияларын, оның ішінде жағымсыздарын да ұғыну қабілеті, эмоциялық тұрғыда артылған мәселелерді олармен байланысты жағымсыз эмоцияларды басып-жаншымай шешуге қабілеттілік. Тұлғалық өсуге және тұлғааралық қатынастарды жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Эмоцияларды түсіну. Эмоциялар кешенін, эмоциялар арасындағы байланыстарды, бір эмоциядан екіншісіне ӛтуді, эмоциялардың себептерін, эмоциялар туралы вербальды ақпаратты түсіну қабілеті.
Эмоциялардың идентификациясы. Эмоцияларды қабылдау (яғни эмоциялардың бар екендігін байқай білу қабілеті), оларды идентификациялау, бара бар білдіру, шынайы эмоциялар мен олардың жасандылығын ажырата білу сияқты өзара байланысты бірқатар қабілеттерден тұрады.
•Көбіне адамдар қандайда бір әрекетке, сөзге, оқиғаға қатысты алғашқы, бір сәттік эмоцияларына өкініп жатады. Мұны психологтар «триггерлер» деп атайды. Абайсыз айтылған сөз, ойластырылмаған әрекеттер, албырттықтан туатын барлық жағдайды бірнеше секундқа басқаруды үйрену керек. Ол үшін арнайы амалдар қарастырылған
1. Сіз өз эмоцияларыңызды таңдамайсыз, өйткені олар мидың біз басқара алмайтын бөлігінде пайда болады.
2. Эмоциялар адамгершілік ережелеріне қарсы келеді. Олар жаман да, жақсы да, дұрыс та, бұрыс та емес. Бұл жай ғана эмоция.
3. Сіз өзіңіздің эмоцияларыңызға жауап бересіз.
4. Сіз эмоцияны баса аласыз, бірақ одан арыла алмайсыз.
Сіз оларды елемеген сайын, соғұрлым күшейе түседі.
7. Эмоциялармен күресудің жалғыз жолы - оларды сезінуге мүмкіндік беру.
Ендеше эмоцияны басқару тезникаларының бірнешесін қарастырайық
Терең тыныс алыңыз, кейін баяу деміңізді шығарыңыз. Тыныс алуды 5 секундқа кідіртіңіз де, диафрагмаңызға барынша назар аударуға тырысып, баяу дем алыңыз. Кеудеңіз ауаға толғанын сезініп, 20-ға дейін санап, баяу деміңізді шығарыңыз. Жағымсыз эмоцияларды тоқтату үшін әр дем шығарған сайын олар қара будақталған бұлт сынды денеңізден шығып жатқанын елестетуге болады. Эмоцияңыз толықтай сіздің басқаруыңызға өткенше дем алудың осы түрін қайталай беріңіз.
Aшу, ыза, реніш, қызулықты әдепті түрде шығаруға тырысыңыз. Сізді түсінетін досыңызға хабарласыңыз, онымен кездесіп, сезіміңізді сипаттап, оқиғаның мән-жайын баяндаңыз. Физикалық жаттығулар арқылы да эмоцияны шығаруға болады. Тіпті әуеннің ырғағымен секіріп билеп, айқайлап алу да көмектеседі. Көз жасына ерік бер деген кеңес те жарайды. Сізді жабыңқы сезіндіретін гормондар жаспен бірге ағзадан шығады. Егер ішіңізде агрессияны сезінсеңіз, күшпен сынасатын спорт түрлерін таңдаңыз.
Қорытынды
Өз эмоцияларын басқара алуды үйренген адам,
өз өмірінің қожайыны болмақ
Шамадан тыс эмоциялар демалу мен тыныс алуды қиындатады. Эмоцияны басқару қабілеті - дамыған жеке тұлғаның белгісі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет