Эссе. СӨЖ. Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы



бет2/2
Дата14.03.2022
өлшемі97,13 Kb.
#27913
1   2
Негізгі бөлім.



1992  жылы  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  сессиясында  республикамыздың  Туы,Елтаңбасы  және  Әнұраны  қабылданды.Тудың  жобасын  жасаған  Шәкен  Ниязбеков.Ал  Елтаңбаның  авторлары  Жандарбек  Мәлібекұлы  және  Шота  Уәлиханов.Республикамыздың  Әнұранын  ақын  Жұмекен  Нәжімеденов  пен  Нұрсұлтан  Назарбаев,ал  әнін  ШәмшіҚалдаяқов  жазған. Бүгінгі  таңда  елімізде  130ға  жуық  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкілдері  татутәтті  бейбіт  өмір  сүріп  жатыр. Қазақ  жеріне  әр  түрлі  себептермен  қоныс  аударған  көптеген  ұлт  пен  ұлыстардың  бірлігін  қазақ  халқы  үлкен  парасаттылықпен  бірлікке  үндей  отырып  сақтап  келеді.Соның  арқасында  қазақ  және  басқа  этностарды  қазақстандық  патриотизмге  тәрбиелеу  ісі  әрі  қарай  өз  жалғасын  табуда.Адамдар  арасындағы  достық  қарымқатынас,әлеуметтік  топтар  мен  халықтардың  жалпыұлттық  келісімде  өмір сүруідамудың  маңызды  факторы  болып табылады.Мемлекеттілк рәміздер жас, тәуелсіз  мемлекетті  және  тарихи  дәстүрлердің  сабақтастығын  куәландырады.Тудың,  Елтаңбаның,  Әнұранның  мәні  мен  мағынасын  түсіндіру  Тәуелсіз  Қазақстанның  болашақ  азаматтарын  тәрбиелеудің  негізін қалаушы  бақтардың  бірі.  Әрбір адам   рәміздердің  рөлі  мен  мәнін  түсініп еліміздіңТуын,  Елтаңбасын  және Әнұранын  қастерлеуқажет.Зеңгір  көк  түс біздің  ғаламды,  аспанды,  ауаны  және  құрлықты  бейнелейді.  Зеңгір  көк  түс  бірлесу  идеясына  берілгендігін  бейнелеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  барлық  қалықтарда  бейбітшіліктің,  тыныштық  пен  тоқшылқтың  бейнесі  болған  бұлтсыз  аспанды  еске  салады.  Мемлекеттік  Тудың  бір  түсті  болуы  мемлекеттің тұтастығын  білдіреді. Сәулесін  шашқан  алтын  күн  мен  дала  қыраны  бүркіт  бейнесі  және  ұлттық  оюөрнек Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік  Туының  негізгі  элементтері  болып  табылады. Қазақстан  Туындағы  күн  республикасының  жалпы  адамзаттық  құндылық  пен  әлемді  қоғамдастыққа  әуестігін  көрсетеді,  әлемдегі  барлық  елдер  мен қарым қатынасты  нығайту  үшін  ашықтығын  білдіреді.Өз  сәулесіне  шомылған  алтын  күнтыныштық  пен  байлықты  бейнелейді. Қазақтың  дүниетанымындағы  бүркіт  бейнесі  өте  маңызды  орын  алады,  өйткені  онымен  бостандық,  өзінөзі  қастерлеу  сезімі,  батырлық  жоғары  идеал,  көкіректің  кеңдігі  және  ой - өрістің  тазалығын  көрсетеді. Зеңгір  көк  түсбіздің  ғаламды,  аспанды,  ауаны  және  құрлықты  бейнелейді.  Зеңгір  көк  түс  бірлесу  идеясына  берілген-дігін  бейнелеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  барлық  қалықтарда  бейбітшіліктің,  тыныштық  пен  тоқшылқтың  бейнесі  болған  бұлтсыз  аспанды  еске  салады.  Мемлекеттік  Тудың  бір  түсті  болуы  мемлекеттің  тұтастығын  білдіреді. Сәулесін  шашқан  алтын  күн  мен  дала  қыраны  бүркіт  бейнесі  және  ұлттық  оюөрнек Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік  Туының  негізгі  элементтері  болып  табылады. Қазақстан  Туындағы  күн  республикасының  жалпы  адамзаттық  құндылық  пен  әлемді  қоғамдастыққа  әуестігін  көрсетеді,  әлемдегі  барлық  елдер  мен қарымқатынасты  нығайту  үшін  ашықтығын  білдіреді.Өз  сәулесіне  шомылған  алтын  күнтыныштық  пен  байлықты  бейнелейді. Қазақтың  дүниетанымындағы  бүркіт  бейнесі  өте  маңызды  орын  алады,  өйткені  онымен  бостандық,  өзін-өзі  қастерлеу  сезімі,  батырлық  жоғары  идеал,  көкіректің  кеңдігі  және  ой - өрістің  тазалығын  көрсетеді. Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi .Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түрк халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. [Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады. Қыран бейнесі жас зайырлы Қазақстанның әлемдік өркениеттің шыңына шығуға талпынысы идеясынан туындаған. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген.



— Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Гимн

 Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,


Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Қорытынды.

Ойымды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Мемлекеттік рәміздер — біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар тәуелсіздіктің біртұтас қасиетті бейнесін білдіреді. Өйткені біз Тәуелсіздік пен Мемлекеттілікті ұлтты сақтаудың алғашқы негізі, ең зор құндылық ретінде қабылдаймыз.»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет