Эссе тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі



Дата03.12.2023
өлшемі50,02 Kb.
#134054
Байланысты:
эссе философия (копия)



ЭССЕ



Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі

.


Философия – бұл философиялық ойшылдардың алдыңғы ұрпақтарынан мұра боп қалған тамаша құндылық, жинақталған білім қоры. Философия тарихының әр кезеңінен осы қордың жиналған үлкен көлемді орнын, қоймасын табуға болады, міне, адамзатты өмір бойы осы қызықтырды да, ойға батырды, әрі кейде қорқыныш та ұялатты. Ондағы барлықтың бәрін көру үшін өмірің жетпеуі де мүмкін. Сондықтан адамға өзіне қажеттіні таңдау керек. Бұл – белгілі-бір философиялық идеяны, теорияны зерттеу. 
Философияның рөлі туралы пікірлер – бүгінде өте кең. Бағалау, біріншіден, субъективті себептерге, философияның орнын және оның әлеуметтік мәртебесін бағалайтын адамның жеке тәжірибесіне байланысты. Егер адам «кәсіби» философ болса, философияны бағалау жоғары болады. Екіншіден, бағалау объективті себептерге де байланысты.
Жалпы алғанда, философия бүгінгі күні XXI ғасырда қатаң дағдарысты бастан кешкенін мойындау керек. Философия дәл осы ғасырда «ғылымға», «мәдениетке» және «өнерге» айналуға мәжбүр. Философияның бүгінгі түсініксіз мәртебесіне философиямен кәсіби айналысатындар да нақты пікір айта алмауда.Философтардың ойлар мен көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.
Философия қазіргі Қазақстандағы үшінші жаңғыруды дамыту мен жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ол елдің алдында тұрған негізгі проблемалар мен міндеттерді түсінуге көмектеседі және оларды шешудің философиялық тәсілдерін ұсынады. Біріншіден, философия үшінші модернизацияның мақсаттары мен міндеттерін анықтауға көмектеседі. Ол елдің дамуының негізінде жатуы тиіс негізгі принциптер мен құндылықтарды анықтауға көмектеседі. Философиялық талдау қалаған болашаққа жету үшін қандай өзгерістер қажет екенін және осы жолда қандай кедергілер туындауы мүмкін екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Бүгін, біздің алдымызда «Қазақстан – 2050» Стратегиясында белгіленген жаңа міндеттер тұр. Сана мен ойлаудың бұрынғы моделін сақтай отырып, дамудың жаңа сапасына қол жеткізу мүмкін емес. Әлем өзгереді, біз онымен бірге өзгереміз. Жаһандану үдерісін тоқтату мүмкін емес – бұл прогресті қозғап, жойқын дауылға айналуы мүмкін апат. Бұл бір жағынан соңғы технологиялық жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан – проблемалардың тұтас кешенін туындатады.
Сонымен Қазақстанның Үшінші жаңғыруы қалай болмақ? Бұл сұраққа Президент Жолдауында: «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» деген жауап берілді. Бұнда экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған негізгі бес басымдық қарастырылады.Елбасы білім саласын дамыту туралы айтқанда, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін алға тартады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға назар аударады. Ал Үкіметке жүктелген тапсырмалар қатарында үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу белгіленді. Бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет».
Сонымен, Қазақстандағы үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия маңызды рөл атқарады. Ол даму мақсаттары мен міндеттерін анықтауға, стратегия мен іс-қимыл жоспарын жасауға, адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеруге және қоғамда диалог пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет