1 Практикалық сабақ: Философияның пәні мен әдісі Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері



бет1/4
Дата06.04.2023
өлшемі24,4 Kb.
#80034
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
1 семинар


Ф-ӘД-001/046

1 Практикалық сабақ: Философияның пәні мен әдісі
Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері:
1. Философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттай алады;
2. Дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздей алады;
3. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасай алады.
Практиканың жоспары:
1. Философия және дүниетаным
2. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері
3. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі
4. Философияның пәні, қызметтері, міндеттері мен алатын орны
Практикалық сабақтың мазмұны:
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
• Мифология
• Дін.
• Философия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет