Эссе Тақырыбы: Балалардың дамуына әсер ететін факторлар. Орындаған: Есенгелді н тобы: 1901-19 Қабылдаған: Омар А



бет2/3
Дата07.11.2022
өлшемі59,21 Kb.
#48249
1   2   3
1.Сөздік әдістер : әнгімелеу, әнгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс істеу.
Әнгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді.
Әнгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар :
- әнгімелеу мазмұны маңызды, оқу бағдармадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;
- мұғалім әнгімелеумен бірге сурет, көрнекілік пайдалануы тиіc.
Арнайы мектеп оқушыларының зейін ерекшкліктерін ескере отырып әңгімелеу бір маңызды оқиға туралы болуы тиіс сондықтан оқушыларды жиі сұрақпен алаңдатпау керек. Арнайы мектептерде әңгімелеу ұжыммен бірге жүргізуге болады.
Әңгіме – оқытудың ең көп тараған әдісі. Әңгіме әдісі-сабақта сұрақ-жауап түрінде және сабақтың кез – келген кезеңінде қолданылады: үйдегі және өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, үй жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты.
Түсіндіру – арнайы мектепке түсіндіру бастауыш сыныптарда бес-жеті минут, жоғары сыныптарда он, он бес минуттан аспайды, ойткені бұл әдіс мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қиын, себебі таным процестерінің толық жетілмеуі. Арнайы мектеп оқушыларына түсіндіру әдісін қолдана отырып, мұғалім олардан қалай нені түсіндіргенін әр қашан үздіксіз, тұрақты түрде тексеруі тиіс.
2.Көрнекілік әдістеріне көрнекі құралдарды пайдалану жолдары жатады. Көрнекі құрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Себебі кез – келген көрнекі құрал түсіндірмелі, талданады, зерттелген мәселе бойынша негізі не қосымша көз қайнары болып табылады. Арнайы мектеп оқушыларының қабылдауы психолгиялық қерекшіліктері көрнекілік әдәстерін жүзеге асырудағы өзгешілігін анықтайды.
Шеру әдісі - тәжірибелерді, приборлар, препараттар, табиғи нысандарды, кинофильмдерді т.б. көрсету арқылы жүзеге асадыИллюстрация- әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды ( плакат, карталар, сурет, портреттер, карталар) көрсетуге болады.
Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып бөлмелерінде химия, биология пәндерінен, мектептің оқу-тәжірибе аймақтарында еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша жүргізледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады.
Түзету –педагогикалық жұмысының нәтижесі көрнекілік әдістерінің практикалық әдістермен бірге қолданған жағадайда жоғарлайды
Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушылардың икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет