Тақырыбы: Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы. Микроэволюция. Макроэволюция



бет1/5
Дата14.09.2023
өлшемі176,44 Kb.
#107088
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

СӨЖ


Тақырыбы: Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы. Микроэволюция. Макроэволюция.

Орындаған:


Тобы: 1505-11
Қабылдаған: Бекайдар Таңсұлу

Шымкент-2021 жыл


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Эволюция түсінігі
2. Микроэволюция
3. Макроэволюция
ІІІ.Қорытынды


Эволюция түсінігі. Эволюцияның бірнеше анықтамасы бар:
1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайтымсыз үдерісі.
2. Биологиялық жүйелердің біртіндеп, артық немесе кем жетілуінің
бағытталған үдерісі.
3. Тірі ағзалардың қарапайым (қарабайыр) формадан едәуір күрделі
(жетілген) формаға баяу өзгеру үдерісі.
4. Тірі нысандардың ұзақ уақыт бойы жетілуі.
Басқа да анықтамаларды тұжырымдауға болады. Бастысы - эволюциялық дамуды барлық баспалдақтары жоғары қарай бірінен кейін бірі бірдей жылдамдықпен жылжитын эскалатордың бірқалыпты қозғалысына теңестіруге болмайтынын түсіну керек. Эволюция – күрделі әрі әртүрлі сипатты үдеріс. Сендерге ғаламшардағы тіршілік әрқашан қазіргідей болмағаны белгілі. Бұрын мамонттар мен динозаврлардың, үңгір аюларының және қылыштісті жолбарыстардың тіршілік еткені туралы білесіңдер. Көптеген тірі ағзалар салыстырмалы түрде жақында пайда болған. Мысалы, ит, мысық немесе торғайлар тарихи тұрғыда қой, теңіз жұлдызы немесе акуладан бірнеше есе жас. Эволюция тарихи үдеріс ретінде әрдайым бірдей жүрмейтінін түсіну керек. Ағзалардың әртүрлі жүйелік топтарындағы эволюциялық түрленулер жылдамдығы елеулі түрде айырмашылық жасайды. Қандай да бір уақыт аралығында топтардың бірі басқасынан тезірек дамиды, ал басқа кезде оның тарихи дамуы толығымен тоқтайды.
Біз органикалық дүниенің 5-6 млн жылдан кейін қандай болатынын және оның жалпы сақталатынын не сақталмайтынын білмейміз. Эволюция үдерістерінің заңдылықтары өте күрделі және қазіргі кезде де соңына дейін зерттелмеген. Бірақ бізге эволюция не үшін жүретіні белгілі. Эволюциялық ілім жасаудағы Ч. Дарвиннің еңбегі зор. Оның ұлы жаңалығына көптеген ғалымдардың еңбегі алғышарт болды. Эволюция түрдің қоршаған ортаға бейімделу және біртіндеп күрделену үдерісі екенін өз теориясында Ж.Б.Ламарк та дәлелдеді. Дарвин эволюция себептерін дүрыс түсіндіріп берді. Сондықтан оның биологиядағы рөлі зор.
Чарлз Дарвин «Эволюция не үшін жүреді?» деген сұраққа жауап беріп, дұрыс эволюциялық ілімді тұжырымдады. Эволюциялық ілім пайда болған сәттен бастап, биологияда эволюциялық принцип басым, яғни барлық келесі
1
жаңалықтар эволюциялық тұрғыда қарастырылады. Ч. Дарвиннің жаңалығы биология ғылымының одан әрі даму барысын болжады. Көбею шексіздігі (санның мөлшерден көптігі) дегеніміз - бұл тірі ағзалардың дәл осы нақтылы жағдайларда тірі қала алатын үрпақтарды көбірек өндіретін ортақ қасиеті.
Е ртедегі кесірткелердің эволюциясы
Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы жаратылыстанудың көптеген салаларының мәліметтеріне сүйенеді, сол себептен оны кейде эволюцияның синтетикалық теориясы деп те атайды. Ол эволюциялық процестің екі деңгейін ажыратып көрсетеді: микроэволюция және макроэволюция.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет