3.Практикалық және лабораториялық әдістерде оқушылар көбінде еңбек, сурет, табиғаттану сабақтарында, мектеп жанындағы бақшаларда орындайды. Жұмыстар нақты тақырыптар бойынша, оқушылардың алдын ала жақсы дайындығымен өтеді. Оқушылар алдын ала еңбек және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелері, еңбекті ұйымдастыру мәдениетімен таныстыру керек.
Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау барысында практикалық тапсырманың шешілу тәсілдерін өздері іздеп табуы керек, ал сол кезде міндетті түрде мұғалім қалай орындалып жатқаның бақылауы міндет.
Арнайы мектепте практикалық жұмыстардың түрлері: еңбек және әлеуметік –тұрмыстық бағытттау, заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарында жиі қолданады. Практикалық әрекетінде мұғалім оқушылардың біріккен әрекетін ұйымдастыру формалары өте маңызды.(мұғалім көмегін байқап мөлшерін анықтап көрсеткен жөн, сол көмек оқушылардың ынта дербестігін дамытуға кедергі жасамауы керек.
Жаттығулар- оқушылардың іскерлік қабілетті, дағдысы, жаттығу жұмыстарының процесінде қалыптасады.
Жатығулардың түрлері: ауысша жаттығулар, жазбаша жатығулар, сыныпта үй жағдайында орындалатын жаттығулар. Жаттығулар арнайы мектептерде оқушылардың жасаған қателіктерін түзетуге мүмкіндік береді. Кемтар балалар үшін жаттығулардың қиыншылығын мөлшерлеу қажет, түрлі нұсқаларын пайдаланған тиімді болады.
Қорытындылай келе: Сонымен негізгі мақсатына қол жеткізу үшін түрлі әдістер жүйесін пайдалану қажет. Оқыту әдістері арнайы оқытуда кешенді пайдаланылады және олар арнайы оқытуда кешенді пайдаланылады және олар нақты оқушыларға тиімді болуы мұғалімнің білік пен шеберлігіне тәуелді.
Пайдаланылған әдебиеттер: https://thelib.info/menedzhment/225921-d-1241-ris-5-arnajy-bilim-berudi-1187-o-1179-ytu-1241-disteri/
Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.