Эссе тақырыбы «Инклюзивті білім беру дегеніміз не?» Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді іске асыру әлемдегі көптеген елдерде, танымал бола түсуде деп толықтай айта аламын. . Инклюзивті білім беру дегеніміз денсаулығына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына және жеке қабілеттерінің айырмашылықтарына қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосуға бағытталған мемлекеттің білім беру саясатының құрамдас бөліктерінің бірі. Әр адамның білім алуға құқығы бар. Сондықтан кез-келген мемлекеттің міндеті-оның барлық азаматтарына оқуға мүмкіндік беру болып табылады. Дәл осындай мақсат инклюзивті білім беру бағдарламасының алдына қойылды.
Көптеген елдерде инклюзивті білім беру кеңінен іске асырылып жатқандықтан, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Арнайы кабинеттер ашылуда, білім беру мекемесіне кіру, шығу, сондай-ақ, көзі нашар көретін балалар үшін қабырғаны сары түске бояп олардың қауіпсіздігі үшін барын жасайды.
. Әр түрлі білім беру мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар балалар бір мектепте бір бағдарлама бойынша оқиды. Бұл тек дамуында ерекшелігі балалар ғана емес, дарынды балалар да болуы мүмкін. Менің көзқарасым бойынша, балалардың ата-аналары екі жағынан да инклюзивті білім беруге дайын емес. Бүкіл әлемде инклюзивті білім беру қырық жылдан бері қолданып келеді. Біз бұған біртіндеп қазір ғана жеттік. Инклюзивті білім берудің арқасында қалыпты бала қамқорлық жасауды, назар аударуды үйренеді, қарым-қатынас дағдыларын белсенді дамытады. Балалар дамуында ерекшелігі бар балаларға шығармашылық дағдыларды игеруге көмектеседі, осылайша одан да жетілдіріледі.
Өз кезегінде, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар инклюзивтік ортаға түсе отырып, неғұрлым кең қарым-қатынас шеңберіне ие болады, бұл олардың әлеуметтену деңгейін арттырады. Сондай-ақ инклюзивтік сыныптарда неғұрлым мазмұнды оқу бағдарламалары қолданылады, бұл оқушылардың неғұрлым жоғары академиялық жетістіктеріне алып келеді. Артықшылығы-шағын топтарда оқыту, бұл тапсырманы шешуде жақсы нәтиже алу үшін бір топтағы балаларды біріктіреді.
Дені сау балалар мен даму ерекшеліктері бар балаларды бірлесіп оқыту олардың арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға әкеледі. Нәтижесінде қазақстандық қоғам шынайы қамқорлық көрсете алатын және барлық мұқтаж адамдарға қажетті көмек көрсете алатын адамдардың ұрпағына ие болады.
Инклюзивті білім беруден өткен сау балаларда жанашырлық пен түсіністік пайда болады, олар көпшіл және шыдамды болады. Инклюзивтік білім беруді дамытудың маңызды міндеті мекеме басшыларын, педагогтар мен мамандарды даярлау болып табылады.
Инклюзивті білім берудің бірнеше артықшылықтарын атап өтуге болады:
Кемсітушіліктің орнына тең құқықтар мен мүмкіндіктерді дамытады;.
Инклюзивті білім берудің кемшіліктері:
Бүгінгі таңда инклюзивтік білім беру саласына қатысты бірнеше кедергілерді атап өткім келеді:
Икемді білім беру стандарттарының болмауы;
Оқу жоспарлары мен оқыту мазмұнының баланың ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі;
Педагогикалық ұжымның арнайы дайындығының болмауы;
Мұндай балалардың мұқтаждықтары үшін жалпы білім беру мекемесін материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі, "кедергісіз ортаның" болмауы (пандустардың, лифтілердің, арнайы оқу, оңалту, медициналық жабдықтардың, арнайы жабдықталған оқу орындарының және т.б. болмауы).
Білім беру мекемелерінің штат кестесінде педагог (сурдопедагогтар, логопедтер, педагог-психологтар, тифлопедагогтар) және медицина қызметкерлерінің қосымша мөлшерлемелерінің болмауы.
Қоғамның сауатсыздығы, білімнің болмауы, қорқыныш, алалаушылық, айырмашылықтарды қабылдау тәжірибесінің болмауы, стереотиптік ойлау;
Сондай - ақ дені сау балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу өте маңызды-оларға инклюзивті білім берудің не екенін түсінікті тілде түсіндіру керек, олардың барлық сұрақтарына жауап беру керек, жағдайға бейімделуге уақыт беру керек, балаларды дайындауды сұрау керек.
Қорынтындылай келе, инклюзивті білім берудің пайдасы балалар үшін де, ата-ана үшін де, қоғам үшін де өте пайдасы зор. Дамуында ерекшелігі бар балалар қалыпты балалармен қатар оқи отырып өзінің бұл өмірде ешқандай да пайдасы жоқ адаммын деп сезінбейді деп ойлаймын. Ерекше білім беруді талап ететін балалардан мотивацияда алуға болады себебі олар өмірге құштар және бәрін білсем екен, көрсем екен деп армандап, мақсаттарына жете алады. Кейде қалыпты адамдардың өзі өмірден түңіліп, менің қолымнан ештеңе келмейді деп өз-өздерін кінәлайды. Мен айтар едім, егер өмір сүруге талабыңыз болмаса мүмкіндігі шектеулі адамдарға, балаларға қараңызшы. Олар қандай бақытты!