Эссе тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жүйесінде кездесетін қиындықтарды жеңу»
Инклюзивті білім беру саласындағы зерттеулерді шолу және талдау барысында Қазақстанда инклюзивті білім беру кеңістігін құрудың ең жиі аталатын және белгілі бір мөлшерде тұрақты болыр келе жатқан қиындықтарын анықтауға мүмкіндік болды. Оларға мыналар жатады:
–мектептердің материалдық-техникалық жарақталуының жеткіліксіздігі (кітаптар мен әдістемелік әдебиет, арнайы жабдықтар, техника);
–сыныптардағы оқушылар санының көптігі (инклюзияны қиындатады, денсаулығында ақауы бар балаларға ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік жоқ);
–педагогтің күн тәртібінің тиімсіздігі (өз бетінше дайындалуға уақыты жоқ);
– мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойында өзіне деген сенімсіздіктің қалыптасуы.
З.А.Мовкебаеваның тиімді инклюзивті білім берудің жолындағы басты кедергі – білім беру мекемелері педагогтерінің осы үдеріске білікті дайындығының төмендігі деген ұстанымы маңызды болып табылады.
Аталған кедергілерді жою арқылы ғана тиімді білім беру үдерісін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Солкедергілерді жойғанда ғана инклюзия жалпы және арнайы білім беру жүйелерінің біртіндеп тұтас бір жүйеге бірігуіне алып келеді.
Мектепте инклюзивті білім беруді енгізуде үлкен қиындықтар ұшырасып жатса да, оның дамуында ерекшеліктері бар тұлғалардың толыққанды өмірін қалыптастыру үшін маңыздылығын кемімейтіні белгілі. Түптеп келгенде, инклюзивті білім беру - қоғамдағы әлеуметтендіру құралы ретінде қарастырлуы керек.
В.В.Коркунов мүмкіндігі шектеулі балалар мамандандырылған мектептегіге қарағанда, инклюзивті мектепте сырт адамдар тарапынан көбірек ынталандырылып отырады. Мұның өзіинклюзивті білім берудің қажеттілігіні тереңдете түседі. Автор жалпы мектептегі оқыту денсаулығында ерекшелігі бар балалардың қажетті білім мен дағдыларды табиғи ортада игеруіне мүмкіндік береді деп есептейді.
Н.А.Першина инклюзивті білім берудің басты артықшылығы деп қарым-қатынас жасау және тұлғааралық өзара әрекеттестікті қалыптастыру мүмкіндігін ерекше атайды. Оның пікірінше, оқытудың бұл үлгісі коммуникациялық дағдыларды игеретін мүмкіндіктері шектеулі балаларға да, қалыпты дамып жатқан балаларға да оң ықпал етеді. Қалыпты дамып келе жатқан балалар мүгедектерді қоғамның толыққанды қатысушылары ретінде қабылдауды үйренеді. Инклюзивті оқытуда бейімделу қажеттіліктері бар балалар отбасылық тәрбие үдерісінен ажырмайды, өйткені олар тұрғылықты мекен-жайы орналасқан жерінде білім алады.
С.В.Алехинаның айтуынша, инклюзивті білім беру қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастырудың өмірлік маңызды үдерісі. Инклюзивті білім беруді тек кедергілер ғана тежемейді, әсіресе, әлеуметтік сипаттағы мәселелер де (ата-аналардың білім беру жүйесіне сенбеушілігі, білім беру мекемелерінің басқарушы қызметкерлерінің жаңалықтарды енгізуге құлықсыздығы) баяулатады.
Инклюзивті оқытуды бастауыш мектептерге енгізу ісіосы жүйеніңтетіктерін анықтау үшін нақты және жан-жақты тәсілдеме қолдану керектігін дәлелдеп келеді. Нақты және айқын ашып айтатын болсақ, инклюзияның күрделілігі ерекше қажеттіліктері бар балалардың табиғи мектеп кеңістігіне бейімделуінен емес, білім беру мекемелерінің өздерінің осындай оқушыларға «икемделуінің» қиындықпен өтуінде болып отыр.
Дамуында ерекшеліктері бар балаға жаңа білім беру жүйесінде табиғи үдерістерге бейімделуге тура келсе, қалыпты дамып келе жатқан оқушылар мен мұғалімдергеде «ерекше» оқушы оқитынына түсіністікпен қарауға қалыптасып, соған тәрбиеленуі керек болады.
Инклюзивті білім беруге сәйкес енгізілетін өзгерістер мектептің ішкі үдерісіне тұтастай әсер ететіні белгілі. Нақтырақ айтқанда, білім беру мекемесіндегі барлық оқушылар мен мұғалімдер, мектептің басқа да қызметкерлері өзара қарым-қатынас жасауда ендігі ретте жаңа формаларынқұруы тиіс болады. Түпкі нәтижесіндеондай өзгерістер оқыту үдерісінің барлық салаларына, соның ішінде оқушылардың өзара тұлғааралық байланысына да әсер етеді.
«Ерекше» балаларға арналған білім беру жүйесінің пәндік-дамытушы, материалдық-техникалық және білім берушілік деп аталатын құраушы компоненттері және олардың өзара байланысы назарда ұсталынып қалыптасуы тиісекендігін Е.А.Екжанова атап көрсетеді.
Әрбір мектепте әр оқушының зияткерлік, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігі құрылуы қажеттігіне М.В.Кларин маңыздылықпен назар аударады. Ғалым мектеп - мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ең маңызды әлеуметтік жүйенің құрамдас бөлігі екенін атап көрсетіп, сол ортада балалардың тұлғааралық қарым-қатынастарынқұруға мүмкіндік беретін еш кедергісіз ынтымақ кеңістігін құру қажет деп ұсынады.
Әлеуметтік орта – мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңызды орпын алады. Осыны ескере отырып, мектепте балалардың тұлғааралық өзара әрекеттесе отырып байланыс құруына арналған кедергісіз орта қалыптастыру керек. А.В.Жигайло мұндай орта баланың тұлғалық қалыптасуының негізі болып табылады деп атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |