Эссе Тақырыбы: Сыни ойлау Орындаған: Сарик А. Тобы: тп-22-4К2 Қабылдаған: Мендикулова Ж. А шымкент 2023



Дата03.10.2023
өлшемі20,74 Kb.
#112852
Байланысты:
философия срс(3)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті"
Факультет "Тарих және педагогика"

Пәні: Философия


Эссе
Тақырыбы: Сыни ойлау

Орындаған: Сарик А.


Тобы: ТП-22-4К2
Қабылдаған: Мендикулова Ж.А

Шымкент 2023
Сыни ойлау (кейде Критикалық ойлау, ағылшын. Critical thinking) — ойлаудың ерекше бір түрі болып, фактілерді анализдеу  арқылы тұжырым қалыптастыру. Бұл ұғым күрделі және әртүрлі анықтамаларға ие, ол негізінен рационалдықты, скептикалықты, сыңаржақтылықсыздықты анализдеу және фактілікік дәлелдерді тексеруді қамтиды. Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін, өз-өзін бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау формасы. Оның алғышарты сананы кемелдендірудің қатаң стандарттарына келісу және оларды сергек қолдану болмақ. Сыни ойлау тиімді қарым-қатынас жасау мен проблемаларды шешу қабілеттерін меңгеруді талап етеді, сондай-ақ болмысымыздағы табиғи эгоцентризмді және социоцентризмді жеңуді міндеттейді.
Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан» өткізуі қажет. Ричард Польдің пайымдауы бойынша, адамдар «өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрін де ақиқат деп түсінбеуі қажет. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек». Демек, олар өмірдің барлық жәйттері мен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі, құндылығы мен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек. Сол себепті сыни ойлауды көп жағдайда «сыпайы күмәндану» деп атайды. Кезінде Сократ «Таным негізінде күмән жатыр» деп бекер айтпаған. Біз әр нәрсеге байыппен қарап, оны екшеп-текшегеннен кейін, күмәндану негізінде туындаған сұрақтарымызға жауап іздестіріп, тапқанда ғана сол зат туралы түсінік пен пікір қалыптастырамыз. Мәселе сол затты жоққа шығаруда емес, мұнда негізгі әрекет – сол затты жан-жақты қарастыру: оған күмәнмен терең үңілу, оны күмәнмен өз тәжірибемізбен салғастыру (ол туралы не білетіндігімізді, оның қажеттілігі мен тиімділігін саралау). Мұнда үнді ақыны Рабиндранат Тагордың «Таным нұры жарқырай түскен сайын, күмән қараңғылығы қоюлана түседі» деген сөздерін де келтіруге болады. Адам көп білген сайын оның күмәні де көбейе түсетіндігі хақ.
Сонымен, сыни ойлау мынандай жағдайларда болады:
— кез келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда;
— кез келген проблема не ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда;
— кез келген проблема не ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында;
— өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде;
— кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда;
— бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада);
— өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда.
Ал сыни ойлаушының ерекшеліктері мынандай болады деп тұжырымдауға боларлық:
— кез келген проблема не ақпарат бойынша нақты сұрақтар қояды;
— ең маңызды жәйттерді бөліп шығарады;
— проблема не ақпаратқа қатысты деректерді қолданады;
— критерийлер мен стандарттарды қолданады;
— критерийлер мен стандарттарға негізделінген дәлелді қорытынды мен шешімдер келтіреді;
— өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар;
— ақпаратты бір мағыналық жүйеден екіншіге аударады (вербалдыдан визуалдыға немесе керісінше);
— қарастырып отырған мәселені басқаларымен салыстырады;
— балама ұсыныстар мен көзқарастарды тұжырымдайды;
— икемді болады: өз ойлары мен пікірлерін өзгерте біледі, қателерін мойындап, оларды түзейді;
— себеп-салдарды анықтайды;
— талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды;
— мәселеге ауқымды тұрғыдан қарап, бірінші мезетте тек қомақты жәйттерді бөліп қарастырады;
— шешім қабылдауда басқалармен тиімді түрде ынтымақтасады;
— ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді;
— әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпарат табады, оның мазмұнын, бағытын, мақсатын өздігінше түсінеді;
өз әрекеттерін бақылайды, оларға баға береді, жақсарту жолдарын іздейді;
— басқалармен тіл табысып, ортақ мәмілеге келуге тырысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет