Эссе тақырыбы: «Тәрбие- жалпы және мәңгілік категория »



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі22,91 Kb.
#14677
1   2   3
Қорытынды

Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі қазіргі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Кез келген халық ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Еліміздің әлемдегі бәсекелестікке қабілетті отыз елдің санатына қосылу үшін білім беру жүйесінде де күрделі өзгерістердің туындайтыны белгілі. Сондықтан да қазіргі оқу — тәрбие ісінде сараптай және дұрыс шешім қабылдай алатын және оларға жауапты болатын тұлғаның тәрбиесі қажет. Ал оқу орны, қоғам және отбасының басты мақсаты — жас ұрпақты азамат ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, интеллектуалдық әлеуетін көтеруге және әрбір жеке тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу — бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет