Эссе Тақырып: Саяси шиеленісті реттеудің жолдары мен тәжірибесі



Дата13.05.2022
өлшемі18,22 Kb.
#34284
Байланысты:
ЭССЕ 1


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Эссе

Тақырып: Саяси шиеленісті реттеудің жолдары мен тәжірибесі

Дайындаған: Қалдар Жанболат

Қабылдаған: Тажитаева Райя

Шымкент,2022 ж.

Бүгінгі күнде саяси шиеліністерді іреттеудің келіссөздер технологиясы жоғары дәрежеде дамыған және өзінің тәжірибелік маңыздылығына сәйкес қазіргі конфликтологияның маңызды  нысандарының бірі болып табылады.

Шиеленістердің алдын алу мен реттеудің басқа технологияларынан ең басты ерекшелігі: дауласушы тараптар әрбірін қанағаттандыратын өзара тиімді келісімге келе алады. Сонымен қатар, келіссөздер ұзаққа созылатын, материалдық шығыны көп және бір тараптың жеңілісіне әкелетін сот процесінен босатады.

Сөзбен келісімге келудің өзге технологияларға қарағанда артықшылығы  — қақтығысушы жақтар мұндай келісімді  өздері жасап, әрбір жақтың қанағаттандыратын талаптарын өздері қоя алуында. Мұнан басқа, келісімге келу айтарлықтай ұзақ уақытты алатын, кәдімгі материалдық шығындар жұмсауды қажет ететін және бір жақтың жеңілуін тудыратын сот талқылауларынан аман алып қалады. Сөзбе-сөз келісулер “екі жақты да қанағаттандыратын және келісімге келу мақсатындағы өзара тікелей әрекеттесу, пікір алмасулар, бірлесе келісім ізденісі, сондай-ақ келісуші жақтардың ерікті түрде шешім қабылдаулары”. Басқаша айтсақ, сөзбе-сөз келісулер екі жақтың қақтығыс тудырған мәселе төңірегінде құрылымдалған диалог үрдісі.

Келіссөздер келесі жағдайларда пайдасын береді: қақтығысушы жақтар нәтижеге жетуге тең құлшыныс білдірулері  тиіс;  қақтығыстың барлық субъектілері тиімді нәтижеге жетуге мүдделі болулары тиіс. Тек осы жағдайларда ғана өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Саяси теория мен тәжірибелерден көретініміздей, шет елдердегі қақтығыстарды  шешу бойынша жинақталған тәжірибелер  келісім-шарттар  барысында негізгі екі тәсілі ерекшеленеді: «бағыттық саудаласу» және «жақтардың мүдделері негізіндегі келіссөздер».

Бірінші жағдайда қатысушылар келіссөздерден өздерінің мақсат-мүдделеріне қолайлы әдістерді көре біледі.  Келіссөздер саясаты негізінен қақтығыстық мәселені шешудегі нақты бағыттар туралы таласқа бағытталады. Демек, жақтар бағыттарды біртіндеп ұстанып, артынша белгілі бір бағыттан бас тартады. “Бағыттық саудаласу” барысында қатысушылардың әрқайсысы өзіне пайдалы қорытындылық келісімге келуге тырысып, қарама-қайшы жақтың мүдделері туралы бас қатырмайды. “Бағыттық саудаласудың” кемшіліктерін Р. Фишер мен У. Юри келесідей бөледі:

- бағыттық саудаласу санасыз  келісімдерге әкеліп соқтырады;

-тараптардың мүдделеріне барынша жауап бермейді, әрбір тарапты қанағаттандыра қоймайды;

- бағыттық саудаласудың пайдасы  жоқ, себебі ол көп уақытты алғанымен, берер нәтижесі (келісімге жету) шамалы. Бағыттық саудаласу барысында келісім бағалары оған кететін уақыт мерзіміне қарай өсіп отырады, келісімге келуге деген тәуекел де өсе береді;

- егер келіссөздерге екі жақтан  көп қатысушылар араласып кетсе, ол шиеленіседі, тараптар саны көбейген сайын бағыттық саудаласуға тән кемшіліктер де арта түседі.

Келіссөздерді мүдделер негізінде  жүргізу әдісі бағыттық саудаласуға балама болып табылады. Мұндай әдіс мүдделерді талқылау негізінде және оппонентпен қызмет атқару негізінде мәселелерді шешуде өзара қолайлы нұсқаларын іздестіруге бағытталады. Өз мүдделерін анықтай келе, тараптар, мәселені бірлесе шешуге ұмтылады. Келіссөздерді мұндай әдіспен жүргізу күш қолдануға жол бермейді; екі қатысушының да ашықтығы мен әңгімелесу қатынасын қалыптастырады. Осы әңгімелесу барысында болашақта жұмыс жасау мен өзара түсіністікке мүмкіндік туғызады.

Мүдделердің  келіссөз жүргізу тактикалық тәсілдеріне келетін болсақ, олар серіктестік әдіске бағытталады. Талқылау мәселелері біртіндеп күрделенеді. Бұл тәсіл мәселені талқылауды анағұрлым аз келіспеушіліктерді тудыратын мәселелерді талқылаудан бастауды талап етеді. Кейін қатысушылар күрделірек мәселелерді талқылауға кіріседі. Осы әдісті пайдалану тараптардың келіссөз басталмас бұрын белсенді қарсыласудан аман алып, тиімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.



Әрине, бүгінгі күні қақтығыстан  мүлдем аман болу оңай емес, алайда, тек  конструктивті технологиялардың арқасында  ғана қақтығыстың деструктивті түрін бейбіт жолға түсіруге болатынын ұмытпаған абзал.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет