Әдеби-талдауэссеге құрылымдық талдау КІРІСПЕ Тақырыпты түсіну сөйлемі: Ақиық ақын Оразақын Асқардың шығармашылығындағы мағынасы терең, салмағы ауыр туындыларының бірі – «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.
Бұл сөйлемде эссенің тақырыбына орай, эссенің кім туралы болатынына түсінік беріп тұр. Өлеңдегі кейіпкер шетте жүрген қандастар туралы баяндады.
Тақырыптың өзектілігі: 1992 жылы ақын қаламынан төгілген бұл туындысында қоғамдық маңызы зор, өзекті мәселелер басты тақырып ретінде қозғалған.
Тақырыптың өзектілігі эссе жазуға себеп болған жайдан хабардар етеді. Өзекті мәселе – шетте жүрген бауырлар.
Тезис: Өлең атауы көрсетіп тұрғандай, «Шетте жүрген бауырларға» атты туындысында автор отансүйгіштікті, елдікті, туған елге деген махаббатты жырлайды, атақ пен даңқ қуып, дүние қуып шетел асып жүрген бауырларын көк байрақтың астында туған Отанға қалтықсыз махаббатпен қызмет етуге жұмылдыруды үндейді.
Эссе тақырыбы автор ойын сұрап тұр. (Олай болса, Оразақын Асқар ) Сондықтан тезис те автор ойын талдауға құрылған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1-абзац Тезисті қолдаушы пікір Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа, - деп шет ел кезіп, дала кезіп жүрген қандастарымызды туған елдің түтінін түтетуге шақырады.
Тезис автордың ойын талдауды негізгі идея ретінде алды. Соған қатысты тезистегі негізгі ойды қолдайтын пікір білдірілді. Пікір атамекенінен көшіп каеткен қандастарымыздың ата жұртқа қайту керектігі туралы автордың оқырманына жеткізген ойын талдауға байланысты білдірілген.
Аргументке дейінгі баяндау(уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар т.б.) Кеңестік Республика кезеңінде, қазақтың басынан қара бұлт ауырмаған кезеңдерде елімізден талайлаған бауырларымыздың шет ел асып кеткені тарихтан белгілі.
Әдеби эссенің ерекшелігіне қарай аргумент келтіргенге дейін сол сөздің болған уақыты, мекені, жағдай, кімдердің бұл сөзге қатысы бар екендігі туралы қысқаша баяндайды.