Эссе Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері



Дата15.02.2023
өлшемі14,09 Kb.
#68180
Байланысты:
эссе 2023


Эссе
Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері


«Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» Әбу Насыр әл Фараби

Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келмегені белгілі. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен жоқ. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жеткен болатын.Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.


Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында орын алған экономиканың жаппай күйреуі салдарынан 2000 жылдарға қарай еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 8 есеге қысқарды. Дегенмен, экономикамыз тұрақтана бастаған сәтте Мемлекет басшысының тапсырмасымен балабақшаларды салу және қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұрынырақ жекенің қолына өтіп кеткен немесе жалға берілген балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған қоса, жаңадан ашылған жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтардың саны артты. Осындай жұмыстардың, қабылданған іс-шаралардың арқасында балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту көрсеткіші 9,6 есеге ұлғайды. Мектепке дейінгі білім беруді дамытуда мемлекеттік-жекешелік серіктестікке басымдық беріле бастады. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қолдаудың арқасында жекеменшік балабақшалардың саны 28 есе ұлғайды. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту ісіне де айрықша мән беріліп келеді. 2019 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 28,1 пайызында инклюзивті білім беру үшін жан-жақты жағдай жасалды. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 19 пайызға жоғары.
2016 жылдан мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің үлгілік оқу бағдарламасы қолданыла бастады. Онда мектеп жасына толмаған сәбилердің бойында болуы тиіс базалық дағдылар айқындалған. 2017 жылы аталған бағдарламаның мазмұны жаңартылып, балалардың икемділігі мен дағдысының дамуын бағалау индиакторларының жүйесі енгізілді. 2018 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік стандарты бекітілді.
Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен білімді дамытудың толыққанды моделі әзірленіп, балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту көрсеткіші артты. Қалалар мен аудан орталықтарындағы мектепке дейінгі ұйымдардың орындарын бөлу ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін балабақшаларға жолдама беру автоматтандырылды. Бұл процедура білім беру органдарының қатысуынсыз жүргізіледі және ата-ана балабақшаларды өздігінен таңдауға мүмкіндігі бар.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы асулары мен бағындырған белестерін білім мен ғылым салалары бойынша саралағанда білім беру мен ғылымды дамытуда халықаралық білім мен ғылым кеңістігінде өзінің лайықты орнын алғанына аса мән беріп, дамығанына көз жеткізіп отырмыз. Осы уақыт аралығында әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану арқылы білім беру жүйесінде қазақстандық модель қалыптасты.
Еліміздің білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейге көтерілуі, білім саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен қазақ ғылымындағы тың жаңалықтар – ұстаздарымыз бен ғалымдарымыздың, білім, ғылым саласы менеджерлерінің нәтижелі еңбегі.
Мектепке дейінгі ұйымның ардагер ұстазы ретінде жас мамандарға үнемі айтып отыратын кеңесім, әр тәрбиешінің бойында «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрегі» болуы тиіс және мамандығын жақсы көру керек. Сонымен қатар жас ұрпағымызға сапалы тәрбие мен білім беру үшін үнемі ізденісте болғаны абзал. Өйткені заманауи педагог – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана жақсы ұстаз бола алады. Ұстаздық жолында жүрген кез-келген азамат жаны таза, пейілі кең болғаны дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет