Эссе Заманауи мектеп қандай


Сынып жетекшiсiнiң циклограммасы



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі102,25 Kb.
#116809
1   2   3   4
Сынып жетекшiсiнiң циклограммасы
Класс жетекші өз қызметі барысында күн сайын:
— сабаққа қатыспай отырған немесе кешіккен оқушыларды анықтайды, қатыспау, кешігу себебін анықтайды, ата-ананы хабардар етеді;
— класс бөлмесінде оқушылардың кезекшілігін ұйымдастырады, орындалуын қадағалайды;
— жекелеген оқушылармен сабақ уақытындағы және мектептен тыс уақыттағы тәртіптері бойынша әртүрлі тәрбие жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде қиын оқушылар мен тәртіп бұзуға бейім оқушыларды күнделікті бақылауына алады;
— класс оқушыларының мектеп оқушысы формасын сақтауын, күнделікті киюін қадағалайды;
— 1-4 класс оқушыларының мектеп асханасында тамақтануын ұйымдастырады;
— сабақ үлгірімін жақсарту мақсатында пән мұғалімдерімен байланыс жасайды.
Класс жетекші өз қызметі барысында апта сайын:
— оқушылар күнделігін тексереді,сабақ үлгірімдерін талдайды, ата-аналарды оқушының сабақ үлгіріміне байланысты жағдайлармен хабардар етеді;
— тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес әр дүйсенбі күні тәрбие сағатын өткізеді;
— класс активтерінің жұмысына басшылық жасайды;
— 6-11 класс жетекшілері бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес оқушылар кезекшілігін ұйымдастырады, сапалы жүргізілуін қадағалайды;
— ата-анамен жұмыс жүргізеді;
— мектеп медицина қызметкерлерімен сабаққа қатыспаған оқушының денсаулығына байланысты әңгімелеседі;
— ситуацияға байланысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогпен байланысады;
— сабақтан дәлелді себепсіз қалатын, сабаққа жиі кешігетін оқушылармен немесе қиын оқушылармен жүргізілген жұмыс нәтиже бермеген жағдайда, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қажетті мәліметтер беріп, хабардар етеді.
Класс жетекші өз қызметі барысында ай сайын:
— класста өтетін сабақтарға қатысады, талдау жасайды;
— тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектепішілік іс-шараларға оқушыларды қатыстырады, олардың іс-шараға сапалы түрде дайындалуын, қатысуын қамтамасыз етеді;
— оқушыларға жол, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге арналған әңгімелер өткізеді;
— оқушылардың жанұяларына барып, ата-аналармен байланыс жасайды;
— ата-аналар комитетімен байланыс жасап отырады;
— әр айдың 20-на дейін сабақтан дәлелді себепсіз қалатын оқушылар жайлы мәліметтерді, құжаттарды уақытылы мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына өткізіп, хабардар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет