Эссе Заманауи мектеп қандай


Сынып жетекшiсiнiң моделi



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі102,25 Kb.
#116809
1   2   3   4
Сынып жетекшiсiнiң моделi
«Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деп Ж.Аймауытов атамыз айтқандай бала тәрбиелі болмаса берілген білімнің нәтижесі болмайды.
Мектеп, ата – ана, сынып жетекші өзара бірлесе, ынтымақтаса, әрекеттесе жұмыс жасаса, оқушыларға табысты оқу ортасын құру арқылы мына ағаш секілді өнімді жеміс беруге болады. Енді осы жеміс ағашының тамырларын оқушылар деп алатын болсақ, оқушылардың өсіп – өнуіне, тәрбиелі болуына, жетістіктерге жетуіне жеміс ағашын суару арқылы жетеміз. Ол үшін «үштік одақ » болу керек. Яғни үштік одақ дегеніміз мектеп, оқушы, ата-ана.
Баланың біліміне қоса тәрбиесіне сынып жетекші жауапты. Ал сынып жетекші қандай болуы қажет?
Сынып жетекші білімге толы, үш тұғырлы тілді, қатал бірақ мейірімді, шебер ұйымдастырушы, тәрбиелеуші, ізденімпаз, жан-жақты болуы қажет.
Сынып жетекшісі білуі тиіс:
Сыныптан тыс өмірді, әр тәрбиеленушінің тұлғалық бейнесін жоспарлауды.
Өз қызметінің нәтижесін талдауды және болжауды.
Әр тәрбиеленушінің тұлғалық қалыптасуында көмек көрсетуді
Ата-аналармен, сыныптағы пән мұғалімдерімен, қауымдастықпен әлеуметтік байланыс орнатуды.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынаста қажет басты қасиеттері:
– шыншылдық және әділеттілік;
– шыдамдылық;
– байсалдылық;
әдептілік;
– сыпайылық;
– мәдениеттің жоғары деңгейі.
Сонымен қатар ата – ана балаға қамқор, бақылағыш, жан – жақты болуы қажет. Ынтымақтастықты нығайту мақсатында ата-аналар үшін төмендегі ұсыныстар беріледі:
жылына кеміне 3 рет баламен театрға, мұражайға немесе галереяға бару;
жылына кеміне 1 рет баламен табиғатқа шығу;
баламен жылына кеміне 2 кітап оқу, талдау және т.б.;
баламен айына кеміне 1 рет демалыс күндерді бірге өткізу;
баламен бірге жылына кеміне 1 рет аумақты жинау, сенбіліктер ұйымдастыру.
Балалармен қарым-қатынаста сынып жетекшісінде болуы тиіс негізгі қасиеттер:
жоғары адамгершілік
– қамқорлық,
– түсінушілік;
– жауапкершілік;
– ашықтық;
– адалдық;
– байыптылық, ұстамдылық;
– әділдік;
– мақсаттылық.
Және пән мұғалімдерімен, педагог-психологтармен, ата-аналарымен, өзара қарым – қатынаста болуы қажет.
Яғни осы айтылғандардың барлығы болатын болса, оқушы ұстазға бағынады. Ұстаз – оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан тарап жолынан адаспай өтуіне оған бағыт беретін адам, баланы адамгершілікке, адалдыққа сол секілді ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Егер оқушы осы айтылғандардың барлығын дұрыс қабылдамаса, берілген білім, тәрбиені жоққа шығарса онда мына ағаш секілді қисық өседі.
Өз ісін шебер меңгерген нағыз сынып жетекшісі – ол өз тәрбиеленушісінің әрқайсысының бойынан қайталанбас, дара тұлғаны көре білетін; тұлғалық-бағдарлы тәсілге сүйене отыра педагогикалық диагностика негізінде әр оқушыны терең зерттейтін, олармен байланысын үйлестіретін, балалар ұжымының қалыптасуына ықпал ететін ақылды тәрбиеші.
Қорыта келгенде сынып жетекші осы жеміс ағашын гүлдендіру мақсатында көптеген үйірмелер, іс – шаралар, мектепішілік, аудандық жарыстарға, кітап оқу, спорттық жарыстар т.б көптеген жарыстарға қатыстыру арқылы жетеді.
Орындаған: Самет Әділбек мок-222

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет