Эссені қалай жазады – барлық ережелер


Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін



бет2/2
Дата21.06.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37168
1   2
Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:
Қорытынды пікір
Тұжырым
Пайымдау
Түсіндіру
Мысал
Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады.
Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады.
Дұрыс жазылатын эссе кәдімгі шығарма жазудан ерекшеленеді. Сондықтан, егер эссе жазу керек болса, онда оны басқалардан ерекшелейтін, жанрлық сипатты ерекшеліктерін ескеруіңіз қажет.
Көркем туындыны талдайтын шығарамаға қарағанда, эссе авторлық көзқарасты және оның осы мәселеге қатысты ұстанымын қамтиды.
Сондай-ақ, эссені шығармадан ерекшелейтін ерекшеліктердің бірі – оның қарама-қайшылықты (парадокстылық) болуы. Яғни, жарқын бейнелер мен афоризмдерді және тосын пікірлерді қолдану арқылы оқырманды таңғалдырып, оған әсер ету..
Эссенің шығармадан айырмашылығы
Эссе жазу бойынша кеңестер
  • Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады.
  • Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса.
  • Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз. Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек.
  • Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін.
  • Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету – өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі.
  • Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет.
  • Эссені толығымен аяқтағаннан кейін, баяндаманың барлық жерінде ойдың дұрыс жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан оқып шығыңыз.
  • Эссені деректер мен зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып жазу – сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі.

Эссе жазуда жиі жіберілетін қателіктер
1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.
2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы. Көп кездесетін қателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді.
3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.
4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы.
Kahoot
Эссе тақырыптары
Қазіргі жастардың өмірлік ұстанымдары қандай ?
Ұлттық салт-дәстүрлердің тағылымы
Ежелгі дәуірдің ерен ескерткіштері
Достықты қалай бағалап жүрміз?
Балалық шақтың бал күндері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет