Естемесова Аяла Қабылдаған: Бораш Р. Б



Дата06.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#71829
Байланысты:
әдебие теория

СОӨЖ 2 Тақырыбы:Сюжет элементтерi мен түрлерi туралы кластер құру.

Орындаған: 202 топ

Естемесова Аяла

Қабылдаған: Бораш Р.Б


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
АКАДЕМИК С. ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
«Сюжет», «сюжетқұрылысы» - отандық және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымында біраз зерттелген ұғымдар. Сюжет – бұл «оқиғаның көркем мәтіндегі», «дәйектілігі суретте бейнеленген оқиғалар» және «оқиғалар тізбегі, бұрылыстар мен кедергілерден өтуге әрекет, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, айқын әрекет жүретін көркем шындық арқылы» өтіп жатқан іс-шараларды білдіреді деген көптеген және әртүрлі анықтамалар берілген.
Сюжеттің көркемдік тартымдылығына қол жеткізу үшін қаламгерлердің қолданатын құралдары сан қилы. Қаламгерлердің бірі оқырманды бірден баурап әкететін аса өткір жағдайларды таңдайды, екінші бірі оқырмандар зейінін әуелі кейіпкердің тосын әрекеттеріне аударып алып, сол төңіректе, сол әрекеттердің себептері жайында ойландыра отырып, кейіпкер әрекеттерінің негізгі себептерінің мәні туралы ойландырады. Сюжетке тән бұл ерекшеліктер белгілі бір оқиғалар желісі суреттелетін шығармаға қатысты. Мұндай шығармаларға драмалық шығармалардың бәрі және эпикалық шығармалардың басым бөлігі жатады. Өйткені кей жағдайларда эпикалық шығармаларда табиғат көрінісі немесе сыртқы дүние ісерінен туған ой – сезім қозғалысы бейнеленіп, оқиғалар жүйесі болмауы да мүмкін. Ал лирикалық шығармаларда тартысқа толы оқиғалар болмайтыны белгілі. Мұндай туындыларда адамның ішкі жан дүниесіндегі ой – сезім арпалысы, көңіл – күй өзгерісі түрлі сипатта көрсетіледі де, лирикалық туындылардағы сюжетті осы жан әлеміндегі түрлі құбылыстар, толқыныстар айқындайды. Сюжет экспозиция, байланыс, әрекет дамуы, шарықтау шегі, шешім сияқты бөлшектерден тұрады. 
Оқиғалардың арасындағы байланыс характерге тәуелділігне қатысты екі негізгі типпен ерекшеленеді: хроникалы және шоғырлы (концентрациялы). Хроникалы және шоғырлы сюжеттер оқиғадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Сюжет типтерінің критерийі- оқиғалар арасындағы характер байланысы. Хроникалы және шоғырлы сюжеттердің арасындағы негізігі айырмашылығы- бұл әрине уақыт. Хроникалы сюжет уақыттың ағысын жаңғыртады. Шоғырлы сюжетте уақыт ешқандай физикалық мәнді анықтамай, психологиялық уақытпен алмастыралады. Мұнда қақтығыс, шиеленіс маңызды болғандықтан, детектив, триллер, әлеуметтік және психологиялық романдар мен драмалар жатады
Хроникалы
Шоғырлы

Э.М. Форстер өзінің «Аспекты романа» кітабында сюжеттің екі түріне де мысал келтірген: сюжет.

  • «Патша қайтыс болды, сосын патшайым өлді»- бұл хроникалы сюжет;
  • «Патша қайтыс болды, сосын патшайым қайғыдан өлді»- бұл шоғырлы

Тізбекбес сюжетте көптеп кездесетін элементтер- өткенге саяхат пен болашаққа сапар. Дискреттілік физикалық уақыттағы үзілулерді білдіріп, оқиғаны қамтиды. Мысалы, мемуарларда қаһарманның балалық шағы суреттелмей, жастық шақтан ересек кезінде дейінгі өмірі, бес жыл абақтыда отыруы және т.б. баяндалса да бұл тізбекті сюжет болып қала бермек. Қайырмалы хронологиялы сюжеттер де бар.Мұндай шығармаларда қақтығыс шығарманың басында беріледі де, сюжеттің дамуы барысында себебі, мотивы мен түсіндірмелері қадағаланады. Оқиғалардың арасында себеп-салдарлы байланыс бар сюжеттер шоғырлы деп аталады. Шоғырлы сюжеттер оқиғалардың бірлігіне құрылады. Шоғырлы сюжеттің көмегімен бір конфликтті жағдаят жіті зерттеледі.
Тізбектес сюжеттің мынадай түршелері бар:
1) экскурсты тізбектес;
2)дискретті тізбектес(оқиғалар біркелкі беріледі);
3) тезбекті-паралельді (бірнеше тізбекті сюжеттер болса, олардың әрқайсысы тізбекті, кейде тоғысады).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет