Табиғи сұрыпталу әрсерінің тиімділігі мен жылдамдығы Табиғи сұрыпталудың тиімділігі мен жылдамдығы ең алдымен сұрыпталу қысымның шамасына (яғни сандық әсер ету дәрежесіне) байланысты. Сұрыпталу қысымның шамасын бағалау үшін генотиптің адаптивтік құндылығытуралы түсінікпен танысу керек. Сұрыпталу барысында популяциялардағы әрбір генотиптің жеке артықшылығы гендерді болашақ ұрпаққа беру қабілетімен бағаланады. Популяциялардағы генотиптің басқа генотиптермен салыстырғанда тіршілік ету және көбею қабілеті генотиптің адаптивтік (бейімделгіштік) құндылығы деп аталады.