Биологиядан сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: §42. Популяциялардағы табиғи сұрыпталудың формалары.
Сабақтың мақсаты:Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы бағыттаушы рөлін және табиғи сұрыпталудың формаларын меңгеру.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: нұсқаушы – ойға түсіруші, түсіндірмелі - көрнекілік Үй тапсырмасы: Табиғи сұрыпталу – эволюцияның бағыттаушы факторы. А– деңгейі. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
1. Табиғи сұрыпталу деген не?
2. Табиғатта көп мөлшерде ұрпақ неліктен дамып жетілмейді?
3. Алғаш рет Ч.Дарвин қай еңбегінде тірі организмдердің эволюциясын жүзеге асыратын механизм – табиғи сұрыпталу деп атады?