Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет32/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
тапсырмалар;  логикалық  және  шығармашылық  ойлауды  дамытуға  ықпал 
ететін тапсырмалар; алынған білімді қолдануды талап ететін тапсырмалар.  
Бұл тапсырмалар жоғары технологиялық, бәсекелестік әлемде өмір сүруге 
дайын белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеуге септігін тигізеді.  
Жобалық тапсырмалар оқушылардың:  
• 
сыни ойлау мен пайымдау;  
• 
логикалық тұрғыдан ойлау;  
• 
өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалау;  
• 
мәселелерді зерттеу;  
• 
коммуникациялық;  
• 
жобаларды басқару дағдыларын дамытады.  
Оқушылар  жобалық  тапсырмалар  арқылы  әр  түрлі  мектеп  пәндерін 
меңгеру кезінде қажет болатын тек бастапқы білімді ғана алып қоймай, өз ой-
өрісін кеңейтіп, білімдарлығы мен өзіне сенушілігін көтереді.  
Жобалық тапсырманы әзірлеу үшін пән мұғалімдері:  
− 
тапсырмалар мен қызмет түрлерін мұқият іріктеуді;  
− 
мәселелерді үлгілеуді;  
− 
пәннің міндеттерін шешу стратегияларын әзірлеуге септігін тигізуді;  
− 
зерттеу  тәсілдемесіне  және  оқушылардың  зерттеулеріне  негізделген 
белсенді оқытуды көтермелеуді;  
− 
оқушылардың логикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытуды;  
− 
өздігінен оқу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауды;  
− 
басқарушылық,  коммуникативтік  және  кәсіпкерлік  құзыреттіліктерді 
дамытуды қамтиды.  
Осы құндылықтар мен көзқарастарды дамыту оқушыларға өмірдің барлық 
қырларынан  көрінуге  және  қоғамды  дамытуға  үлес  қосуға  көмектеседі. 
Жобалық тапсырмалар оқушылардың:  
− 
жаһанды  мәселелер  бойынша  әр  түрлі  пікірлерге  түсінік  пен  құрметті 
қалыптастыруды;  
− 
хабардарлықты, басқа мәдениетке аяушылық пен төзімділік танытуды;  
− 
басқа  адамдардың  тәжірибесі  мен  мәдениетін  назарға  ала  отырып, 
бағалаушылық және білім алу дағдыларын;  
− 
өзгерістерге дайын және икемді болу қабілетін;  
− 
тиімді  және  сенімді  дәлелдерге  негізделген  ой-пікірлерге  құрметпен 
қарауға ықпалдасуды;  
− 
әдеп сақтауға және зерттеу тақырыптары мен тәсілдері (мысалы, адамды 
клондау,  жабайы  аңдарды  аулау  тиімділігі  туралы  мәселелер)  бойынша 
мәселелерде моральдық дәлелді таңдау жасауды қамтиды.  
Жобалық  тапсырманы  орындауды  барысында  кең  ауқымды  дағдыларды 
қалыптастыруға жағдай жасалады.  
«Жобалық  тапсырмаларды  пәнінің  мазмұны  бойынша  дайындау 
дидактикалық  материалдардың  маңызды  бөлігі  болып  табылады,  біріншіден 
қолданылатын  оқыту  әдістері  мен  ғылыми  дидактикалық  қағидалары, 
72 


екіншіден  білім  алушылардың  психологиялық  қабылдау  ерекшеліктері 
ескеріледі.  Оқытудың  жетекші  дидактикалық  қағидалары:  жүйелілік, 
сабақтастық,  қолжетімділік,  белсенділік,  көрнекілік  болып  табылады.  Олар 
барлық  дидактикалық  материалдарды  құрастыру  кезінде  негізге  алынады. 
Оқытудың  басты  әдісі,  осы  қағидалардан  шыға  отырып,  адамның  сезіміне 
мағлұмат беру болып табылады.  
Дидактикалық  материалдар  функциясы  әр  түрлі:  олар  оқылатын  пән 
түсінігінде көмекші болып табылады, қажетті білім, білік, дағды оқушылардың 
таңдаған  тақырыбы  білім  көлемін  игеруді  тексеру  үшін  тапсырмалардың 
стандартты  құралдары;  зерттеу  өткізу  құралдары  және  оқушылардың  жаңа 
шығармашылық  жұмысын  құру  үшін  қор;  оқушылардың  оқу,  ізденушілік 
шығармашылық  және  зерттеушілік  қызметінің  қорытындысын  өткізу 
құралдары болып табылады. Дидактикалық материалдардың қажетті сапасы
материалдарды  берудің  түрлері  мен  әдістері  вариативтілігі;  мазмұнның 
тартымдылығы;  ойлау  қабілетінің  дамуына  бағытталған.  Оқу  материалы 
оқушының жеңіл игеруіне ыңғайлы болу керек. Оқушылардың білім сапасы оқу 
процесінің  қызығушылығына  байланысты.  Тапсырмалар  қызығушылықпен 
орындалу керек. Мұғалім оқушылардың ойлау, зерттеушілік қабілетін дамытуға 
ерекше мән береді.  
Заманауи  дидактика  ұстанымы  негізінде  оқушылардың  танымдық 
дағдысын дамыту, ақпараттар кеңістігіне бағдарлана алу білігі, сын тұрғысынан 
және шығармашылық ойлауды дамыту болып табылады.  
Жоба  әдісі  дидактикалық  мақсаттарға  жету  проблемалары  (технология) 
арқылы  әзірлеуді  ұсынады.  Жоба  әдісі  негізіне  «жоба»  ұғымы  мағынасын 
құрайтын  идея  енгізілген,  теориялық  немесе  практикалық  маңызды  мәселерді 
шешуде оның прагматикалық бағыты нәтижеге бағытталған.  
Бұл  нәтижені  көруге,  зерделеуге,  шынайы  практикалық  қызметте 
қолдануға  болады.  Бұған  түрлі  таңдалған  дидактикалық  материалдар 
оқушыларға  салыстыру,  талдау,  қорытындылау,  үлгілеу,  макеттер  жасауға 
көмектеседі.  
Нәтижеге  жету  үшін,  оқушыларды  өздігінен  ойлауға,  проблемаларды 
тауып  шеше  білуге  үйрету  керек,  бұл  мақсатқа  жету  үшін  білімді  түрлі 
салалардан  алып,  нәтижені  болжау  білігі  және  шешудің  түрлі  нұсқаларының 
мүмкін зардаптары, себеп-салдар байланыстарын тағайындау білігі. Жоба әдісі 
оқушылардың  өзіндік  жұмысына  бағдарланған  -  жеке,  топтық,  белгілі  уақыт 
көлемінде тапсырмаларды орындайды.  
Жоба  әдісін  педагогикалық  технология  ретінде  айтатын  болсақ, 
зерттеушілік,  ізденушілік,  проблемалық  әдістері,  шығармашылық,  әр  түрлі 
жақсы өңделген дидактикалық материалдары бар білім беру мақсатына жетуге 
ықпал  ететін  технология.  Жоба-бұл  мұғалімнің  арнайы  ұйымдастырған  және 
оқушылардың  өздігінен  орындайтын  іс-әрекет  кешені.  Жоба  әдісі  -  оқу-
танымдық, сараптамалық тәсілдердің жиынтығы, оқушылардың өз бетінше іс-
әрекеті нәтижесін презентациямен көрсетеді.  
Жобалық  тапсырмаларды  құрастыру  мен  қолдану  процесінде  мұғалім 
келесідей педагогикалық технологияны қолданады:  
73 



мақсаттарды анықтау;  

оларды сабақ жүйесіне қолдану мақсатын анықтау;  

оқу тапсырмаларының мазмұнын, тақырыптарын (немесе нақты бөлімді) 
таңдау және талдау;  

оларды  сабақта  қолдану  жүйесін  әзірлеу;  таңдап  алынған  сабақ  үшін 
компьютерлік  жобалау  және  таңдалған  сабақ  үшін  басқа  дидактикалық 
материалдар;  

оқу нәтижелерін бағалау критерилерін әзірлеу;  

білімді  бағалау  құралдарын  және  оларды  қолдану  әдістерін  әзірлеу; 
алынған 
нәтижелердің 
интерпретация 
процесінде 
дидактикалық 
материалдарды қосу.  
Өзінің  құрылымдық  ерекшеліктері  бойынша  оқу  дидактикалық 
материалдарының  түрлері  классификациясы  мен  қолдану  параметрлері 
(функция,  талаптар,  рәсімдеу);  карталар;  презентациялар;  схемалар;  кестелер; 
құжаттар  үлгілері;  суреттер;  фотографиялар;  моделдер;  макеттер;  бақылау 
парағы  мен  журналдар;  инструкциялар  мен  жаднама;  компьютерлік 
бағдарламалар; шартты белгілер; пиктограммалар; карточкалар; оқу мәтіндері; 
постерлер  мен  плакаттар;  аудио  ресурстар;  видео  ресурстар;  приборлар  мен 
тренажерлар;  инструменттер;  муляждар;  реквизиттер;  дидактикалық 
материалдарды әзірлеу мен рәсімдеу бойынша нұсқаулар.  
Жобалық  тапсырмаларды  құрастыру  мен  қолдану  процесінде  мұғалім 
келесідей тәсілдерді қолданады:  
1.  карточкалар-кеңес  беру  және  нұсқаулар,  түсіндіретін  суреттермен, 
тапсырмаларды  орындау  жоспары,  жаттығу  түрлерін  көрсету,  барлық  мүмкін 
тапсырмалармен 
карточкалар, 
тапсырмалардың 
үлгілік 
шаблондары, презентациялар мен мақалалар;  
а. салыстыру,  талдау,  дәлелдеу  білігін  қалыптастыру  бойынша 
тапсырмалар, себеп - салдар байланыстарын тағайындау, қайталау;  
б. түрлі  қиындық  деңгейіндегі  тапсырмалар:  репродуктивті,  қайта 
ұйымдасқан, шығармашылық;  
в. проблемалық,  практикаға  бағдарланған  мәселелермен  тапсырмаларды 
таңдау;  
г. қиял мен шығармашылықты дамытуға арналған тапсырмаларды таңдау;  
д. эксперименттік және зерттеушілік тапсырмалар.  
2.  оқушылардың  түрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істеуге  оқушыларды 
үйрету үшін дидактикалық мәтіндер (оқулық, карталар, схемалар, анықтамалар, 
сөздіктер, электронды ресурстар);  
3. жаңа материалды зерделеудің логикалық схемалары және оқу жұмысына 
қажетті әдістер көрініс тапқан нұсқау карточкалары;  
4. түрлі тапсырмалар мен қызметті орындау алгоритмдері;  
5.  теоремалар,  ережелер,  формулалар  көрсетілген  карточкалар,  негізінде 
тапсырмалар орындалады;   
6.  жаднамалар  (нұсқаулар)  ойлаудың  логикалық  операцияларын 
қалыптастыру бойынша: салыстыру, қайталау, классификация, талдау, синтез;  
7. өзіндік бақылау мүмкіндігімен құрылымы бойынша түрлі тесттер;  
74 


8. оқушылардың үй жұмысы (өзіндік) үшін оқу материалдары кешені;  
9. 
көрнекі құралдар мен карточкалар наборлары, нағыз көрнекі құралдар, 
иллюстрациялар,  картиналар  репродукциясы,  фотографиялар,  оқу  карталары, 
кестелер, схемалар, кроссвордтар т.б.;  
10.  танымдық  қызмет  түрлерін  өткізу  жоспарлары:  ғылыми  фактілерді 
зерделеу, эксперимент және зерттеуді дайындау және өткізу;  
11. анықтамалық материалдар;  
12.  ғылыми-техникалық  зерттеулерді  өткізу  кезінде  құралдарды  қолдану 
бойынша  жадынама,  өлшем,  есептер,  кестені  талдау,  диаграмма,  кесте 
ақпараты, схема, карталарды қосу;  
13. зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу жоспары, шынайы 
тәжірибе  немесе  эксперимент  компьютерлік  бағдарламада  имитация 
жағдайында;  
14.  ұжымдық  зертханалық,  тәжірибелік  және  басқа  жұмыстар, 
эксперименттер және тәжірибелер;  
15.  моделдер,  макеттер,  зерделеу  және  зерттеу  нысандарын  бейнелеуге 
мүмкіндік беретін диограмалар, процестер немесе құбылыстар;  
16. 
түрлі  материалдар: статистикалық, периодикалық  және  периодикалық 
емес басылымдар, авторлық басылымдар, мақалаларға сілтеме.  
Жобалық 
есептер 
белгілері 
бойынша: 
зерттеу, 
ақпараттық, 
шығармашылық, практикалық болып бөлінеді. Олар электронды, қағаз, дыбыс, 
сәуле-түсті және оған төмендегідей талаптар қойылады:  

ғылыми және дидактикалық материалдар мазмұнының қолжетімділігі;  

ең ашық, сипатты және мәнерлі параметрлерді таңдау;  

түсіну және әдістемелік тиімділік үшін қолжетімділік;  

қарым-қатынас жасау мен қолдану қауіпсіздігі;  

рәсімдеуге әдемі және эстетикалық талаптар.  
Әсіресе  оқушылар  үшін  тартымды  және  креативті  дидактикалық 
материалдар нәтижелі. Олардың негізгі сапалары мен сипаты келесідей, олар:  

ерекше тапсырмалар мен идеялардан тұрады;  

зияткерлік қиял мен фантазияларды қосуды талап етеді;  

ерекше  мәтіндер,  кестелер,  графиктер,  диаграммалар,  суреттер, 
схемалар,басқа құрылымдар бар;  

ерекше түсінуді талап етеді және оны қалыптастырады;  

жаңа тапсырмалар, болашаққа бағытталады;  

этикалық ұғымдар мен эстетикалық сапалар түсіністікпен орындалды;  

«идеялар фонтаны», мазмұнмен байланысты көптеген идеялардың пайда 
болуына ықпал етеді;  

жаңа идеялардың диверсификациясы мен дамуына ықпал етеді;  

түрі, түсті таңдау, дыбыстық, жарық компонентінің болуы түрі бойынша 
ерекше болуы мүмкін.  
Мәтіндік  редакторлар  электрондық  кесте,  бағдарламалар  мен  жүйені 
оқытатын  оқу  бағдарламаларының  ортасындағы  графикалық  редакторлар, 
сонымен  қатар  интернет  мүмкіндігін  пайдалануға  болады.  Электронды 
жабалық  тапсырмалар  мағынасын  есептеу  кезінде,  түрлі  формулдарды 
75 


қолдануда,  мәліметтерді  өзгеру  кезінде  формулдарды  қайта  есептеуде, 
диаграмма  мен  графиктерді  құруда,  кестедегі  бағаналарды  толтырудың  түрлі 
әдістерін  қолдануда,  формулдарды  жазу  мен  көшіруде  ыңғайлы.  Оқушылар 
жобалық  тапсырмаларды  қозғалысын  көре  алдады.  Олар  қиялдағы 
нысандардың  жұмысын  жеңілдетеді,  олардың  құрылымын,  нысандарды 
редакциялау  (орналастыру,  құю,  бөлу,  көшіру,  бұрылыс);  нысандар  тобын 
редакциялау;  түрлі  ақпараттың  өзіне  еркін  қолжетімділікті  қамтамасыз  етеді; 
белгілі  тақырып  бойынша  қажетті  ақпаттар  мен  иллюстрацияларды  тез  іздеу 
мүмкіндік береді; түрлі бөлім мен қызмет түрлері бойынша интернетте тұрған 
қолданыстағы  әдістемелік  құралдарды  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Олар 
оқушылардың  проблемаларға  бағдарлану  мүмкіндігі  мен  оларды  шешу 
жолдары  білігін  қалыптастырады.  Ең  тиімді  дидактикалық  материалдар 
белсенді  оқыту  әдістерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Ықпал  етуші 
факторларды  талдау  мен  есептеу  әдістерін  қолдануда,  дағдыларды 
қалыптастыруға; ақпараттарды басқаруға; біріккен жұмыстарға; проблемаларды 
талдауға, шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Талдау және есептеу әдістерінің 
мәні,  ол  тиімді  механизмді  ұсынады,  оқушыға  жоспарды  әзірлеуге  мүмкіндік 
береді  және  оны  жүзеге  асыру  бойынша  сәйкес  дидактикалық  материалдар 
көмегімен  іс-әрекетке  кіріседі,  сонымен  қатар  тапсырмаларды  шешу  үшін 
маңызы бар факторлардың толық тізімін анықтайды.  
Оқу материалы мазмұнын таңдау дидактикалық материалдарды жасаудың 
түйінді  сәттерінің  бірі  болып  табылады.  Педагог,  білім  беру  бағдарламасы 
контексінде  білім  алушыларға  мазмұнын  жеткізе  отырып,  тез  қабылдауға 
мүмкіндік беретін көрнекілік пен тапқыштықты қамтамасыз ету керек. Білімді 
бақылау  құралы  дидактикалық  материалдарды  қолдануда  білім  беру 
мақсаттарына тікелей байланысты.  
Педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  негізгі  үш  дидактикалық 
қағидаларын  жүзеге  асырудың  тиімді  тәсілдерін  қарастырады:  кіріктіру, 
саралау,  даралау,  түрлі  дидактикалық  материалдарды  қолдану  кезінде  оқу 
қызметінде  жүзеге  асырлады.  Жаңа  тәсілдер  педагогикалық  процесті 
ұйымдастырудың  үш  негізгі  дидактикалық  қағидаларын  жүзеге  асырудың 
тиімді жолдарын қарастырады: кіріктіру, саралау, даралау, түрлі дидактикалық 
материалдарды қолдану кезінде белсенді жүзеге асады.  
Сонымен  қатар  жобалық  тапсырмалар  –  оқушылардың  жобалау  және 
зерттеу  іс-әрекеті  бойынша  арнай  білімі  мен  дағдыларын  қалыптастыратын 
және дамытатын оқыту және тәрбиелеудің интегративтік дидактикалық құралы 
болып табылады. Ол мыналарға үйретеді:  
− 
проблемалық  мәселелерді  (проблемалардан  туындаған  мәселелерді  қоя 
білу);  
− 
мақсатты  тұжырымдау  және  оқушының  мазмұнды  іс-әрекетін 
жоспарлауды;  
− 
өзін-өзі талдауды және рефлексияны;  
− 
өз іс-әрекетінің нәтижесін және жұмыс барысын көрсетуді;  
− 
арнайы дайындалған жобалаудың өнімін әртүрлі жағдайда көрсетуді;  
76 


− 
маңызды ақпараттты іздеу және жинауды, қажетті білімді меңгеруді;  
− 
мектептегі білімді әртүрлі жағдайда, оның ішінде типтік емес жағдайда, 
практикалық тұрғыда қолдана білуді;  
− 
жобалау  өнімін  дайындаудың  керекті  технологиясын  таңдай  білу, 
қолдана білуді;  
− 
зерттеу  жүргізуді  (талдау,  жинақтау,  болжам  ұсыну,  нақтылау  және 
жалпылау) көздейді.  
Тапсырмалар  көбіне  оқушылардан  шыққан  нәтижені  талдап  қорыту, 
түсіндіру немесе негіздеу заңдылықтарын білуді талап етеді.  
Жобалық  тапсырмалар  көмегімен  қалыптасқан  білім,  білік  пен  дағдылар 
оқушылардың жоғары оқу орындарында ойдағыдай оқуына ықпалдасып, қазіргі 
заман талаптарына сәйкесуге мүмкіндік береді.  
Оқушыларды өмір бойы білім алуға дайындап, оларға:  
• 
ақпаратпен жетік жұмыс істеуге;  
• 
өз  пікірін  білдіруге,  қорғауға,  сондай-ақ  басқа  адамдардың  ой-пікірін 
құрметтеуге;  
• 
топта тиімді жұмыс жасай алуға;  
• 
өз  істері  үшін  жауапты  болуға  және  басқа  көзқарастарға  төзімділік 
танытуға;  
• 
әр  түрлі  салалардағы  білім  мен  дағдыларды  пайдалана  отырып, 
мәселелерді шешуге;  
• 
зияткерлік-әлеуметтік ортаға өз үлесін қосуға көмектеседі.  
Оларды  болашақ  өмірге  дайындап  олар  зерттеу,  сыни  ойлау  дағдыларын 
пайдаланып,  өз  көзқарасын  дәлелдеп,  қорғай  алатын  әлемнің  белсенді 
азаматтары ретінде танылады.  
 
 
 
 
 
77 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет