моделдеу және орындау, диаграммаларды, реакция теңдеулерінің сұлбаларын
оқи білу;
–
байқау немесе өлшеу нәтижелерін кестелер, графиктер көмегімен
көрсету;
–
моделдердің көмегімен қоршаған әлемдегі табиғи құбылыстарды
түсіндіру, мәліметтерге талдау жасау негізінде қорытынды жасау;
–
жаратылыстану аймағындағы зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін
түсіну;
–
алған білімдері негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды
түсіндіру немесе суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау;
–
қорытынды шығару, оларды талдау және негіздемесін бағалау үшін
ғылыми дәлелдеулерді және мәліметтерді пайдалану.
Қазіргі таңда жобалық тапсырмалармен оқушылардың жұмыс істеуі адам
өмірінің түрлі салаларында кең таралған іс-әрекет түрлерінің бірі болып
табылады.
Жобалау – адам баласы қызмет ететін түрлі салалардағы іс-әрекеттің ең
көп тараған түрі. Мектеп жағдайында жобалық іс-әрекетке үйрену арқылы білім
алушылар әлемнің жылдам өзгермелі жағдайында, яғни қызмет саласының
жаңа түрлері мен беймәлім жағдайлар туындап жататын барлық нақты
жағдаяттар барысында ұтымды шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.
Жобалық тапсырмалар нақты жағдайларда, сондай-ақ жаңа қызмет
салалары мен жаңа оқиғалар туындайтын қарқынды өзгермелі әлемнің
жағдайларында, мәселелерді тиімді шешу дағдыларын қалыптастырады.
Жобалық тапсырмаларды қолданудың мақсаты:
-
оқу қызметі мәдениетін қалыптастыру, білім алушылардың танымдық
қызметін белсенді ету;
-
түрлі ақпарат көздерімен жұмыстың білік, дағдыларын қалыптастыру
және оқу материалдарының өзіндік жұмыс дағдыларын өздігінен меңгеру;
-
абстрактылық ұғымдарды түсінуге ықпал ететін дидактикалық
материалдардағы сызба, карта, суреттер арқылы шығармашылық ойлауды
дамыту;
-
оқу ынтасын күшейту, өзіндік бақылау, өзіндік түзету;
-
оқу материалын игеру процесінде зияткерлік сапаларға жаттығу;
-
ойлаудың түрлерін дамыту (көрнекі-бейнелік, теориялық);
-
ойлаудың
түрлерін
дамыту
(көрнекілік-бейнелік,
теориялық,
логикалық);
-
есептеу жұмыстарын компьютерде орындау есебінен уақытты үнемдеу;
-
қызмет және бағалау нәтижесі бойынша (компьютерде сәйкес
түсіндірудің пайда болуы) қате диагностикамен, кері байланысты бақылауды
қамтамасыз ету;
-
зерттеушілік (шығармашылық) оқу міндеттерін бірігіп шешуде
зияткерлік және эмоциональдық қызметтердің өзара іс-әрекетін белсенді ету.
Жобалық тапсырмалар - оқу материалын игеруді ұйымдастырудың
маңызды элементі және түрлі
функцияларды орындайды, алған білімді бекіту
мен жетілдіруге, өзіндік жұмыс дағдысын дамытуға ықпал етеді.
71