еке! Жоғарылаңыз! Бір ескертіп айтайын: бұл үйде тіске басар, өзек жалғар түк
жоқ! Өзіміз де аш отырмыз!
–
Оқасы жоқ! Маған сіздің тамағыңыз емес, қабағыңыз қымбат! Соны
түсінсеңіз болғаны!
Тапсырма. Шұжық жасау жолдарын ұсыныңдар.
Құстың жүнін жұлудың жеңіл, оңтайлы жолдарын әзірлеңдер.
Құстың жүнін тұрмыста қолдану жолдарын ұсыныңдар (қандай заттар жасауға
болады).
5-
топқа
Естігеннің бәрі рас бола бермейді. Көргеніңізді айтыңыз:
–
Көргенімді айтсам: келе жатып, жолда бір жыланға жолықтым. Мені көрді де,
сіздің астыңыздағы шұжықтай шеңбер жасап, оратыла қалды. Мен оны сіздің
ана күңіңіз басып отырған қой басындай үлкен қара таспен былш еткіздім. Ол
сонда сіздің қызыңыз етегімен жауып отырған еттің нанындай жалпиып сала
берді. Егер өтірік айтсам, құдай мені сіздің бәйбішеңіздің бөксесіндегі жабайы
қаздай жүнімді жұлып, жалаңаштап сойсын!
Тапсырма. Жыланның түрлері, өмір сүру ортасы, пайдасы мен зияны. Малдың
басын қалай үйітеді және малдың басынан қандай тағамдар дайындауға
болады?
6-
топқа
Ашуы бетіне шауып, шиқандай боп қызарған Шықбермес Шығайбай
жанбасына басып отырған сала құлаш шұжықты қайнап жатқан қазанға
лақтырып кеп жібереді. Бәйбішесі жүні жұлынған жабайы қазды, күңі қойдың
үйітілген басын әлгі қазанға қоса лақтырады да бәрі бір ауыздан:
–
Қайна қазан бес ай! – деп дауыстайды. Алдар да етігін шешіп:
–
Отырайын он ай! – деп жайғаса бастайды.
Тапсырма. Еттің пайдасы мен зиянын анықта.
Ет пісіру жолдарын ұсын (ет қанша уақыт піседі).
Әр топ өзінің жобасының нәтижесін плакатта рәсімдеу немесе презентация
жасау арқылы қорғайды.
Топтардың бір-біріне сұрақ қоюын бағалайтынымды ескертемін. Сұрақ
нақты болуы тиіс.
Зерттеу жұмыстары кез келген пәннен және сабақтың барлық кезеңдерінде
жүргізілуі мүмкін. Жобалық тапсырма беру кезінде балалардың жас ерекшелігі
міндетті түрде ескірілуі тиіс, зерттеу тәсілі бастауыш сыныпта қарапайым
тапсырмалар орындау арқылы басталып негізгі орта білім деңгейінде неғұрлым
тереңдетілуі
тиіс.
Жоғары
сыныптарда
жобалық
тапсырмаларға
шығармашылық тәуелсіздік беріліп нақты жұмыстармен айналысуға мүмкіндік
беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: