Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет24/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Байланысты:
1457669972239 (1)

Тапсырма.  «Саябақ»  тірек-сызбасын  құрастыру.  Тірек  сызбада 
ауылымыздың  ортасындағы  саябақ  ертеде  қандай  болғанын  жобалау.  Қандай 
ағаштар, гүлдер отырғызылған?  
 
Саябақ  
 
 
 
 
 
ІІ топ «Бүгін»: Бестөбе кентіндегі Орталық саябақ мүшкіл халде. Кенттің 
дәл  ортасында  орналасқан,  ел  демалып,  таза  ауа  жұтып,  серуендейді  деген 
саябақта  ауру  ағаштар,  шіріген  ағаш  түбірлері  толып  кеткен.  Себебі  саябақ 
соңғы  отыз-қырық  жылда  мүлде  қараусыз  қалып  отыр.  Сонда  бұл  «саябақ» 
деген аты ғана ма? Демалуға кім келеді деген заңды сұрақтар туындайды.  
Тапсырма.  Туған  жеріміздегі  саябақтың  мұндай  күйге  түсу  себептерін 
анықтаңдар. Саябақты қалпына қалай келтіруге болады?  
ІІІ  топ  «Ертең»:  Бұл  демалыс  саябағы  болғандықтан  да  адамдар  отырып 
демалатын  орындықтарды  жаңартып  қоюымыз  қажет.  Ескілері  мүлдем 
жарамсыз.  Сәкілер  қажет.  Саябақтың  ішін  қоқыстан  тазартып,  абаттандыру 
керек.  Саябақ  ішінде  адамдар  тыныстап,  денсаулықтары  үшін  жаяу  жүретін 
жолдар  тозып  қопарылып  жатыр,  оларды  асфальттау  керек.  Саябақты 
жарықпен  қамтамасыз  ету  қажет.  Саябақтан  су  жүйелерін  жүргізіп,  су  бұрқақ 
жасау  керек.  Ол  ағаштардың  өсуіне  де  игі  әсер  етеді.  Сондықтан  кентіміздегі 
орталық  саябақтың  жөнделуі  адамдар  денсаулығы  үшін  аса  қажет.  Олардың 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруына  да,  бала-шағаларымен  таза  ауада, 
табиғат аясында серуендеуіне де саябақтың маңызы зор.  
Тапсырма.  Болашақтағы  саябақтың  суретін  немесе  сызбасын  ұсыныңдар. 
Сендердің ойларыңдағы саябақ қандай болуы тиіс.  
Тапсырмаларды 
орындау 
барысында 
«Ой-қозғау 
стратегиясы» 
44 


қолданылады.  
Әр топ әзірлеген жобаларын сынып алдында көрсетіп, қорғайды.  
Сабақтың соңында «Саябақ» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.  
 
Саябақ  
Көрікті, әдемі  
Жайқалады, қуантады, қорғайды.  
Саябақ адамдар демалатын орын  
Демалыс орны.  
 
ІІІ.  Сабақты  қорытындылау.  Саябақты  қалай  күтуіміз  керек? 
(оқушылардың жауабын тыңдау).  
ІV.  Үйге  тапсырма.  Үйдегі  үлкендерден  кентіміздегі  саяыбақтың  пайда 
болу тарихы туралы сұрап, жазып алу.  
 
Солтүстік  Қазақстан  облысы  Петропавл  қаласы  қазақ  мектеп-
гимназиясының  жоғары  санатты,  І  іргелі  деңгейді  растаған  бастауыш  сынып 
мұғалімі  Сексенбаева  Жанаржан  Дулатқызының  3-сыныпта  «Дүниетану» 
пәнінен  жобалық  тапсырмаларды  қолданумен  өткізген  сабағының  үлгісі.  Бұл 
сабақты жобалық тапсырмалардың санына қарай екі сағатқа созуға болады.  
 
3 сынып  
Пәні Дүниетану  
Сабақ  
Сабақтың 
тақырыбы  
Тері және оның атқаратын қызметі  
Жалпы 
мақсаты  
Терінің  адам  денесін  қалай  қорғайтындығы  және  оның  басқа  да  қызметі 
туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу 
Сабақ түрі  
Жаңа сабақ 
Оқыту әдісі  
Жұппен жұмыс, әңгімелесу, дәптермен жұмыс, жобалық ойын сәттері 
Күтілетін 
нәтижелер  
Терінің  адам  денесін  қалай  қорғайтындығы  және  оның  басқа  да  қызметі 
туралы түсінігін қалыптастырады 
Орындалатын 
жұмыстар  
1. Оқушыларды топқа бөлу. 
2. 
Топпен топ ережесін шығару. 
3. 
Сабақтың мақсатын түсіндіру. 
4. 
Сабақтың тақырыбын ашу. 
5. 
Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату. 
6. 
Рефлексия  
Ресурстар  
Оқулық,  үлестірмелі  парақшалар,  демонстрациялық  материалдар, 
үлкейткіш әйнек 
Сабақ 
кезеңдері  
Мұғалім әрекеті 
Оқушы әрекеті 
Ұйымдастыру 
кезеңі  
1. 
Сабақтың мақсатын түсіндіру 
2. 
Психологиялық тренинг 
3. Бағалау критерийлерін жасау 
Сабақтың мақсатын хабарлау. 
1) Амандасу. 2) Топқа бөлу (сурет құрастыру) 
ІІ.  Тірек  білім,  білік  және  дағдыларын 
белсендіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет