Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Деңгейі  
Мәні  
Мұғалім не 
істейді?  
Білім 
алушылар не 
істейді?  
Білім алушылардың 
қызметін 
айқындайтын 
етістіктер  





Білімі  
Ақпараттарды 
айқындау 
және іріктеу 
Әңгімелейді, 
көрсетеді, 
бағыттайды  
Зейін 
қояды, 
есте  сақтайды, 
айырады 
Тізбелеу,  есте  сақтау, 
атауларын 
білу, 
көрсету, 
тәмамдау, 
қайталау, еске түсіру 
Түсінуі  
Ұсынылған 
ақпараттарды 
түсіну; 
мәселені  өз 
сөзімен 
тұжырымдап 
айту  
Салыстырады, 
қарама-қарсы 
қояды, көпшілікке 
көрсетеді 
Түсіндіреді, 
түрлендіреді, 
көпшілікке 
көрсетеді 
Талқылау,  айқындау, 
әңгімелеу, 
сұрау, 
түсіндіру, 
тұжырымдау 
Қолдануы   Ұғымдарды 
жаңа 
жағдаяттарда 
қолдану  
Бақылайды, 
жәрдемдеседі, 
сынайды 
Мәселені 
шешеді,  білімін 
көпшілікке  паш 
етеді  
Қолдану, 
есептеу, 
өзгерту, 
таңдау, 
жіктеу, 
тәмамдау, 
көпшілікке 
көрсету, 
табу,  сахналау,  іске 
кірісу,  зерттеу,  байқау 
өткізу, нақтылы мысал 
келтіру, 
өзінше 
түсіндіру,  іске  көшу, 
машықтану, 
арақатынасын 
белгілеу,  жоспарлау, 
көрсету, 
нобайын 
жасау, 
шешу, 
пайдалану  
Талдау  
Ақпараттарды 
бір-бірімен 
байланысқан 
бөліктерге 
ажырату  
Бағыттайды, 
зерттейді, 
ақпараттандырады 
Ажыратады, 
талқылайды, 
мәнін ашады  
Талдау, 
топтау, 
есептеу, 
тиянақтау, 
жіктеу, 
салыстыру, 
байланыстыру, қарама-
қарсы  қою,  талқылау, 
саралау,  айыру,  өңдеу, 
зерттеу, 
байқаудан 
өткізу, 
түсіндіру, 
жария 
ету, 
ретке 
келтіру, 
күдіктену, 
арақатынасын 
белгілеу,  таңдау,  бөлу, 
тексеру 



2-
кестенің жалғасы  





Синтез 
жасау  
Ақпаратты 
құрастыру  
Қорытады, 
бағалайды,  пікір 
айтады  
Қорытады, 
тұжырымдайды, 
жоспарлайды 
Топтау,  жинау,  қосу, 
құру,  жасау,  әзірлеу, 
тұжырымдау,  қорыту, 
біріктіру,  ойлап  табу, 
түрлендіру, 
ұйымдастыру, 
жоспарлау,  дайындау, 
ұсыну, 
топтастыру, 
қайта  топтау,  қайта 
жазу, 
белгілеу, 
ауыстыру,  алдын  ала 
айқындау  
Бағалау  
Сын 
пікірлердің 
негізінде 
бағалау 
Нақтылайды,  жол 
сілтейді, 
үйлестіреді 
Талқылайды, 
бағалайды, 
таңдайды  
Дәлелдеу, 
таңдау, 
салыстыру, 
қорытынды  шығару, 
көз  жеткізу,  нақты 
дәлелдеу, 
шешу, 
негіздеу, 
түсіндіру, 
өлшеу,  алдын  ала 
болжау, 
саралау, 
ұсыну, бөлу, жинақтау, 
қолдау, 
тексеру, 
бағалау,  кеңес  беру, 
сараптау,  рецензиялау, 
зерттеу, 
дайындап 
шығару 
 
Жобалау  әдісі  –  пәндік  оқу  үдерісін  ерекшелендіретін  кешенді  оқыту 
тәсілдерінің  жиынтығы.  Бұл  әдіс  –  оқушылардың  әрекеттерін  өз  бетінше 
жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 
жобалық  тапсырмалар  зерттеушілік,  ақпарат  жинау,  шығармашылық 
жұмыстарды  атқарумен  қатар,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру 
тұрғысынан да  шешіледі.  Жобалық  тапсырмаларды адам қызметінің  саласына 
байланысты 
ғылыми-танымдық, 
коммуникативтік, 
тәжірибелік-
қайтақұрушылық, құндылықты-бағдарлы, көркемөнер-эстетикалық, әлеуметтік, 
шығармашылық және т.б. болып бөлінеді.  
География,  биология,  химия,  физика  пәндері  бойынша  орындалатын 
жобалық жұмыстардың бірнеше түрі бар:  
– 
зерттеушілік  (бұл  жобаның  нақты  құрылымы,  эксперименттер  жүргізу 
міндетті  болады,  жоба  ғылыми  зерттеуғе  ұқсас  болуы  тиіс)  –  реферат, 
баяндама, ғылыми мақала;  
– 
рефераттық-сипаттамалық  жобалар  негізінен  эксперименттік  тексеруі 
жоқ ақпаратты өңдеуге, проблеманы анықтауға бағытталған;  
– 
шығармашылық (шығармашылық іс-әрекетті сипаттау) және бұл қатарды 
әрі қарай өрбіте беруге болады.  
Жобалық  жұмыстарды  өлшемдері  және  түрлері  бойынша  келесідей 
жіктеуге болады (3-кесте).  



3-
кесте – Жобалық жұмыс түрлерінің жіктелуі  
 
Өлшемдері  
Жобалардың түрлері  
Мазмұны  
Экологиялық, 
физикалық-географиялық, 
әлеуметтік-
экономикалық, кешенді, өлкетанулық, тарихи, мәдени 
Кіріктірілу дәрежесі  
Бірпәндік (нақты бір пәннің материалында). 
Пәнаралық  (тақырыптары  байланысты  бірнеше  пәндердің 
мазмұнын есепке алатын). 
Пән мазмұнынан тыс (мектеп бағдарламасының мазмұнына 
кірмейтін деректер негізінде орындалатын). 
Жобаның орындалу мерзімі   Шағын жоба (бір сабақ көлемінде, бір апта немесе бірнеше 
апта көлемінде). 
Орта ұзақтықты (бір ай, бірнеше ай көлемінде). 
Ұзақ мерзімді (жыл бойы). 
Жобаға 
қатысушылардың 
саны  
Жеке, жұптық, топтық. 
Іс-әрекеттердің тәсілдері  
Танымдық,  шығармашылық,  тәжірибеге  бағытталған, 
зерттеушілік 
Оқыту құралдарын қолдану   Оқытудың  дәстүрлі  құралдары  (баспа  материалдар,  көрнекі 
және техникалық құралдар). 
Ақпараттық  және  коммуникативтік  (компьютерлік,  аудио 
және бейне құралдар). 
Жобалық  тапсырмалардың 
тақырыптық 
жоспарға 
енгізілуі  
Ағымдағы  (мазмұнның  бір  бөлігі  жобалық  іс-әрекеттің 
ішінде болады). 
Қорытынды  (жобаны  орындаудың  нәтижесі  бойынша 
оқушылардың нақты оқу материалын меңгеруі бағаланады). 
 
Жобалық әдіспен жұмыс істеу – бұл мұғалімнен жоғары біліктілікті талап 
ететін,  күрделілік  деңгейі  жоғары  педагогикалық  қызмет,  сонымен  қатар 
жобалық жұмыстарға қойылатын талаптар да ерекше болады, мысалы:  
– 
әлеуметтік  маңызы  бар  проблема  табуы  тиіс  –  бұл  ұйымдастыруы 
неғұрлым  қиын  және  мұғалім  мен  оқушылардың  бірігіп  шешімін  табуы  тиіс 
міндет;  
– 
әр жобалық жұмыс оқушыдан зерттеушілік іс-әрекетті талап етеді;  
– 
мұғалім  мен  оқушы  орындалатын  жобаның  түрін  нақты  анықтаулары 
тиіс;  
– 
жобаның  мақсатын,  нәтижесін,  істелетін  іс-әрекет  түрлерін  алдын-ала 
анықтап алулары тиіс.  
Жобалық  жұмыстарды  түрлеріне,  мақсаттарына,  жобаны  орындаудан 
күтілетін  нәтижеге,  жобалық  тапсырманы  орындау  барысында  оқушының 
орындайтын іс-әрекетіне байланысты келесідей жіктелуге болады (4-кесте).  
 
4-
кесте – Жобалық жұмыстардың түрлеріне байланысты жіктелуі  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет