Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
Байланысты:
1457669972239 (1)

Жобаның түрі 
Жобаның 
мақсаты 
Жобаның 
нәтижесі 
Оқушының іс-
әрекеті 
Қалыптасатын 
құзіреттілік 





Тәжірибеге 
бағытталған  
Жобаға 
тапсырыс 
берушінің  
Оқу 
құралдары, 
макеттер мен  
Нақты 
пән 
саласындағы 
практикалық  
Әрекеттік  
10 


4-
кестенің жалғасы  





 
тәжірибелік 
міндеттерін 
шешу  
үлгілер, 
ұсыныстар, 
жаднамалар  
іс-әрекет  
 
Зерттеушілік 
жоба  
Белгілі 
бір 
болжамды 
дәлелдеу  немесе 
теріске шығару  
Қабылданған 
тәсілмен 
зерттеу 
нәтижесін 
рәсімдеу 
Эксперимент 
жасаумен,  ойлау 
операцияларымен 
байланысты  іс-
әрекеттер 
Ойлау  
Ақпараттық 
жоба 
Нақты бір нысан 
немесе  құбылыс 
туралы  ақпарат 
жинақтау 
Қоғамның  ой-
пікірі  туралы 
сауалнаманың 
статистикалық 
деректерінің 
нәтижесі, 
нақты 
сұрақ 
бойынша 
әртүрлі 
авторлардың  
айтқан  пікірін 
қорытындылау  
Әр  түрлі  ақпарат 
көздерінен 
жинақталған 
ақпаратты 
жинақтауға, 
саралауға, 
тексеруге 
байланысты 
жұмыс;  ақпарат 
көзі 
ретінде 
әртүрлі 
мамандық 
иелерімен 
сұхбаттасу 
Ақпараттық 
Шығармашылық 
жоба 
Жобаның 
проблемасына 
көпшілік 
қызығушылығын 
туындату 
Әдеби 
шығармалар, 
бейнелеу  және 
сәндік-
қолданбалы 
өнердің 
шығармалары, 
бейнефильмдер 
Көпшіліктен  кері 
байланыс  алумен 
байланысты 
шығармашылық 
іс-әрекет 
Коммуникативтік 
Ойын 
немесе 
рөлдік жоба 
Жоба 
проблемасын 
шешу  бойынша 
тәжірибені 
көпшілікке 
көрсету  
 
Іс-шара 
(
ойын,  сайыс, 
викторина, 
экскурсия және 
т.б.)  
Топтық 
коммуникативтік 
дағдылармен 
байланысты  іс-
әрекеттер 
Коммуникативтік  
 
 
Жобалық  тапсырмалар  бойынша  орындалатын  жұмыстар  қандай  да  бір 
проблеманың  шешу  жолдарын,  тәсілдерін,  орындалатын  жұмыстың  нақты 
жоспарын құруды, кезеңдерін анықтауды, сол проблеманы шешу туралы пікір 
мен болжамның болуын, жобаға қатысушылардың арасында жұмыс түрлерінің 
бөлінуін,  яғни  топ  мүшелерінің  өзара  тығыз  байланыста  болуын  қажет  етеді. 
Жобалық  жұмыстың  кезеңдері,  сол  кезеңдерде  орындалауы  тиіс  жұмыстың 
мазмұны, оқушы және мұғалімнің іс-әрекетінің түрлерін келесі кестеден көруге 
болады (5-кесте).  
 
11 


5-
кесте – Жоба жұмысының орындалу реті  
 
Жобаның  
Кезеңдері  
Жұмыстың мазмұны  
Оқушылардың  
іс-әрекеті  
Мұғалімнің  
іс-әрекеті  




Дайындық 
Жобаның 
тақырыбын 
және 
мақсатын анықтау. 
Жұмыс тобын құру 
Жоба  тақырыбын 
мұғаліммен 
талқылайды. 
Қажетті 
ақпарат 
алады. 
Жобаның 
мақсатын 
анықтайды 
Жобалық 
әдістің 
мәнін таныстырады. 
Оқушылардың 
қызығушылығын 
оятады. 
Жобаның  мақсатын 
анықтауға 
көмектеседі. 
Оқушылардың 
жұмысын 
бақылайды  
Жоспарлау 
Қажетті 
ақпарат 
көздерін 
анықтау. 
Ақпаратты жинақтау және талдау 
тәсілдерін анықтау. 
Нәтижені  көрсету  тәсілдерін 
анықтау (жобаның формасы). 
Жоба  нәтижесін  бағалаудың 
тәртібін 
және 
өлшемдерін 
белгілеу. 
Топ  мүшелерінің  орындайтын 
жұмыстарын 
(міндеттерін) 
белгілеу  
 
Жобаның  мақсат-
міндеттерін 
құрастырады. 
Іс-әрекет 
жоспарын 
әзірлейді. 
Жобалық 
іс-
әрекеттің  жетістік 
өзіндік 
критерийлерін 
таңдайды 
және 
негіздейді 
Пікірлер ұсынады. 
Болжам жасайды. 
Оқушылардың 
жұмысын 
бақылайды 
Зерттеу 
Ақпарат 
жинақтау 
және 
нақтылау 
(негізгі 
құралдар: 
сұхбат,  сауалнама,  бақылау, 
эксперимент және т.б.). 
Анықтау  («ой  қозғау»  және 
жобаны  орындау  барысында 
пайда 
болған 
балама 
жағдайларды талқылау). 
Жоба 
барысының 
мүмкін 
нұсқаларын таңдау. 
Жобаның  зерттеу  мақсаттарын 
кезең-кезеңмен орындау  
 
Жобаның 
мақсаттарын 
кезең-кезеңмен 
орындайды 
Оқушылардың  іс-
әрекеттерін сырттай 
басқарады, 
кеңес 
береді, бақылайды 
Қорытын 
дылау 
Ақпаратты талдау. 
Қорытынды тұжырымдау 
Ақпараттарға 
талдау  жасайды. 
Жоба 
бойынша 
жұмыс жүргізеді. 
Зерттеу 
жұмыстарын 
орындайды. 
Жобаны 
рәсімдейді.  
 
Бақылайды. 
Кеңес 
береді 
(оқушылардың 
сұрауы бойынша) 
12 


5-
кестенің жалғасы  




Жобаны 
қорғау  және 
оның 
нәтижелерін 
бағалау 
Алынған  нәтижелерді  түсіндіре 
отырып, 
жобаның 
барысы 
туралы есеп әзірлеу. 
Жобаның 
орындалуын, 
нәтижесін 
(жетістіктер 
мен 
сәтсіздіктер)  және  себептерін 
талдау 
Жобаны ұсынады. 
Оның 
ұжымдық 
талдауына 
және 
баға 
беруіне 
қатысады 
Қатардағы 
қатысушы  ретінде 
мақсатқа 
сәйкес 
сұрақтар 
қояды, 
тыңдайды. 
Қажет 
болған 
жағдайда 
талдау 
үдерісін 
бағыттайды. 
Оқушылардың 
жұмысын,  есептің 
сапасын, 
креативтілігін, 
қолданылған 
дереккөздердің 
сапасын,  жобаның 
жалғастырылу 
әлеуетін бағалайды 
 
Оқушылардың  жобалық  жұмыстарының  нәтижесі  баяндама,  реферат, 
шығарма, плакат және т.б. түрде рәсімделуі мүмкін. Жобаны қорғау сатысында 
оқушылар  өз  жобаларын  көрсетіп,  тыңдаушылардың  сұрақтарына  жауап 
берулері  тиіс.  Оқушылар  пікірталас  жүргізуге,  жұмыстарын  қорғауға, 
жобаларының  басым  жақтарын  көрсетуге,  өз  көзқарастарын  сақтап  қалуға, 
басқа адамдардың пікірлерін тыңдауға және қорытынды шығаруға үйренеді. Өз 
жұмыстарын қорғау барысында оқушылар шығармашылық қабілеттерін жүзеге 
асыру, нақты мақсат бойынша жұмыс істей отырып білімдерін тереңдету, яғни 
мектеп бағдарламасында қамтылмаған тақырыптарды зерделеу мүмкіндігіне ие 
болады.  Жобалық  тапсырманы  қорытындылау  барысындағы  шығармашылық 
үдеріс  оқу  материалына  жаңаша  қарауға,  өз  білімін  жүйеге  келтіруге  жағдай 
жасайды.  Жобаны  қорғау  ойын,  дөңгелек  үстел,  пресс-конференция  т.б. 
түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін.  
Жобаны  қорғау  үдерісі  –  мектеп  оқушыларының  коммуникативтік 
біліктерін  дамытуға  қажетті  әдіс.  Соңғы  кездері  компьютердің  көмегімен 
презентация жасау жиі қолданылатын болып жүр. Презентация жасау арқылы 
оқушылар  заманауи  технологияларды  қолдану  дағдыларын  дамыта  отырып, 
жұмыс  барысында  қолданған  әдіс-тәсілдерді,  ақпарат  көздерін  сипаттайды, 
кездескен қиындықтар мен проблемалар туралы баяндайды. Өздіктерінен алған 
білімдерін, біліктерін, шығармашылық әлеуеттерін, іс-әрекеттерінің нәтижесін 
көрсетеді.  Жобаны  қорғау  барысындағы  оқушының  сөзі  қысқа  және  еркін 
болуы  тиіс.  Бұл  кезеңде  жобалық  жұмысты  одан  әрі  жалғастыру  келешегіне 
назар аударуды да ұмытпау қажет.  
Оқытудың  жобалық  әдісі  нысан,  құбылыс,  іс-әрекет  тәсілі  туралы  жаңа 
білім  «қалыптастыруға»  бағытталғандықтан,  мұғалімнің  сабақ  барысында 
атқаратын  рөлі  де  өзгеруі  тиіс.  Мұғалім  оқушылардың  іс-әрекетін  жобалау 
13 


технологиясын меңгеруі, «тәуелсіз кеңесші» рөлін атқаруы тиіс.  
Қорытындылай  келе  жаратылыстану  циклы  пәндерінде  жобалық  іс-
әрекетті қолданудың нәтижесінде:  
1.  
«Мұғалім – оқушы» арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгереді:  
– 
оқушы өз іс-әрекетінің мақсатын анықтайды – мұғалім оған көмектеседі;  
– 
оқушы өзіне жаңа білім ашады – мұғалім білім көздерін ұсынады;  
– 
оқушы эксперимент жүргізеді – мұғалім эксперименттің мүмкін түрлерін 
және әдістерін ашады, танымдық-еңбек әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі;  
– 
оқушы  таңдайды  –  мұғалім  таңдаудың  нәтижелерін  болжауға 
көмектеседі;  
– 
оқушы  белсенді  –  мұғалім  оқушының  белсенділігін  арттыруға  жағдай 
жасайды;  
– 
оқушы оқыту субъектісі – мұғалім әріптес;  
– 
оқушы өз іс-әрекеттерінің нәтижесі үшін жауап береді – мұғалім алынған 
нәтижені  бағалауға  және  іс-әрекетті  жетілдіру  тәсілдерін  анықтауға 
көмектеседі.  
2. 
Мұғалім әр түрлі дидактикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндігіне ие.  
3. 
Жұмыстың  орындалу  шегіне  қарай  оқушының  пәнге  қызығушылығы 
артады.  
4. 
Жобалық жұмыстар балалардың достығын нығайтады, тіл тапқыштық 
қабілеттерін,  топта  жұмыс  істеу  біліктерін  және  ортақ  жұмыс  үшін 
жауапкершіліктерін дамытады.  
5. 
Жобалық  жұмыс  өз  және  достарының  тәжірибесі  арқылы  оқуға 
мүмкіндік береді.  
6. 
Өз жұмысының нәтижесін көру оқушыларға үлкен қанағаттану және өз 
күшіне сену сезімін әкеледі, сондай-ақ өзін-өзі бағалауын жоғарылатады.  
7. 
Көпшілік жағдайда іс-әрекет нәтижесі презентация түрінде ұсынылады, 
бұл  оқушылардың  ақпараттық-коммуникативтік  құзыреттіліктерін  арттыруға 
мүмкіндік береді [4].  
 
 
 
 
 
14 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет