әлемін, “адамның [автордың –
О.М.] рухына қараған көңіл, қиял, ақыл” сияқты
рухани әлемінен тудыратынын айғақтап береді. Сонымен бірге өзі жасаған
көркем шығарманың ішінде автордың шығармашылық тұлғасы “сыртта тұрып
бақылап, уақиғаға көз салған адамша” шығарманың
төбесінен төне қарап,
“тысқарғы ғаламды” “өзінше көрік беріп” суреттейді.
Осы арада көңіл қоятын бір нәрсе – Байтұрсынов “әуезе” деп
әңгіме,
тарихи әңгіме, оқиғалы дастан сияқты көркем шығарманың нақты бір түріне
тоқталып, сондағы әуезелеушіні [автор] шығарманы қалай баяндап,
әңгімелейтініне, яғни автордың баяндаушы, әңгімелеуші қызметін атқаратын
тұлғасына тоқталған. “Әуезе тысқы ғалам турасындағы сөз” дей келіп, сол
“тысқарғы ғаламды” өзінше “көрік беріп” тудыратын автордің рөлін
анықтаған. Автор өз шығармасында “тысқы ғаламды” жайдан жай сөз
қылмайды, белгілі бір позициясы болғандықтан да сөз қылады.
Сондықтан
өзінің “ішкі ғаламындағы” рухани және көркемдік әлемін барынша
пайдаланады.
Байтұрсынов көркем шығарманың түріне қарай авторды әртүрлі
атаулармен
әуезелеуші, толғаушы, жазушы, ақын, сарындаушы т.б. деп
атаған.
Авторды
толғаушы дегенде: “толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін,
мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін
толғайды, екінші ішкергі ғаламында болған халдарды,
нәрселерді тысқа
шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін
түсіндіру мақсатпен толғайды” [6,450 б.] деп көрсетеді.
Авторды әуезелеуші дегенде
әңгіме, тарихи әңгіме т.б. шығармалардағы
рөлін айқындаса, толғаушы деп лирикалық өлеңдегі басқаларға құпия жан-
дүниесінің сан түрлі сырын ақтаратын, басқаларды өзінің көңіл күйіне бөлеп,
ойы мен сезіміне еліктіретін ақынның рөлін көрсетеді. Демек, автордың
поэзиялық шығармадағы позициясын нақтылап береді. Ол –
біріншіден,
“толғаушы” – автор өз “мұңын, мүддесін, зарын”, күйініш-сүйінішін
айтып
шер тарқату”,
екіншіден, сол “шерін” басқаларға білдіріп, басқаларды “сол
көңілінің күйіне түсіріп”,
үшіншіден, осы “халін түсіндіру мақсатпен
толғайтынын” анықтаған.
Ал
сарындаушы дегенде: “Сарындаушы өз заманындағы бар тұрмысты
ғана суреттеп қоймайды, өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып суреттейді” [6,450
б.] деп сарындаушы-автордың өзі өмір сүрген заманның,
қоғамның
шындығын көркем шығармасына өзек етіп қана қоймай, өмірде жоқ өз
фантазиясы мен қиял байлығынан да қосып, өзінше бір кең көлемді туынды
туғыза алатынына баса мән береді. Бұл жерде авторды сарындаушы деп
роман
жанрына қатысты орнын анықтайды.
Орыс әдебиеттану ғылымында зерттеушілер Байтұрсыновтың сарындаушы,
әуезелеуші, толғаушы,
ақын деген атауларын баяндаушы [повествователь],
Достарыңызбен бөлісу: