өзге мәтіндер, яғни өткен кезеңдегі және қазіргі мәдениет мәтіндері түрлі деңгейде және анық және көмескілеу танылатын пішінде қатысады.
Әрбір мәтін көне дәйексөздерден тоқылған жаңа матаны ұсынады. Мәдени кодтардың, формулалардың, ырғақтық құрылымның үзінділері, әлеуметтік идиомалар фрагменттері – осылардың барлығы мәтінге дейін және оның айналасында тіл әрекет етіп тұрғанда сол мәтінге жұтылып, араласып, сіңісіп кетеді. Кез келген мәтінге қажетті алғышарт ретінде интермәтінділік қайнар көз және ықпал ету мәселесіне тәуелді емес, ол өзін шығу тегі өте сирек жағдайда аңғарылатын тырнақшасыз берілетін бейсаналы және автоматты түрдегі дәйексөздер болатын анонимді формулалардың ортақ алаңы ретінде танытады» деген тұжырым жасаған.
Интермәтінді талдау әдісі ұстанымы бойынша «мәтін ішіндегі мәтінді» жүйелеу былайша түсіндіріледі: 1) интермәтінділік – бір мәтінге екі немесе одан да көп өзге мәтіндердің қатысуы (аллюзия, цитата, ссылка, плагиат); 2) парамәтінділік – мәтіннің атауына, соңғы сөзіне және эпиграфына өзге мәтін фрагменттерінің алынуы; 3) метамәтінділік – автордың өзіндік премәтінге (бастапқы, түпкі мәтіндерге) түсініктеме беруі немесе ішінара сыни сілмеме жасауы; 4) гипермәтінділік – бір мәтін арқылы екінші мәтінді сықақ етуі, пародиялауы; 5) архимәтінділік – мәтіндердің жанрлық тұрғыдағы байланысы, қарым-қатынасы. Бахтин пікірі бойынша автор бұрынғы және заманауи әдеби туындылармен үнемі диалогқа түседі, мәтін өз бойына өзге мәтіндердегі ойды жинақтайды, сөйтіп жаңа мәні туындайды. Қазіргі әдебиеттануда «интермәтінділік» термині кең түрде қолданысқа енді. Бұл термин арқылы құрамына бейсаналы, автоматты