Трагедиялық Трагедиялық пен жоғарыда айтылған "tcamapcuc" ұғымы тығыз байланысты. Қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-касірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы.
Трагедиялықтың қосарлы категориясы комедиялық. Жалпы да кең мағынасында комедиялық деп Э.Кассирер ұғымында, өткенмен қоштасу түрін айтамыз. Комедиялық белгілі әлеуметтік құбылыстың, адамдар іс-әрекеті мен мінез-құлқының, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің алдыңғы қатарлы қоғам мұратына тарихи тұрғыдан сәйкес келмеуіне мысқыл түрінде көрінеді. Комедиялық жаңа мен ескінің, мазмұн мен форманың, мақсат пен оған жету жолдарының, іс-қимыл мен жағдайдың, адамның шынайы табиғаты мен оның өзі туралы пікірлерінің бір-біріне сәйкессіздігінен байқалуы мүмкін. Комедия өнерде әр түрлі жанрларда кездеседі: сатира, юмор, әзіл-әжуа жөне т.б.