Эстетикалық сана мен эстетикалық таным


қажеттіліктердің пайда болуына және дамуына ықпал етеді



бет7/10
Дата07.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#30251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

қажеттіліктердің пайда болуына және дамуына ықпал етеді.

Осы негізде тұлға санасында қоғамдық өмірдің, өнердің, табиғаттың эстетикалық құбылыстарын дәлелді, негізделген бағалау – эстетикалық пайымдау қабілеті дамиды.

ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР


Эстетиканың негізгі категорияларының бірі — сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.

Үйлесімділік

Үйлесімділік деп отырғанымыз — белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай бірлігі.

Сұлулық — материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтиды.

Ал әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады.

Сұлулықтың, ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық сынды, табиғи өлшемдерін эстетикалык түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы сұлулығы оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. "Жылтырағанның бәрі әдемі емес" демекші, керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасынан жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет