Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар)


 Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.01.2017
өлшемі267,15 Kb.
#1483
1   2   3

 

4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

51. Есту қабілетін дамыту. 

52. 1 тоқсан. 

53. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату (Сен қай көшеде тұрасын? Сен нешінші қабатта тұрасың? Ұйықтайтын 

бөлме  нешінші  қабатта?).  Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі 

материалы: «Жазғы демалыс» (күнге қыздырындым, көлге бардым, күн ыстық, 

қыдырдым);  «Күз  келді»;  «Оқушының  күн  тәртібі»,  «Интернат»,  «Үй»  (аула, 

қора, қақпа, төбе, мұржа т.с.с); «Отбасы», «Аңдар қайда тұрады»; «Аңдар немен 

қоректенеді»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Біртіндеп  белсенділік  оқушыға  өтеді.  Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог 

барысында демонстрациялау; 

3)  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын  бала  деңгейіне  қарай 

ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді  суреттердің  көмегімен  және 

көмегінсіз  толықтыру.  Математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс 

математикалық  термин  сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып  оны  шешу, 

жеңіл мәселе есептерді орындау; 

4)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  8-10  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті 

суреттерді пайдалану. Деформацияланған мәтіндерді қосу. 

54. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) күн құбылыстарын білдіретін дыбыстар;  

2) би ырғағы;  

3) жеңіл фортепиано әндері;  

4) өлең әуендері;  

5) музыкалық ертегілер. 

55. 2 тоқсан. 


56. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (күзде  ауа  райы  қалай  өзгереді?  Адамдар  күзде  қалай  киінеді?  Сен 

қандай жыл мезгілдерін білесін? Сенің досың бар ма? Ол неше жаста?). Жалпы 

білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Күз.  Жыл  құстары.» 

«Киімдер, аяқ киімдер», «Үй жануарлары» (үй жануарлары қайда тұрады,немен 

қоректенеді,  олардың  пайдасы);  «Ақша»  (Неше  теңге  тұрады?  Қаншаға  сатып 

алдың? Неше теңге қайтарды?); «Біздің пәтер»; «Алақай, қыс келді»; (жаңа жыл 

мерекесі); 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Біртіндеп  белсенділік  оқушыға  өтеді.  Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог 

барысында демонстрациялау; 

3)  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын  бала  деңгейіне  қарай 

ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді  суреттердің  көмегімен  және 

көмегінсіз  толықтыру.  Математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс 

математикалық  термин  сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып  оны  шешу, 

жеңіл мәселе есептерді орындау; 

4)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  8-10  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнеіліктерді,  конструктивті 

суреттерді пайдалану. Деформацияланған мәтіндерді қосу. 

57. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) көлік шуылы;  

2)  жеңіл  әуендерді  қабылдау  және  ойыншықтар  мен  аспаптарда  ойнау 

(жаңғырту);  

3) би ырғақтарын қабылдау;  

4) өлең әуендері. 

58. 3 тоқсан. 

59. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (бала  деңгейіне  қарай  күрделендіру).  Жалпы  білім  беру  пәндеріне 

сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Қысқы  демалыс»,  «Бөлме  өсімдіктері», 

«Мамандақтар»,  «Үй  және  мектеп  жиһаздары»,  «Ыдыс»,  «Кітапханада», 

«Емхана, дәріхана», «Көктем келді», «Аналар мерекесі», «Наурыз»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: ойын; диалог барысында демонстрациялау; 

3) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрлымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын 



бала  деңгейіне  қарай  ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді 

суреттердің көмегімен және көмегінсіз толықтыру; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып  оны  шешу,  жеңіл  мәселе 

есептерді орындау; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  8-10  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті 

суреттерді пайдалану. Деформацияланған мәтіндерді қосу. 

60. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) техникамен байланысты шуылдар (мылтық атысы, пулемет т.с.с.);  

2)  төрт  және  оданда  көп  ырғақтарды  музыкалық  аспаптар,  қимыл-

қозғалыс, шапалақтау арқылы жаңғырту және қабылдау;  

3) балаларға арналған әндер. 

61. 4 тоқсан. 

62. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (бала  деңгейіне  қарай  күрделендіру).  Жалпы  білім  беру  пәндеріне 

сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Көктемгі  демалыс»,  «Адамдардың  көктемдегі 

бау-бақшадағы  еңбегі»  (қазады,  қопсытады,  отырғызады  себеді),  «Көлік 

түрлері», «Көшеде жүру ережесі», «Мамандықтар», «Заттардың сапасы»(темір, 

ағаш, шыны, пластмасса т.с.с.); 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Біртіндеп  белсенділік  оқушыға  өтеді.  Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог 

барысында демонстрациялау; 

3)  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын  бала  деңгейіне  қарай 

ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді  суреттердің  көмегімен  және 

көмегінсіз толықтыру; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып  оны  шешу  кезінде 

қолданылатын  сөздік  материалдар,  жеңіл  мәселе  есептерді  орындау  кезінде 

кездесетін сөздік материалдар; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  8-10  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті 

суреттерді пайдалану. Деформацияланған мәтіндерді қосу. 

63. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) техникамен байланысты шуылдар (трактор, салют т.с.с.); 

2) ұлттық хор әндері;  

3) қазіргі замандағы би ырғағы;  

4) өлең әуендері. 

64. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру: 


1)  сөйлеу  кезіндегі  тыныспен  жұмыс:  мұғаліммен  қосарланып  және 

еліктеу  арқылы  бір  тыныста  бірнеше  буындарды  бірге  айтқызу  (папапапапа 

немесе тататата);  

2)  9-10  буыннан  тұратын  сөздер,  сөз  тіркестері  және  фразаларды  бір 

тынысты  шығарғанда  айтқызу.  Мысалы:  Мен  сабақ  оқып  отырмын.  Балалар 

шанамен ойнады.  

65. Дауыспен жұмыс:  

1)  сөйлесіп  отырған  адаммен  ара  қашықтыққа  байланысты  дауыстың 

күшін өзгертуге үйрету (қатты айту, ақырын айту, сыбырлап айту);  

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  сөйлемдерді  хабарлы 

және сұраулы екпінмен айтуға үйрету.  

66. Дыбыстармен жұмыс. 

67.  Дұрыс  айта  алмайтын  дыбыстарды  түзету  және  бекіту.  Алмастырып 

айтатын  дыбыстардың  орнына  керек  дыбыстарды  айтқызу.  Сөздердегі 

дыбыстарды ажырату: 

1) дауысты дыбыстар: а-ә, о-ө, ұ-ү, ә-е, у-ұ; 

2) дауыссыз дыбыстар: 

қуыстан шығатын дыбыстар: с-з, ш-ж, с-ш, з-ж, ф-в; 

мұрындық дыбыстар: м-б, н-д, б-п, м-п, н-л; 

қабысып жарып шығатын дыбыстар: т-д, б-п, г-к, г-ғ, к-қ;  

аффрикаттар: ч; ц; щ. 

68. Сөздермен жұмыс:  

1)  өз  бетімен  4-5  буыннан  тұратын  таныс  сөздерді  буындық  құрамын 

сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айтқызу; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  4-5  буыннан  тұратын 

таныс  емес  сөздерді  буындық  құрамын  толық  сақтай  отырып,  орфоэпия 

ережесіне сай айтқызу; 

3)  құрамында  екі  дауыссыз  дыбыс  қатар  келген  сөздерді  бірге  айтқызу. 

Мысалы: дәптер, қант; 

4) «Буын», «екпін» ұғымы. Екі-, үш төрт бес буынды сөздердегі буынның 

санын анықтау; 

5) орфоэпия ережесін білу және сөйлеу кезінде өз бетімен қолдану: төсек-

төсөк, мектепке барады-мектепке барат, көмектес-көмөктес, аспаз-аспас. 

69. Фразалармен жұмыс:  

1) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдану; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  өз  бетімен  қалыпты  сөйлеу  тіліне  тән 

темппен айтқызу. 

 

5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

70. Есту қабілетін дамыту. 

71. 1 тоқсан. 

72. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 



1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (бала  деңгейіне  қарай  күрделендіру)  Жалпы  білім  беру  пәндеріне 

сәйкес сөйлеу  тілі материалы:  «Жазғы  демалыс»,  «Күз»,  «Адамдардың күздегі 

еңбегі»,  «Бақ,  бақша»,  «Дүкен»  (дүкендерді  түрлеріне  қарай  ажырату),  «Кім 

қайда істейді?» (Мамандық бойынша адамадардың жұмыс орны, пайдаланатын 

құрал-жабдықтары).  «Көше  тәртібі»  (бағдаршам,  жүргіншілеп  жолағы,жол). 

«Кітапты күтіп ұстайық»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог  барысында  демонстрациялау; 

суреттерді пайдалана отырып диалог құру; 

3)  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын  бала  деңгейіне  қарай 

ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді  суреттердің  көмегімен  және 

көмегінсіз толықтыру. Ұқсас бірнеше сөйлемдер арасынан керектісін таңдау; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып,шешу,  жеңіл  мәселе  есептерді 

орындау  барысында  кездесетін  сөздер.  Термин  сөздер  сыныпқа  байланысты 

өзгертіліп, толықтырылып отырады; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  10-12  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті 

суреттерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  қосу.  Жоспар  құрып, 

жоспар бойынша мәтінді мазмұндау. 

73. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1)  төрт  және  оданда  көп  ырғақтарды  музыкалық  аспаптар,  қимыл-

қозғалыс, шапалақтау арқылы жаңғырту және қабылдау;  

2) би әндері; әр-түрлі халық әндері;  

3) қошемет, салют, қоңырау үнді сағат шуылдары.  

74. 2 тоқсан. 

75. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (бала  деңгейіне  қарай  күрделендіру).  Жалпы  білім  беру  пәндеріне 

сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Күзгі демалыс», «Орман», «Аңдар қысқа қалай 

дайындалады?», «Асханада», «Мектеп шеберханасы», «Қыс. Қыс қызықтары»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог  барысында  демонстрациялау; 

суреттерді пайдалана отырып диалог құру; 

3)  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын  бала  деңгейіне  қарай 

ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді  суреттердің  көмегімен  және 

көмегінсіз толықтыру. Ұқсас бірнеше сөйлемдер арасынан керектісін таңдау;  

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып,  шешу,  жеңіл  мәселе  есептерді 


орындауға  керекті  сөздер.  Термин  сөздер  сыныпқа  байланысты  өзгертіліп, 

толықтырылып отырады; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  10-12  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнеіліктерді,  конструктивті 

суреттерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  қосу.  Жоспар  құрып, 

жоспар бойынша мәтінді мазмұндау. 

76. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) әр-түрлі халық әндері;  

2) хор әндері;  

3) өлең әуендері;  

4) радио және теле бағдарламалар дыбысталулары. 

77. 3 тоқсан. 

78. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен  қатар  таныс  емес    сөздер,  фразалар,  мәтіндерді  қолдану  (баланың 

естіп қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (бала  деңгейіне  қарай  күрделендіру).  Жалпы    білім  беру  пәндеріне 

сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Мен,  қысқы  демалысты  қалай  өткіздім?», 

«Оқушының  күн  тәртібі»,  «Мектеп  кітапханасы»,  «Менің  досым»(сипаттау), 

«Жануарлардың  адамға  пайдасы»,  «Хайуанаттар  бағы»,  «Көктем.  Көктем 

мерекелері», «Аналар мерекесі»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог  барысында  демонстрациялау; 

суреттерді пайдалана отырып диалог құру; 

3)  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын  бала  деңгейіне  қарай 

ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді  суреттердің  көмегімен  және 

көмегінсіз толықтыру. Ұқсас бірнеше сөйлемдер арасынан керектісін таңдау;  

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып,  шешу,  жеңіл  мәселе  есептерді 

орындау  кезіндегі  сөздер.  Термин  сөздер  сыныпқа  байланысты  өзгертіліп, 

толықтырылып отырады; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  8-12  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті 

суреттерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  қосу.  Жоспар  құрып, 

жоспар бойынша мәтінді мазмұндау. 

79. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) әр-түрлі халық әндері;  

2) хор;  

3) фортепиано әндері;  

4) өлең әуендері.  

80. 4 тоқсан. 



81. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз):  

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (бала  деңгейіне  қарай  күрделендіру).  Жалпы  білім  беру  пәндеріне 

сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Адамдардың  көктемгі  еңбегі»,  «Үй  және  жыл 

құстары», «Дүкенде», «Біздің әскер», «Жаз»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог  барысында  демонстрациялау; 

суреттерді пайдалана отырып диалог құру;  

3)  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдегі  сөз  құрамын  бала  деңгейіне  қарай 

ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді  суреттердің  көмегімен  және 

көмегінсіз толықтыру. Ұқсас бірнеше сөйлемдер арасынан керектісін таңдау;  

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин сөздерді  пайдалану,  есепті  құрастырып,  шешу,  жеңіл  мәселе  есептерді 

орындау.  Термин  сөздер  сыныпқа  байланысты  өзгертіліп,  толықтырылып 

отырады; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  10-12  сөйлемге  дейінгі  таныс  және  таныс  емес  мәтіндерді 

пайдалану.  Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті 

суреттерді  пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндеді  қосу.  Жоспар  құрып, 

жоспар бойынша мәтінді мазмұндау. 

82. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) атақты әншілердің дауыстары;  

2) өлең әуендері.  

83. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру: 

1)  сөйлеу  кезіндегі  тыныспен  жұмыс:  мұғаліммен  қосарланып  және 

еліктеу  арқылы  бір  тыныста  бірнеше  буындарды  бірге  айтқызу  (папапапапа 

немесе тататата);  

2) 13-15 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды қажетті 

синтагм  үзілістерін  графикалық  белгісіне  қарап  таныс  емес  создерде  еліктеу 

арқылы,  таныс  сөздерде  өз  беттерімен  айту.  Мысалы:  Ертең  кешке/біз 

теледидар көреміз.  

84. Дауыспен жұмыс: 

1) мұғалімге еліктеу арқылы және өз бетімен сұрақ қойған кезде дауысты 

қаттырақ  шығарып  логикалық  екпін  түсіріп айту.  Мысалы,  Кім  сабақ  айтады? 

Қандай көйлек киесің?;  

2)  сөйлемдерді  хабарлы,  лепті,  сұраулы  екпінмен  айтқызу.  Мысалы: 

Көктем келді. Алақай! Көктем келді! Көктем келді ме?.  

85. Дыбыстармен жұмыс. 

86.  Дұрыс  айта  алмайтын  дыбыстарды  түзету  және  бекіту.  Сөздердегі 

айтылуы жақын дыбыстарды ажырату: 

1) дауысты дыбыстар: а-ә, о-ө, ұ-ү, ә-е, у-ұ; 

2) дауыссыз дыбыстар: 


қуыстан шығатын дыбыстар: с-з, ш-ж, с-ш, з-ж, ф-в; 

мұрындық дыбыстар: м-б, н-д, б-п, м-п, н-л; 

қабысып жарып шығатын дыбыстар: т-д, б-п, г-к, г-ғ, к-қ;  

аффрикаттар: ч-ц, ц-с, ч-ш.  

87. Сөздермен жұмыс: 

1)  мәтіндерді,  тақпақтарды  орфоэпиялық  ережесін  сақтай  отырып 

айтқызу; 

2) жеке дыбыстардың дыбысталуы: 

ерін үндестігі: құлын-құлұн, төсек-төсөк, көңілді-көңүлді; 

дифтонгтардың дыбысталуы: тақия-тақыйа, Әлия-Әлійә, иық-ыйық, қию-

қыйұу; 

дауысты дыбыстардың дыбысталуы: шай-шәй, жай-жәй, лақ-ылақ; 



сөз ішінде дыбысталуы: абжылан-апжылан, сенген-сеңген, басшы-башшы 

кесші-кешші; 

екі  сөз  жігінде:  ақ  жауын-ағжауұн,  ақ  ала-ағала,  тақ  сан-тахсан,  алып 

ұшу-алыб ұшұу.  

88. Фразалармен жұмыс:  

1) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдану; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  өз  бетімен  қалыпты  сөйеу  тіліне  тән 

темппен айтқызу. 



 

6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

89. Есту қабілетін дамыту. 

90. 1 тоқсан. 

91. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен  қатар  таныс  емес    сөздер,  фразалар,  мәтіндерді  қолдану  (баланың 

естіп қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (ашық  таңдауда),  тану  (жабық  таңдауда)  -  (бала  деңгейіне  қарай 

күрделендіру). Қазір сағат неше? Күзде ауа райы қандай? Бірінші сабақ нешеде 

басталады. оқу іс-әрекетіне байланысты; ауа райы; жыл мезгілдері; отбасы; күн 

тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу  тілі  материялы  бойынша 

сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп  орындау.  Жалпы  білім  беру 

пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Жазғы  демалыс»,  «Менің  Отаным», 

«Қаланың көрікті жерлері», «Менің отбасым», «Күз», «Нан. Егіншінің еңбегі», 

«Не жақсы? Не жаман?»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог  барысында  демонстрациялау; 

суреттерді  пайдалана  отырып  диалог  құру;  жүргізілген  экскурсия,  демалыс 

күндерінен кейінгі диалог құру; 

3) сөйлемдерді ажырату (ашық таңдауда), тану (жабық таңдауда), танып-

білу  (таныс  емес  материал)  –  бұл  бөлім  материалдары  грамматикалық  сөйлеу 

тілі құрылымын қалыптастырумен тығыз байланысты. Сөйлемдегі сөз құрамын 


бала  деңгейіне  қарай  ұлғайту.  Сәйкес  суреттерді  таңдау.  Сөйлемдерді 

суреттердің  көмегімен  және  көмегінсіз  толықтыру.  Ұқсас  бірнеше  сөйлемдер 

арасынан керектісін таңдау. Деформацияланған сөйлеммен жұмыс; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  (ашық  таңдауда),  тану  (жабық 

таңдауда),  танып-білу  (таныс  емес  материял)  –  100-1000  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін пайдалануды жалғастыру. Сурет бойынша есептер құрастыру; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты 10 сөйлемнен артық  таныс және таныс емес мәтіндерді пайдалану. 

Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті  суреттерді 

пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  қосу.  Жоспар  құрып,  жоспар 

бойынша мәтінді мазмұндау. 

92. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) би музыкасы; өлең әуендері;  

2) тігін машинкасының, электропила шуылдары;  

3) инструменталды аспаптар;  

4) өлең әуендері; атақты әншілер дауыстары. 

93. 2 тоқсан. 

94. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (ашық  таңдауда),  тану  (жабық  таңдауда)  -  (бала  деңгейіне  қарай 

күрделендіру). Бүгін неше сабақ? Сен сабақта не үйрендің? Ертен неше сабақ? 

Саған  қай  жыл  мезгілі  ұнайды?  Неге?  Не  үшін?  Оқу  іс-әрекетіне  байланысты; 

ауа  райы;  жыл  мезгілдері;  отбасы;  күн  тәртібі;  асхана  бойынша 

пайдаланылатын  сөйлеу  тілі  материалы  бойынша  сұрақтарды  ажырату, 

тапсырмаларды  түсініп  орындауды  жалғастыру.  Қазір  сағат  неше?  Күзде  ауа 

райы  қандай?  Бірінші  сабақ  нешеде  басталады.  оқу  іс-әрекетіне  байланысты; 

ауа  райы;  жыл  мезгілдері;  отбасы;  күн  тәртібі;  асхана  бойынша 

пайдаланылатын  сөйлеу  тілі  материалы  бойынша  сұрақтарды  ажырату, 

тапсырмаларды түсініп орындау; 

2)  жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы: 

«Мамандықтар»,  «Біздің  пәтер»,  «Алақай,  қыс  келді»,  «Қысқы  спорт 

ойындары», «Құстар мен аңдардың қыстағы өмірі», «Оқушылардың мектептегі 

еңбегі»; 

3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  ойын;  диалог  барысында  демонстрациялау; 

суреттерді  пайдалана  отырып  диалог  құру;  жүргізілген  экскурсия,  демалыс 

күндерінен кейінгі диалог құру; 

4) сөйлемдерді ажырату  (ашық таңдауда), тану (жабық таңдауда), танып-

білу  (таныс  емес  материал)  –  бұл  бөлім  материалдары  грамматикалық  сөйлеу 


тілі  құрлымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес 

сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық 

сөздері  бар  күрделі  сөйлемдерді  ажырату  (пен,  мен,  және,  немесе,  өйткені). 

Дұрыс-дұрыс  емес  ойыны.  Мысалы:  Мұғалім  оқушыға,  бала  кітап  оқып 

отырған суретті ұсынып. Қыз кітап оқып отыр деп айтады. Оқушының міндеті 

дұрысын 

таңдау. 


Біртіндеп 

ойын 


түрін 

күрделендіруге 

болады. 

Деформацияланған сөйлеммен жұмыс; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  (ашық  таңдауда),  тану  (жабық 

таңдауда),  танып-білу  (таныс  емес  материял)  –  100-1000  жүздіктерді  ажырату. 

Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану.  Ондықтармен  және 

жүздіктермен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін пайдалануды жалғастыру. Сурет бойынша есептер құрастыру;  

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты 10 сөйлемнен артық таныс және таныс емес мәтіндерді пайдалану. 

Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті  суреттерді 

пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  қосу.  Жоспар  құрып,  жоспар 

бойынша мәтінді мазмұндау. 

95. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) би музыкасы; өлең әуендері;  

2)  тігін  машинасының,  электропила  шуылдары;  инструменталды 

аспаптар;  

3) өлең әуендері; атақты әншілер дауыстары. 

96. 3 тоқсан. 

97. Дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді қабылдау. 

Сонымен қатар таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдану (баланың естіп 

қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (ашық  таңдауда),  тану  (жабық  таңдауда)  -  (бала  деңгейіне  қарай 

күрделендіру).  Табиғат  құбылыстары;  оқу  іс-әрекетіне  байланысты;  ауа  райы; 

жыл  мезгілдері;  отбасы;  күн  тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу 

тілі  материялы  бойынша  сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп 

орындауды  жалғастыру.  Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі 

материалы:  «Қысқы  демалыс»,  «Қыс  қызықтары»,  «Табиғат  құбылыстары», 

«Қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау», «Көктем», «Әдептілік», «Менің бөлмем», 

«Халықаралық әйелдер күні», «Ұлыстың Ұлы күні»; 

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: Диалогты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем  мүшеоерінен:  бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш, 

пысықтауышты  қосу.  Диалог  барысында  демонстрациялау.  Суреттерді 

пайдалана отырып дилог құруды  жалғастыру. Жүргізілген экскурсия бойынша 


диалог құру. Театр, кинотеатр, музейде өткен экскурсия бойынша диалог құру. 

Досының  туған  күні,  мен  кім  болғым  келеді,  досын  сипаттау  тақырыптарына 

диалог жүргізуді жалғастыру; 

3) сөйлемдерді ажырату (ашық таңдауда), тану (жабық таңдауда), танып-

білу  (таныс  емес  материял)  –  бұл  бөлім  материалдары  грамматикалық  сөйлеу 

тілі  құрлымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес 

сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық 

сөздері  бар  күрделі  сөйлемдерді  ажырату  (пен,  мен,  және,  немесе,  өйткені). 

Дұрыс-дұрыс емес ойыны. Деформацияланған сөйлеммен жұмыс жасау;  

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  100-1000  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем  

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін  пайдалануды  жалғастыру.  Сурет  бойынша  есептер  құрастыру  ды 

жалғастыру; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты 10 сөйлемнен артық  таныс және таныс емес мәтіндерді пайдалану. 

Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті  суреттерді 

пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  қосу.  Жоспар  құрып,  жоспар 

бойынша мәтінді мазмұндау. 

98. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) өлең әуендері; атақты әншілер дауыстары;  

2) симфониялық әндер. 

99. 4 тоқсан.  

100.  Дыбысталуы  таныс  сөздерді,  қысқа  фразаларды,  мәтіндерді 

қабылдау.  Сонымен  қатар  таныс  емес  сөздер,  фразалар,  мәтіндерді  қолдану 

(баланың естіп қабылдау деңгейіне байланысты аппаратпен және аппаратсыз): 

1) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату  (ашық  таңдауда),  тану  (жабық  таңдауда)  -  (бала  деңгейіне  қарай 

күрделендіру).  Табиғат  құбылыстары;  оқу  іс-әрекетіне  байланысты;  ауа  райы; 

жыл  мезгілдері;  отбасы;  күн  тәртібі;  асхана  бойынша  пайдаланылатын  сөйлеу 

тілі  материялы  бойынша  сұрақтарды  ажырату,  тапсырмаларды  түсініп 

орындауды  жалғастыру.  Жалпы    білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі 

материалы:  «Құстар  біздің  досымыз»,  «Ғарышкерлер  күні»,  «Отан 

қорғаушылар», «Жаз», «Жаз қызықтары»;  

2)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: Диалогты ойын түрінде ұйымдастыру. Диалог кезінде 

сөйлем  мүшеоерінен:  бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш, 

пысықтауышты  қосу.  Диалог  барысында  демонстрациялау.  Суреттерді 

пайдалана отырып дилог құруды  жалғастыру. Жүргізілген экскурсия бойынша 

диалог құру. Театр, кинотеатр, музейде өткен экскурсия бойынша диалог құру. 


Досының  туған  күні,  мен  кім  болғым  келеді,  досын  сипаттау  тақырыптарына 

диалог жүргізу ді жалғастыру; 

3) сөйлемдерді ажырату (ашық таңдауда), тану (жабық таңдауда), танып-

білу  (таныс  емес  материял)  –  бұл  бөлім  материалдары  грамматикалық  сөйлеу 

тілі  құрлымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Сюжеті  бойынша  ұқсас 

суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  Өткен  тақырыптар  бойынша  сөздікті  пайдалана 

отырып,  күрделі  сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес 

сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен  керектісін  таңдау  жалғастыру.  Жалғаулық 

сөздері  бар  күрделі  сөйлемдерді  ажырату  (пен,  мен,  және,  немесе,  өйткені). 

Дұрыс-дұрыс емес ойыны. Деформацияланған сөйлеммен жұмыс жасау; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  (ашық  таңдауда),  тану  (жабық 

таңдауда),  танып-білу  (таныс  емес  материял)  –  100-1000  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен қосып азайту. 2-9 көлеміндегі көбейту кестесі, есе артық, есе кем 

терминдерін  ажырату.  Мәселе  есептерде  артық,  кем,  есе  артық,  есе  кем 

терминдерін  пайдалануды  жалғастыру.  Сурет  бойынша  есептер  құрастыруды 

жалғастыру;  

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты 10 сөйлемнен артық таныс және таныс емес мәтіндерді пайдалану. 

Мәтінмен  жұмыс  барысында  көрнекіліктерді,  конструктивті  суреттерді 

пайдалану.  Деформацияланған  мәтіндерді  қосу.  Жоспар  құрып,  жоспар 

бойынша мәтінді мазмұндау. 

101.  Тілдік  емес  дыбысталуларды  естіп  қабылдау:  өлең  әуендері;  атақты 

әншілер дауыстары; симфониялық әндер. 

102.  Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру:  сөйлеу  кезіндегі  тыныспен 

жұмыс.  Жаттап  алған  мәтінді  синтагмдік  үзілістерін  сақтай  отырып  дұрыс 

тыныс шығарып айтқызу.  

103. Дауыспен жұмыс:  

1)  мәтінді  оқыған  кезде  хабарлы,  сұраулы,  лепті  екпіндерді  дұрыс 

айтқызу;  

2) сөйлемдерді хабарлы, лепті, сұраулы екпінмен айтқызу.  

104. Дыбыстармен жұмыс. 

105.  Дұрыс  айта  алмайтын  дыбыстарды  түзету  және  бекіту.  Сөздердегі 

айтылуы жақын дыбыстарды ажырату: 

1) дауысты дыбыстар: а-ә, о-ө, ұ-ү, ә-е, у-ұ; 

2) дауыссыз дыбыстар: 

қуыстан шығатын дыбыстар: с-з, ш-ж, с-ш, з-ж, ф-в; 

мұрындық дыбыстар: м-б, н-д, б-п, м-п, н-л; 

қабысып жарып шығатын дыбыстар: т-д, б-п, г-к, г-ғ, к-қ;  

аффрикаттар: ч-ц, ц-с, ч-ш.  

106. Сөздермен жұмыс: 

1)  мәтіндерді,  тақпақтарды  орфоэпиялық  ережесін  сақтай  отырып 

айтқызу;  

2) ы және й дыбыстарының тіркесі: ми-мый, жина-жыйна; 


3) і және й дыбыстарының тіркесі: иіс-ійіс, киіз-кійіс; 

4) жеке ы дыбысы: мия-мыйа, қию-қыйұу, сия-сыййа; 

5) жеке ұ дыбысы: су-сұу, ту-тұу, буын-бұуын.  

107. Фразалармен жұмыс:  

1) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдану;  

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  өз  бетімен  қалыпты  сөйлеу  тіліне  тән 

темппен айтқызу; 

3) диалог кезінде логикалық екпіндерді қолдануға үйрету. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет