7. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар
108. Пәндік нәтижелер. Дайындық сыныптың соңында оқушылар:
1) есту аппаратымен және есту аппаратынсыз берілген сөздерді, сөз
тіркестерін, фразаларды есту арқылы қабылдауды және айтуды:
оқу іс әрекетін ұйымдастыруға байланысты сөздік материалдарды;
тақырыптарға байланысты сөздік материалдарды;
2) берілген материалдарды аппаратсыз 0,9 м-1м қашықтықтан (1
деңгейдегі нашар естушілік), 0,2 м-0,3м қашықтықта (2 деңгейдегі нашар
естушілік), құлақ түбінен (3 деңгейдегі нашар естушілік) қабылдауды;
3) жеке есту аппараттарымен 1м-1,3м қашықтықта (1 деңгейдегі нашар
естушілік), 1м қашықтықта (2 деңгейдегі нашар естушілік), 0,5 м қашықтықта
(3 деңгейдегі нашар естушілік) қабылдауды;
4) 3-5 қысқа сөйлемнен тұратын мәтіндерді есту арқылы қабылдауды
және айтуды;
5) дыбысталатын ойыншықтарды ажыратуды;
6) дыбыстың шыққан бағытын анықтауды;
7) дыбысталудың қарқындылығы, ұзақтығын, санын ажыратуды білуі
тиіс.
8. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
109. Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) есту аппаратымен және есту аппаратынсыз берілген сөздерді, сөз
тіркестерін, фразаларды есту арқылы қабылдауды және айтуды:
оқу іс әрекетін ұйымдастыруға байланысты сөздік материалдарды;
тақырыптарға байланысты сөздік материалдарды;
2) берілген материалдарды аппаратсыз 1м-1,3 м қашықтықтан (1
деңгейдегі нашар естушілік), 0,3м-0,4м қашықтықта (2 деңгейдегі нашар
естушілік), 5-7 см қашықтықта (3 деңгейдегі нашар естушілік) қабылдауды;
3) сөздік материалды жеке есту аппараттарымен 1,5 м -1,7 м қашықтықта
(1 деңгейдегі нашар естушілік), 1м -1,2 м қашықтықта (2 деңгейдегі нашар
естушілік), 0,5 м -0,7м қашықтықта (3 деңгейдегі нашар естушілік)
қабылдауды;
4) 5-7 қысқа сөйлемнен тұратын мәтіндерді есту арқылы қабылдау және
айтуды;
5) тілдік емес дыбыстарды, әуенді, жануарлардың, құстардың дауыстарын
аппаратпен және аппаратсыз есту арқылы қабылдауды;
6) есту арқылы жиілігі әртүрлі дауыстарды қабылдау және әртүрлі
жиілікте сөйлей алуды;
7) дыбыстың шыққан бағытын анықтауды;
8) ересек адаммен баланың дауысын ажырата алуды;
9) 5-8 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды бір
тынысты шығарғанда айта алуды;
10) өз бетімен 4-5 буыннан тұратын таныс сөздерді буындық құрамын
сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айтуды;
11) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айтуды;
12) 7-8 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды бір
тыныс шығарғанда айтуды;
13) хабарлы және сұраулы сөйлемдерге байланысты дауыстың мәнерін
өзгертуді;
14) қазақ тіліндегі дыбыстарды ашық, жабық және тұйық буында, сөзде,
сөз тіркестерінде дұрыс айтуды;
15) екі дауыссыз қатар келген сөздерді дұрыс айтуды білуі тиіс.
9. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
110. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді ажыратуды;
2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілін, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажыратуды;
3) диалог жүргізуді;
4) сөйлемдерді ажыратуды;
5) математикалық материалды ажыратуды және тануды;
6) 8-10 сөйлемге дейінгі таныс және таныс емес мәтіндерді ажыратуды;
7) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдануды;
8) 9-10 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды бір
тынысты шығарғанда айту;
9) сөйлесіп отырған адаммен ара қашықтыққа байланысты дауыстың
күшін өзгертуді;
10) сөздердегі дыбыстарды ажыратуды;
11) өз бетімен 4-5 буыннан тұратын таныс сөздерді буындық құрамын
сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айтуды;
12) «Буын», «екпін» ұғымын;
13) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдануды;
14) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айтуды білуі тиіс.
10. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
111. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді ажыратуды
және тануды;
2) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдануды;
3) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажыратуды және тануды;
4) диалог жүргізе білуді;
5) ұқсас бірнеше сөйлемдер арасынан керекті сөйлемдерді тануды;
6) математикалық материалды ажыратуды және тануды;
7) деформацияланған мәтіндерді қабылдауды және ажыратуды;
8) 10-12 сөйлемге дейінгі таныс және таныс емес мәтіндерді ажыратуды;
9) 13-15 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды қажетті
синтагм үзілістерін графикалық белгісіне қарап таныс емес создерде еліктеу
арқылы, таныс сөздерде өз беттерімен айтуды;
10) сөйлемдерді хабарлы, лепті, сұраулы екпінмен айтуды;
11) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажыратуды;
12) мәтіндерді, тақпақтарды орфоэпиялық ережесін сақтай отырып
айтуды білуі тиіс.
11. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
112. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді ажыратуды
және тануды;
2) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдануды;
3) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді
ажыратуды және тануды;
4) диалог жүргізуді;
5) сұрақ жауап алмасуды;
6) жоспар құрып, жоспар бойынша мәтінді мазмұндауды;
7) мәтінді оқыған кезде хабарлы, сұраулы, лепті екпіндерді дұрыс айтуды;
8) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажыратуды;
9) мәтіндерді, тақпақтарды орфоэпиялық ережесін сақтай отырып айтуды;
10) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айтуды білуі тиіс.
113. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы түсінігі болуы және
оны құрметтеуінен;
2) өз Отанына деген мақтаныш сезімінен;
3) өз ана тілін білуі және құрметтеуінен, өз халқының және Қазақстанда
өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына
құрметпен қарауынан;
4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын аялауға және қорғауға
ұмтылуынан;
5) үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына
мейірімді, кішіпейілділігінен көрініс табады.
114. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) сөйлеу тілін қарым қатынас құралы ретінде қолдана білуімен;
2) қарым қатынас кезінде сөздік материалдарды естіп қабылдауымен;
3) ауызша сөйлеу тілін меңгеруімен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |