5. Комиссияның жұмыс істеу тәртібі
18. Комиссия отырысы қажеттігінше, бірақ тоқсанында бір реттен кем емес түрде өткізіледі және оның мүшелерінің 2/3-тен астамы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
19. Комиссияның шешімдері кворум болған кезде ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және хаттамалармен ресімделеді. Комиссия отырыстарының хаттамаларына, ұсыныстарға төраға мен хатшы қол қояды.
20. Комиссия отыз күнтізбелік күнге дейін клиникалық зерттеу хаттамаларына, ақпараттандырылған келісім нысандарына, зерттеушілердің, зерттеу орталықтарының кәсіби тәжірибесіне, зерттеу жүргізілетін адамдардың денсаулығын сақтандыру жөніндегі құжаттарға және басқа материалдарға сараптамалық баға береді.
21. Комиссия ұсынылған құжаттар мен деректерге сараптама жүргізу нәтижесінде мынадай қорытындылар шығарады:
1) зерттеу жүргізуді мақұлдау;
2) комиссия қорытындыны бергеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде зерттеу материалдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу ұсынысын жасау арқылы зерттеу жүргізуді мақұлдау;
3) Комиссияның кезекті отырысында материалдарды кейіннен қайта қарау арқылы ескертулер жойылғанға дейін шешім қабылдауды кейінге қалдыру;
4) зерттеу жүргізуге өтінімді ұсынбау.
5) айтарлықтай бұзушылықтар анықталған жағдайда бұрын берілген мақұлдауды қайтарып алу.
22. Өтініш берушінің сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайында Комиссия өтініш берушінің және тәуелсіз сарапшылардың қытысуымен өтінім берушінің шағамы келген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде «зерттеу материалдарын қайта қарастырады.
23. Жергілікті этикалық комиссия жыл сайын есепті кезенні 30 қарашасына дейін Комиссияға атқарылған жұмыстар туралы есеп ұсынады. Өз қызметінің нәтижелері бойынша Комиссия жыл сайын 10 желтоқсанға дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға есеп жолдайды,
24. Комиссия мен жергілікті этикалық комиссиялар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі функциялардың келісіммен анықталады.
25. Комиссия бұқаралық ақпарат құралдарын атқарылатын жұмыс, Комиссияның мақсаттары мен міндеттері, зерттеу жүргізілетін адамдардың құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы хабардар етеді, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп зерттеулердің этикалық аспектілерін талқылауға қатысады, шетелдердегі этикалық комитеттермен байланыстарды қолдайды және дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |