Этикалық комиссияның мақсаттары
6. Этика мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің мақсаты биология мен медицина жетістіктерінің пайдаланылуына байланысты адамның құқықтары мен ар-намысын қорғау болып табылады
3. Комиссияның міндеттері және функциялары
7. Комиссияның міндеттері:
1) халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін зерттеулердің құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
2) зерттеулерді жоспарлау және жүргізу сатысында қауіпсіздікті тәуелсіз бағалау және адам құқықтарын сақтау;
3) зерттеу бағдарламасының тиісті клиникалық, зертханалық және ғылыми практикаға сәйкестігін бағалау, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдары зерттеушілерінің біліктілігін және техникалық құрал-жабдықтарды бағалау;
4) биомедициналық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормаларды сақтауды бағалау;
5) биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттарды дайындауға қатысу болып табылады.
7. Комиссияның негізгі қызметтері:
1) қазіргі заманғы биология мен медицина жетістіктерін пайдалану, ғылыми, білім беру, емдеу-профилактикалық және өзге де қызметті жүргізу кезінде адамдардың денсаулығы, салауаттылығы мен қауіпсіздігіне деген құқығын сақтау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы этикалық нормалардың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
2) зерттеулердің этикалық бағалауын жүргізу, олардың құрамын және стандартты операциялық шараларды келісу бойынша этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялардың қызметін үйлестіру, мониторингілеу
және бағалау;
3) зерттеулер этикасы мәселелері жөнінде жергілікті комиссия мүшелеріне және зерттеушілерге әдістемелік көмек көрсету, кеңес беру және оқыту;
4) этикалық сараптау жүйесін жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
5) қаржыландыру көздеріне қарамастан қолданбалы және іргелі сипаттағы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларының этикалық сараптамасын ұйымдастыру;
6) республикалық және мемлекет аралық зерттеулер жүргізу кезінде жаңа медициналық технологияларды, дәрілік заттарды, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, профилактикалаудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа құралдарын және әдістерін қолдану арқылы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің, клиникалық зерттеулердің және медициналық-биологиялық тәжірибелердің материалдарына өнегелі-этикалық сараптама жүргізу;
7) зерттеулерді және медициналық - биологиялық тәжірибелер жүргізуді бастауға дейінгі, барысындағы және (немесе) жүргізілгеннен кейін пайда болатын даулы мәселелерді қарастыру;
8) кеңестерді, конференцияларды, симпозиумдарды өткізу;
9) ғылым саласында басқа республикалық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу;
10) мамандандырылған медициналық журналдарда Комиссияның қызметі туралы жариялау;
11) медициналық көмек мән-мәтінінде этикалық проблемалар және моральдық дилеммалар бойынша мамандар мен халықты ақпараттандыру.
9. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
1) Комиссияның шешімі бойынша, ақпарат зерттеуден өтетін тұлғалардың құқығын, қауіпсіздігін және (немесе) аман-саулығын қорғау деңгейін түбегейлі арттыруға мүмкіндік беретін болса, этика мәселелері бойынша жергілікті комиссиялардан клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеуге, клиникалық зерттеуге қатысты кез келген ақпаратты, зерттеу жөніндегі қосымша мәліметтерді сұратуға;
2) әртүрлі салалардағы мамандар болып табылатын тәуелсіз сарапшыларға және консультанттарға көмек алу үшін жүгінуге;
3) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулер беруге, ұсыныстар жасауға, нұсқаулар беруге және шешімдер қабылдауға;
4) этика мәселелері жөнінде жергілікті комиссия қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға, олардың қызметіне мониторинг жүргізу және баға беруге.
10. Комиссия өз жұмысында:
1) адамды есепке ала отырып, барлық зерттеулерге сараптама жүргізу сапасын;
2) болжамды пайданы салыстырудағы зерттеу жүргізілетін тұлғалар үшін болжамды тәуекел және қолайсыздықтың ақталуын және қауіпсіздікті;
3) құпиялылықты сақтауды;
4) Комиссия зерттеу жүргізуге қатысты пайда болған даулы мәселелер бойынша жазбаша қорытынды бергенге дейін, зерттеу жүргізілетін адамды зерттеуге/сынақ жүргізуге қосуды жол бермеуді;
5) жазбаша түрде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды,
этика мәселелері бойынша жергілікті комиссияларды, зерттеушілерді
хабардар етуді.
Достарыңызбен бөлісу: |