Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



бет4/5
Дата31.12.2021
өлшемі32,14 Kb.
#22807
түріКодекс
1   2   3   4   5
4. Комиссияның құрылымы

 

11. Комиссияның құрамы денсаулық сақтау саласындағы, ғылым, өнер, құқық мамандарынан, діни конфессиялар және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен пәнаралық негізде қалыптастырылады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

12. Комиссия келесі мерзімге қайта сайлану құқығы бар, бірақ қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайтын, 3 жылдық мерзімге тағайындалатын төрағадан, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерінен құралады (кемінде 9 адам).



13. Комиссияның құрамына зерттеушілер мен тапсырыс берушіге тікелей тәуекелдігі жоқ адамдар кіреді. Комиссияға әртүрлі зерттеулердің ғылыми, медициналық, этикалық, құқықтық және мәдени-діни аспектілерін сараптамалық бағалау бойынша тиісті біліктілігі және жұмыс өтілі бар тұлғалар мүше бола алады.

14. Комиссия кеңес беру және мамандандырылған сараптама жүргізу үшін Комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша:

1) заңнама және медициналық құқық мәселелері жөніндегі;

2) биоэтика саласында білім беру мәселелері жөніндегі;

3) медициналық этика мәселелері жөніндегі кіші комитеттер құруға құқылы.

Комиссия мүшелері, сондай-ақ шақырылған сарапшылар комитет мүшелері болып табылады. Комиссия мүшелері ғана осы комитеттердің төрағалары бола алады. Сандық және дербес құрамын, сондай-ақ Комиссия кезінде комитеттер мүшелерінің өкілеттік мерзімін Комиссия анықтайды.

15. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін Жұмыс органының базасында саны 3 адамға дейін болатын денсаулық сақтаудағы саласында этиканы дамыту бөлімі құрылады. Тікелей Комиссия төрағасына есеп беретін хатшы күн тәртібін дайындауға, отырыс хаттамаларын ресімдеуге, іс жүргізуге, Комиссия мұрағатын жүргізуге жауапты болып табылады.

16. Комиссия мүшелері сараптама жүргізу және жүктелген функцияларды орындау кезінде этика нормаларын сақтауына жеке жауапты болады.

17. Жұмысшы орган Комиссия қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет