Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата11.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#49332
1   2   3   4   5
Оқулық авторы, Этика саласының маманы, Калифорния 
штатының Университеті Философия профессоры Эндрю 
Фиала.
Мәселен, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған 
кітапта: Этика және этикалық ой-пайымдау, Дін және 
жаһандық этика, Этикалық релятивизм, Эгоизм, альтруизм 
және қоғамдық келісім-шарт, Утилитаризм, Деонтологиялық 
этика, Табиғи заң және адам құқықтары, Ізгілік этикасы, 
Феминистік ұстаным мен Қамқорлық этикасы сияқты 
этика салаларымен қатар, қазіргі қоғамда өзекті болып 
отырған Эвтаназия, Түсік жасату, Сексуалды мораль, 
Тең құқықтылық пен дискриминация, Жазалау және өлім 
жазасы, Қоршаған орта этикасы мен Жануарлар этикасы, 


3
Кітап:
Дәріс:
Дәріс атворы:
Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері
Кіріспе 
Ақмарал Байдлаева
Мәселен, саясаттағы кәсіби этиканы айтатын болсақ, мемлекеттік қызметтегі этика туралы мәселе 
мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты. Бұл адамдар қоғамдағы ізгілікті өмірге қажетті 
адалдық пен басқа принциптер сияқты моральдық құндылықтарды таныта біліп, этикалық стандарттарға 
сай әрекет етуі тиіс.
Адамдар мемлекеттік қызметке тағайындалғанда, қоғам оларға сенім артып, этикалық 
стандарттарды орындайды деп үміттенеді. Яғни, бұл адамлар сенімді ақтап, белгілі бір құндылықтарға, 
принциптерге, қағидалар мен ережелерге, асқақ мұраттарға арқа сүйене келе, өз міндетін атқаруы қажет. 
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкер әлеуметтік теңдікке, жұмыс орындарының құрылуына, азаматтық 
сезімді дамытып, демократияны нығайтуға күш салуы тиіс. Осы мақсаттарды көздей отырып, ол ел мен 
қоғамға әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларда пайда әкелетін саясатты жүзеге асыруға даяр 
болуы керек.
Сол сияқты кәсіпкерлік этикаға келсек, оның да, кез-келген басқа кәсіби қызмет сияқты, өзіндік 
құқықтық, моральдық және этикалық нормалары мен мінез-құлық ережелері бар, ал оларды сақтамау 
теріс нәтижелерге бастауы мүмкін.
Медициналық деонтология немесе медициналық этика – медицинадағы этиканы, медициналық 
қызметкерлердің ережелері мен нормаларын, олардың әріптестермен және емделушілермен арадағы 
өзара қатынастарын зерттейді. Мұндағы деонтология сөзі – басқа адамдар мен қоғамның алдындағы 
адамгершілік борышты білдіретін ұғым.
Сонымен қатар, біздің қоғамда этикаға қатысты жиі айтылатын салалардың бірі – құқыққорғаушылық 
немесе заңгерлік этика. Этиканың бұл саласы құқыққорғау саласында қызмет ететін адамдардың 
адамгершілік, этикалық және моральдық мінез-құлқына қойылатын талаптарды қарастырады. 
Құқыққорғаушылық этиканың негізгі элементтері ретінде: шыншылдық, адалдық, қоғамның игілігі үшін 
құқықтық нормаларды ұстанудың міндеттілігін ұғыну сияқты қасиеттерді атауға болады.
Құқық қорғаушының кәсіби этикасы – заңгердің лайықты іс-әрекеттері туралы бірқатар этикалық 
ережелер, нұсқамалар, кодекстер, ілімдер және теориялардың, сондай-ақ, қоғам алдындағы міндеттері мен 
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасқан бір міндетті қатарын қамтиды.
Сонымен, этика дегеніміз – мораль мен ізгілікті зерттейтін философиялық пән, ол 20 ғасырдан астам 
уақыттан бері бар. Ежелгі грек философы Аристотель – этиканың атасы, негізін қалаушы саналады. Ол 
«этикалық» деген сөзді адамдардың ізгі қасиеттерін сипаттау үшін қолданып, «этика» терминін ізгілік, 
мораль және адамгершілікті зерделейтін ғылымның атауы ретінде ұсынды.
Әйелдерге түсік жасатуға жол беру керек пе? Марихуана сияқты есірткілерді заңдастыру қажет пе? 
Лаңкестерден ақпарат алу үшін оларды азаптасақ бола ма? Жануарларды азық етіп немесе оларды 
медициналық эксперименттерде пайдалансақ бола ма? Бұл этикалық сұрақтардың азғана бір бөлігі. 
Әлбетте, мұндай сұрақтар ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі туралы пікірлерде келіспеушілік тудырады. 
Бір қарағанда бұл сұрақтардың жауабы өте оңай, тіпті ойлануға да тұрмайтын, жауабын шорт кесе салатын 
сұрақ сияқты болып көрінеді. Бірақ, егер бұл соншалықты оңай болса, бұл мәселелер неге шешілмей 
келеді? Біз қоғамда өмір сүргендіктен, барлық адамдардың бәрінің ойы бірдей, бір жерден шыға бермейді. 
Әркімнің өз уәжі, өз пікірі бар. Этика пәнінің күрделілігі де осында. 
Бұл секілді сұрақтарға байланысты пікірталастар көбіне қисынсыз тіл тигізуге, жер тепкілеуге, эмоциялық 
айғай-шуға және басқа да күмәнді дәйектерді уәждемелеуге ұласып жатады. Этиканы философиялық 
зерттеу біздің тәжірибелік мәселелер туралы пікірлерімізге орынды қолдауды қамтамасыз ететін салмақты 
Этиканың негізгі проблемаларын атайтын болсақ, бұл: 
1. Адамның өмірінің мәні мен оның мақсат-міндеті
2. Жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен жаман қасиеттердің 
өлшемдері
3. Адамның борышы мен оның адам бойындағы бақытты қалау 
ойымен үйлесуі
4. Ерік еркіндігі мәселелері.
Ендігі жерде біз жалпы этиканы не үшін оқу қажет деген сұраққа 
жауап беріп көрелік. Құндылық мәселелеріне келгенде біздің ойымыз 
жиі бір жерден шықпай жататыны анық. Қазіргі қоғамға көз салсақ, біз 
алуан түрлі, кейде өте өткір, өзекті мәселелерге тап болып жатамыз. 
Мысалы: Бір жынысты неке заңды болуы тиіс пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет