Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата11.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#49332
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЭТИКА

Этика дегеніміз не?
Сіздерге ұсынылғалы отырған оқулықтың авторлары, этика бойынша дәрістің алғашқы күні 
студенттерден «Этика дегеніміз не?» деген сұраққа қысқаша жауап жазуды өтінетінін айтады.
Сіз қалай жауап берер едіңіз? Көп жылдан бері бұл мәселе бойынша студенттердің пікірлерінің арасында 
айтарлықтай айырмашылық байқалып келді. Кейбіреулер этика дегеніміз – өте жеке дүние, әр адамның 
ішкі ойының мәселесі деген пікірді алға тартады. Басқалардың сөзіне сенсек, біздің құндылықтарымыз 
отбасылық тәрбиеден туындайды. Енді бір студенттердің пікірінше, этика дегеніміз – өз қоғамының 
немесе соның ішіндегі медициналық немесе заңгерлік ұйымдар сияқты белгілі бір топтардың әлеуметтік 
принциптерінің, ережелерінің жиынтығы. Кейбіреулер көптеген адамдар өздерінің этикалық нанымдарын 
өз дінінен сусындатады деп жазады.


5
Кітап:
Дәріс:
Дәріс атворы:
Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері
Кіріспе 
Ақмарал Байдлаева
Осы студенттердің берген түсініктемелерінен мынадай бір ортақ қорытынды жасауға болады: Біз 
этикаға жекелей бір тұлғаларға немесе топтарға тиесілі құндылықтар немесе принциптердің жиынтығы 
ретінде қарауға бейімбіз. Менде өз этикам бар, сізде – өзіңіздікі; топтар – мысалы кәсіби ұйымдар 
мен қауымдастықтар – ортақ бір құндылықтар жиынтықтарын көксейді. Біз адамдар жоғары қоятын 
құндылықтардың түрлі жиынтықтарын зерттей аламыз. Бұл зерттеу тарихи және әлеуметтанушылық 
тұрғыда жасалуы мүмкін. Немесе біз адамдар өз құндылықтарын қалай қалыптастыратынын анықтауға 
психологиялық қызығушылық таныта аламыз. Алайда, философиялық этика – қандай да бір нақты 
құндылықтардың немесе сенімдердің жиынтығы кез-келген басқасынан жақсырақ па деген сауалды 
көтеретін сыни ізденушілік әрекет. Біз өзіміздің беретін бағамызға дәлелдеме келтіре отырып, құндылықтар 
мен сенімдердің жиынтықтарын салыстырып, оларды салыстырамыз. Біз «Бір этикалық жиынтықты 
басқасынан артық көрудің сенімді себептері бар ма?» деген сияқты сұрақтарды ортаға саламыз. Бұл 
мәтінде біз этиканы сыни немесе бағалау көзқарасы тұрғысынан қарастырамыз. Бұл зерттеу сізге өзіңіздің 
жеке құндылықтарыңызды және басқа адамдардың құндылықтарын жақсырақ түсінуге жәрдемдеседі.
Этика - философияның бір тармағы. Сондай-ақ, ол моральдық философия деп аталады. Жалпы, 
философия дегеніміз – біздің адам өмірінің негізгі салалары немесе мәні туралы және тәжірибенің жан-
жақты және маңызды қырлары туралы негізгі сауалдарды көтеріп, оларға жауап беруге талпынысымыздың 
аясын қамтитын пән немесе зерттеу. Платон мен Кант сияқты кейбір философтар өздерінің көптеген 
салалардағы философиялық көзқарастарын байланыстыра отырып, мұны жүйелі түрде орындауға 
ұмтылды. Альфред Норт Уайтхедтың айтуынша, «Философия дегеніміз – біздің тәжірибеміздің әрбір 
элементін оның терминдерімен түсіндіруге болатын жалпылама идеялардың біртұтас, қисынды, қажетті 
жүйесін құру талпынысы».
Кейбір философтар біздің осындай проблемаларды шеше білу қабілетімізге оптимизммен қарайды, 
ал басқаларының көзқарасы біршама скептикалық сипатта, себебі олар біздің осы мәселелерді қалай 
талдайтынымызға, қабылдайтын шешімдерімізге үнемі біздің өмір сүретін ортамыз, мәдениетіміз және 
үйреншікті ойлау мәнеріміз ықпал етіп отырады деп ойлайды. Алайда, олардың көбісі бұл проблемалар 
назар аудару мен көңіл бөлуге лайық деген пікірмен келіседі.
Біз көптеген мәселелер бойынша философиялық сұрақтар қоя аламыз. Эстетиканы философиялық 
зерделеу барысында философтар өнер мен сұлулық объектілері туралы іргелі немесе негіз қалаушы 
сауалдарды көтереді: қандай заттар өнер болып саналады немесе саналуы тиіс (мысалы, белгілі бір ретпен 
орналастырылған тастар)? Бірдеңені эстетикалық қызығушылықтың нысанына айналдыратын нәрсе – 
оның басқа амалмен сипатталуы мүмкін емес эмоциялық мәнерлілігі, өзіндік бір формалық болмысы
ақиқатты ашып көрсету қабілеті ме? Ғылым философиясында философтар ғылыми білім бізге ақиқаттың 
шынайы бейнесін жеткізе ме, ғылымда ілгерілеу бар ма және ғылыми әдіс шындықты көрсете ала ма деген 
сауалдарды көтереді. Құқық философтары заңның өзінің болмысын, оның беделінің қайнар көзін, құқықтық 
түсіндірменің табиғаты мен заңды жауапкершіліктің негіздерін ұғынуға ұмтылады. Эпистемология деп 
аталатын білім философиясында біз өзіміз бен біздің әлеміміз туралы не біле аламыз және бірдеңеге сену 
ғана емес, оны білу деген не деген сауалға жауап беруге талпынамыз. Әр салада философтар нақты бір 
пәнге байланысты негізгі сауалдарды ортаға салады. Бұл мораль философиясына да қатысты.
Этика, немесе мораль философиясы, жақсы өмір туралы негізгі сұрақтарды көтереді, яғни ненің 
жақсырақ және нашарлау, объективті түрде дұрыс және бұрыс екенін, әрі бұл шынайы болса, біз оны 
қалай біле аламыз деген мәселелерді нысанаға алады.
Этика мақсаттарының бірі – ненің жақсы немесе жаман, ненің жақсырақ немесе жамандау екенін шешіп 
алуымызға көмектесу. Әдетте, бұл нормативті этика деп аталады. Нормативті этика ненің жақсы, дұрыс 
Кейбір қазіргі заманғы философтар жалпы идеялар жүйесін 
құру мақсатынан бас тартып, оның орнына мәселелерді жекелеп, 
әр жолы нақты бір проблемаға назар аудара отырып, жұмыс 
жасауымыз қажет деп сендіреді. Мысалы, кейбір философтар 
«білу» сөзінің мәнін талдаса, басқалары өтірік айту моралімен 
айналысады.
Британдық логик, математик, философ 
Альфред Норт Уайтхед (1861-1947 жж.)


Кітап:
Дәріс:
Дәріс атворы:
Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері
Кіріспе 
Ақмарал Байдлаева
6
немесе әділетті екендігі туралы тезисті алға тартады. Нормативті этиканы метаэтикадан ажыратып алуға 
болады. Метаэтикалық зерттеу этикалық терминдер мен пайымдаулардың мәнін қоса алғанда, этиканың 
табиғаты туралы сұрақтарды талқыға салады. Философиялық этика мен дін арасындағы қатынас туралы 
сұрақтар – 2-ші тарауда ортаға салатынымыздай – метаэтикалық сипатқа ие. Этикалық релятивизм 
туралы теориялық сауалдар да – 3-ші тарауда айтылатындай – метаэтикалық сипатқа ие. І Бөлімдегі басқа 
тараулар этикалық теория ретінде біршама дұрыс көрсетілген. Бұл тарауларда нақты нормативті теориялар 
мазмұндалады; оларда ненің жақсылық немесе зұлымдық, әділдік немесе әділетсіздік екендігі туралы 
баяндалады.
1930-шы жылдардың ортасынан бастап, кейінгі кезге дейін метаэтика ағылшын тілді университеттерде 
басымдыққа ие болып келді. Метаэтикада біз жиі этикалық тілдің мәнін талдаймыз. Өлім жазасын мораль 
тұрғысынан ақтауға бола ма деп сұраудың орнына біз «бірдеңені мораль жағынан орынды» немесе «жақсы» 
немесе «дұрыс» деп атағанда біз нені меңзедік деп сұраймыз. Біз этикалық тілді, этикалық терминдерді 
және этикалық пайымдарды талдап, олардың не білдіретінін анықтауға тырысамыз. Сонымен қатар біз 
өзіміздің берген анықтамамыздан едәуір басқа деңгейде әрекет етеміз. Осы себепті біз этиканың осындай 
өзгеше түрін метаэтика деп атаймыз – мұндағы «мета» деген қосымша «тыс» дегенді білдіреді. Біздің 
алғашқы дәрістерімізде ортаға салынатын мәселелердің көбі метаэтикалық сипатта – мысалы, «жақсы» 
ұғымының түрлі мағыналары. Өздеріңіз көретіндей, мұндай ой-пікірлерден көптеген сабақ алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет