Етіс жұрнақтары сөз тудыра ма?


болуын арнайы көрсетпегеннің өзінде (өлең, шығарма) т.б



бет4/6
Дата16.06.2023
өлшемі28,85 Kb.
#101799
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Етіс

болуын арнайы көрсетпегеннің өзінде (өлең, шығарма) т.б. жалпы жазу қимылы іс-əрекеттің өзгермегенін көрсетеді. Ал егер етістің формаларын сөзжасам қосымшасы деп алсақ, оны өзгертіп жіберер еді» деп қорытады /5.175/. Шындығында да етіс сөзжасам қосымшасы болса, сөз түбірімен жаңа мағынаға өтуі керек еді. Профессор С.М. Исаев көрсеткендей, «Бұл сияқты етістік түбірге етіс қосымшалары жалғанғаннан кейін пайда болатын мағыналар мен синтаксистік қатынастар, негізінен алғанда, етістік түбірінің жалпы грамматикалық мағынасын өзгертпейді, тек сабақтылық-салттық мəнін ғана өзгертуі мүмкін»/5.176/.
С.М. Исаев етіс жұрнақтарының семантикалық сипаты жағынан сөзжасам қосымшаларына жақындығын жоққа шығармайды. Мысалы, таң асыру, қызды айттыру, бір көрген біліс, екі көрген таныс, үйге кіріп жылынды, үйді жылытты, рұқсат беруді өтінді, бұған екеуі де келісті, екі дайға келгенде ол маған болысады, оқуға берілді, аурудан жазылды, олар бəрібір табысады, т.б. қолданыстағы етістіктер етіс қосымшалары арқылы жасалған жаңа мағыналы сөздер болып табылады. ... Сондай-ақ қазіргі кезде түбір мен қосымшаға ажырамайтын, өлі түбір деп есептелетін, бірақ тарихи тұрғыдан бір кездегі өзгелік етіс пен өздік етіс қосымшалары деп танылатын, қазір əрқайсысы жеке-жеке сөз, лексема деп танылатын оян мен оят, үйрен мен үйрет, жұбан мен жұбат уан мен уат сияқты жеке-жеке параллель сөздердің тілімізден орын алуы етіс қосымшаларының сөзжасамдық сипатының белгісі болса керек. /5.174-175/. Бұл туралы А. Салқынбай: «Бұл сөздердің барлығы да еркін тіркесте тұрып-ақ жаңа мағынада жұмсалып тұрғанына назар аударсақ, етістердің туынды мағына жасап тұрғанын автор дəл анықтай алған деген қорытынды жасауға болады»,дейді /6.360/. Бірақ ғалымның олардың «жеке лексема болып, сөздік құрамнан бөлек орын алуы тек қана етіс қосымшаларының жалғану нəтижесі емес, одан да гөрі семантикалық процестің (сөзжасамның синтетикалық тəсілінен гөрі семантикалық тəсілінің) басым болуы» /5.176/ дегеніне назар аудармағаны байқалады.
Аталған мысалдарға назар аударып көрейік. Қызды айттыру тіркесінің əңгіме, жауап айттырудантаң асыру қимылының белден, таудан асыру құбылысынан əлдеқайда кең, ауыспалы мағынада қолданылып тұрғаны байқалады. Ал өп пен өтіну, кел мен келісу, бол мен болысу, жазу мен жазылу, табу мен табысу сөздерінің арасында мағыналық байланыс үзілген десе де болады. Сол себепті де соңғылары тілімізде жеке лексемалар болып қалыптасқан. Боса босан етістіктерінің дамуы да осы сатыдан өткен. Бұған сондай-ақ А. Салқынбайдың өзі талдаған келісу, көрісу етістіктерінің семантикалық дамуы да дəлел /6.360/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет