Етіс жұрнақтары сөз тудыра ма?


Демек, етіс туралы ғалымдардың пікірі екі түрлі: А.Ысқақов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева оны сөзжасамға жатқызса, Ы.Маманов, С



бет2/6
Дата16.06.2023
өлшемі28,85 Kb.
#101799
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Етіс

Демек, етіс туралы ғалымдардың пікірі екі түрлі: А.Ысқақов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева оны сөзжасамға жатқызса, Ы.Маманов, С. Исаев форма тудырушы модификациялық жұрнақ деп тану қажеттігін айтады. Аталған мəселеге қатысты жанжақты талдауды А. Салқынбайдың еңбектерінен кездестіреміз. «Етіс тұлғасы етістіктің лексикаграмматикалық категориясы ма, əлде сөзжасамдық мағына тудырушы жұрнағы ма деген сұраққа жауап беру үшін оның мағыналық құрылымы мен қызметін айқындау шарт» /6.358/, дей келе, біріншіден, етіс тұлғасы барлық етістіктерге түгелдей талғамай жалғана бермейтіндігін, екіншіден етіс жұрнақтарының салт етістіктен сабақты, сабақты етістіктен салт етістік жасауының өзі де оның жаңа сөз жасауға бейімділігін айқындайды, үшіншіден, етіс тұлғасының бірінің үстіне екіншісінің жалғана алу қабілетінің болуы оның сөзжасамдық қасиетін көрсетеді, төртіншіден, етістің сөзжасамдық мағынасы бір не бірнеше субьектінің (кейде нысанның да) қимыл-қозғалыспен қарым-қатынасын айқындайды. Мəселен, өздік етіс жұрнағының мағынасы ісəрекеттің іс істеушінің өзі арқылы ғана орындалатындығын білдіреді» /6.358/. дей келе, жаңа туынды атауға оның қосары да осы мағына екенін тара-таран, өт -өтін, кер –керіл мысалдарымен дəлелдейді.

  1. Сөзжасам қосымшасының сөзге талғап, таңдап жалғануы, яғни грамматикалық абстракция жасай алмау сипатына тоқталайық. Етіс тұлғалары барлық етістіктерге талғамай жалғана бермейтіні рас. Ырықсыз етіс пен өздік етіс сабақтыны салтқа айналдырса, өзгелік етіс салт етістікті сабақтыға айналдырады. Демек, бұл құбылыс бүкіл етістікке тəн категориялық сипатқа ие құбылыс (шырай тұлғаларының сапалық сын есімдерге жалғанатыны секілді). Яғни етіс тұлғалары объекті мен субъект арасындағы қатынасты білдіреді. Ол қатынас арнайы тұлғалар арқылы берілгенде, етістіктің салт-сабақтылығымен тікелей байланысты грамматикалық құбылыс екендігі көрінеді. Көптік жалғау зат есімнің грамматикалық көрсеткіші дегенмен, оның да барлық зат есімдерге жаппай жалғана бермейтіні белгілі. Сол сияқты, етіс жұрнақтары да салт-сабақты етістіктерді талғап-таңдап жалғануы заңды деуге болады. Дегенмен, етіс жұрнақтары кейбір сөзжасам жұрнақтары секілді бірлі-жарым сөздерге емес, етістіктің басым бөлігіне жалғанатыны белгілі. Зерттеушілердің көрсетуінше, қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде етіс тұлғалы етістіктер бүкіл етістіктің 33 пайызын құрайды екен /7.126/. Мұның өзі етіс қосымшасының сөзге қосылу мүмкіндігінің молдығын, оның белгілі бір етістік тобына түгелдей жалғанып, грамматикалық абстракция жасай алатындығын көрсетеді /8.27/.

  2. Етіс жұрнақтарының салт етістіктен сабақты, сабақты етістіктен салт етістік жасауы оның жаңа сөз жасауға бейімділігі ме, əлде грамматикалық абстракция жасауға бейімділігі ме деген сұрақ туындайды.

Бұл қасиетті етістің сөз жасауға бейімділігі дейтін болсақ, сөйлемдегі объекті мен субъекті арасындағы грамматикалық қатынастарды да сөзжасамдық тұрғыдан қарастыру керек болмай ма?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет