4) Сөздің аналитикалық формасы белгілі бір сөз табына жататын сөздердің басым көпшілігінен жасала береді.
Қазақ тіліндегі аналитикалық формалы сөздерді үш түрлі құрамда кездестіруге болады:
Қазақ тіліндегі аналитикалық формалы сөздерді үш түрлі құрамда кездестіруге болады:
1) Дербес сөз+қосымша+көмекші сөз (қара+п қал-ды, үй+ге қарай);
2) Дербес сөз+көмекші сөз (жүр еді);
3) Көмекші сөз+дербес сөз (өте жақсы).
Етістіктің аналитикалық формалары етістіктің аналитикалық форманттары арқылы ғана қалыптасады. Аналитикалық формант дегеніміз – қосымша мен көмекші сөзден тұратын белгілі бір сөз табының қандай да бір грамматикалық категориясына жататын грамматикалық мағынаға ие күрделі морфологиялық түрлендіруші тұлға. Етістіктің аналитикалық форманттары құрамына қарай кемінде екі морфемадан, немесе одан да көп морфемалардан құралуы мүмкін. Мысалы, Алақаныма қыса қойдым. Мен шықшыттан періп кеп жібердім.