Етістік. Етістіктің аналитикалық формалары. Етістіктің лексико-грамматикалық категориялары


Ортақ етіс – қимылды бірнеше субъект ортақтасып орындайтынын білдіретін етіс түрі



бет33/33
Дата06.01.2022
өлшемі158,43 Kb.
#12848
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Етістік

Ортақ етіс – қимылды бірнеше субъект ортақтасып орындайтынын білдіретін етіс түрі.

  • Ортақ етіс – қимылды бірнеше субъект ортақтасып орындайтынын білдіретін етіс түрі.
  • Етістің бұл түрінің бірнеше субъектісі бар өздік етістен семантикалық айырмашылығы мынада: өздік етісте қимылдың орындалуына бір субъект түрткі болып, келесі субъекті (агенс) оны орындайды, ал ортақ етісте қимылды бірнеше субъект бірге, тең дәрежеде жүзеге асырады. Мысалы, Олар хат жазысып тұрады.

    Ортақ етіс жұрнағы – салттылық-сабақтылық категориясына бейтарап қосымша. Ортақ етіспен тұлғаланған етістіктер салттан сабақтыға, сабақтыдан салтқа өзгермейді, негіз етістіктегі салттылық, не сабақтылық мағыналарын сақтап қалады. Мысалы, жинасты, сөйлесті, барысты, тұрысты, т.б..

    Ортақ етіс жұрнағының келесі бір ерекшелігі – қимылдың атауын білдіруге бейімдігі. Соның негізінде тілімізде айтыс, соғыс, жүріс, т.б. с.с. зат есімдер қалыптасқан.

Болымды-болымсыздық категориясы.

  • Болымды-болымсыздық категориясы етістіктің болымды және болымсыз мағыналарынан тұрады.
  • Қазақ тілінде болымды мағынаның көрсеткіші болатын грамматикалық тұлға жоқ, болымды мағына семантикалық тәсіл арқылы беріледі, яғни кез келген етістіктің негізі болымды мағынаны да білдіреді. Ал болымсыздық мағына етістіктің негізін түрлендіру арқылы алынады.

Болымсыздық мағына екі түрлі жолмен беріледі:

  • Болымсыздық мағына екі түрлі жолмен беріледі:
  • 1) Етістіктің негізіне түбір немесе туынды тұлғалы етістікке, күрделі етістіктерге (не оның етіс тұлғаларына, сондай-ақ аналитикалық формаларына) –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтарын қосу арқылы беріледі. Мысалы, келмеді, сартылдамады, қызмет қылмады, жүргізбеді, бармай қойды, бара қоймады, т.б.;

    2) Етістіктің есімше тұлғалы түрлеріне жоқ және емес (емен) көмекші сөздерінің бірі тіркесу арқылы беріледі. Мысалы, айтқан жоқ, айтқан емес, беретін емес, келер емес, тұрмақ емес, т.б..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет